Бәсекеге қабілеттілік мәселесі экономикалық ғылымдар арасында аз зерттелген салалардың бірі болып табылады



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі18,01 Kb.
#123160
1   2   3
Байланысты:
Экономиканы дамытудың кластерлік қағидасы

Елдің бәсекеге қабілеттілігі:

  • Елдің әлемдік нарықта бәсекелестеріне қарағанда көп материалдық құндылықтарды өндіру қабілеті.

  • Елдің еркін және әділ нарық жағдайында тауарлар мен қызметтерді өндіру қабілетінің деңгейі.

  • Алынған қаражаттарды өтеудің экономикалық қабілеті.

  • Елдің әлемдік нарық талаптарына жауап беретін тауарлар мен қызметтерді өндіру және ЖІӨ өсуінің тұрақты қарқынын, әлемдік деңгейде халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жылдамдықта мемлекеттік ресурстарды ұлғайту шарттарын құру қабілеті.



  • Елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар:

  • Экономикалық даму қарқыны, ұлттық валюта жағдайы сияқты көрсеткіштермен бағаланатын экономика динамизмі.

  • Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі.

  • Тауар сапасы деңгейінің, жан басына шаққандағы тұтынушылық шығындар көлемінің көрсеткіштері бойынша бағаланатын нарық динамизмі.

  • Коммерциялық банктер, бағалы қағаздар нарығы қызметімен бағаланатын елдің қаржылық жүйесінің жағдайы мен дамуы.

  • Халық саны мен өсу қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, еңбек ресурстарының біліктілік деңгейі негізінде анықталатын адами ресурстар.

  • Елдің салық салу деңгейін, ұлттық табысындағы мемлекеттік сектордың үлесін зерттеу негізінде экономикадағы мемлекеттік реттеудің әсер ету дәрежесімен анықталатын мемлекеттің рөлі.

  • Елдің әлеуметтік-саяси жағдайы – оны сипаттайтын көрсеткіштер: табыс және оны бөлу көлемі, өнеркәсіптегі еңбектік қатынастар және т.б.

Әрбір елдің бәсекеге қабілеттілік құрылымы бір-бірінен ерекшеленеді, өйткені бір мемлекет өзінің географиялық жағдайына, өнеркәсіп деңгейіне, ресурстардың көлемі мен қолжетімділігіне байланысты бір немесе бірнеше салаға маманданады және сол салаларда бәсекеге қабілетті болады. Бұл халықаралық еңбек бөлінісіне әкеледі.

Орташа деңгейінде Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі институттар, инфрақұрылым, жоғарғы білім мен кәсіби дайындық, тауарлар нарығының тиімділігі, технологиялық дайындығы мен нарық көлемі позициялары бойынша тұр.


Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілік деңгейіне негізгі техникалық қорлардың, әсіресе ауылшаруашылығындағы қорлардың, моральды және физикалық тозуы теріс әсер етіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасындағы негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың жасы 25 жылдан асады. Өндірістік қорлардың тозуы 70%-ға, яғни өндірістік қуаттың физикалық құлдырауы басталатын нормаға жетіп отыр. Жоғары деңгейлі технологияларды қолдану деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі дамыған елдерден 10 есеге артта қалуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет