Бәсекелестікке қабілет



Дата04.01.2023
өлшемі15,33 Kb.
#164986
Байланысты:
бәсекелестікке қабілет


Бәсекелестікке қабілет
Кәсіпорынды басқаруда бәсекелестік артықшылықтарды зерттеудің маңызы зор, себебі ұйымның дамуы сөзсіз нарықтағы басқа ұқсас өнім өндірушілер мен тасымалдаушылардың бәсекесі және қақтығысымен байланысты. Бірақ, зерттеушілер бәсекелестік, бәсекеге қабілеттілік және бәсекелік артықшылық ұғымдарын жиі шатастырады. 
Латынның «concure» сөзінен мақсатқа жүгіру деп аударылатын бәсекелестік ұғымы мақсатқа жетудегі адамдар арасындағы бақталастық дегенді білдіреді. Сонымен қатар бәсекелестіктің басты құралы болып сұранысты қалыптастыру мен өткізуді ынталандыру болып табылады. 
Бәсекелестік – нарық жағдайында қызмет ете алатын қаржылық тұрақты кәсіпорындарды іріктеу негізінде нарықты экономиканы табиғи реттеу механизмі. Бұдан басқа, бәсекелестік біртекті өнім шығаратын жеке шаруашылық субъектілерінің тұрақты жұмыс жасау және жоғары табыс табу мақсатында өткізу нарығы үшін экономикалық күресінің ресмиленген түрі болып табылады. 
А. Смит өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себебі туралы зерттеу» еңбегінде бәсекелестікті ұсыныс қысқарғанда бағаларды көтеретін, керісінше, ұсыныс артқанда бағаларды төмендететін қақтығыс деп анықтаған. Содан кейін А. Смиттің бәсекелестік теориясының дамуына Д. Риккардо, Дж. Кейнс, Ф. Котлер, Фр. Хайек, М. Портер, сонымен қатар Г. Азоев, П. Завьялов, И. Герчикова, Е. Горбашко, М. Кныш, И. Липсиц, Ю. Рубин, Р. Фатхутдинов, А. Юданов сияқты зерттеушілер елеулі үлес қосқан.
Бәсекелестік жайлы ғалымдар ойлары түр түрлі:
Г. Азоев бәсекелестік «бір мақсатқа жетуге мүдделі дара заңды және жеке тұлғалар арасында қандай да бір майдандағы қақтығыс» деп есептейді. 
А. Юданов нарықтық бәсекелестік тұтынушылардың төлеуге қабілетті сұранысының шектеулі көлемі үшін фирмалардың нарықтың ашық сегменттерінде жүргізетін күресі деп тұжырымдайды.
Осылайша барлық келтірілген бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамаларында тауарларды өзара салыстыру факторы негізгі фактор болып табылады. Сәйкесінше, сатып алушының алдарында бірдей тұтынушылық қасиеттері бар тауарларды салыстыра отырып тауардың бәсекеге қабілеттілік бағасын, яғни тауардың өз бәсекелестерінен артықшылығын және оның иесіне қажетті имидж жасайтын сипатының, қасиетінің бағасын шығаруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет