«Бәсеке-нарықтық экономиканың негізгі элементі»
Орындаған:Орынбай Бибінұр
Жетекші:Сулейменова И.К.
Жоспары:
Кіріспе
1.Нарық және нарықтық экономика.
2.Бәсеке дегеніміз не?Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі.
2.1Бәсекені анықтайтын факторлар
3. «Бурное сүт компаниясы»
Қорытынды
Қазіргі экономикалық жағдайда нарықта бәсекеге қабілеттілік өте маңызды. Ішкі нарықта өз тауарларымыздың бәсекелесуі тауардың сапасын арттыруға, кәсіпкерлердің тұтынушыларға жақсы сатып алу жағдайын жасауға ынталандырады.
Қазақстан экономикасын жақсартудың өте сенімді жолдарының бірі өндіріс сапасын жақсарту. Нарықтық бәсеке кәсіпкерлердің өндіріс қабілеттілігін арттырып, одан ары сыртқы нарықта қалай жұмыс істеуге үйретеді. Нарықта бәсеке болса екі жақта ұтады, сатып алушылар сапасы жоғары тауар алады, ал өндірушілер бәсекелестік жағдайында шыңдалады.
Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Кіріспе
Нарықдегеніміз — тауарды (қызметті) сатып алу болмаса сату мақсатында сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас орнығатын кеңістік. Онда ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеті жеке тауар, жергілікті тауар, ұлттық тауар, аймақтық тауар және дүниежүзілік тауар деңгейінде зерттеледі.