Бестөбе орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Абдраймова Гулзат Айтуғанқызы Сабақтың мақсаты


-қыз. Қасындағы Ербол ғой. 3-қыз



бет7/7
Дата12.09.2020
өлшемі23,17 Kb.
#78295
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ

2-қыз. Қасындағы Ербол ғой.

3-қыз. Абай, Ербол, келіңдер. Төрлетіңдер. Қош  келдіңдер!

Абай. Ойын- сауықтарың қызық болсын!

Ербол. Ән-күйлерің қанатты болсын!

Топ. Бірге болсын! Айтқаның келсін!

4-қыз. Ортамызға Абай келіп қалған екен. Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?!

Топ. Ал кім сөзге ұста, кәне, бастап жіберейік.

5-қыз. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

Ербол. Сүйіндік ауылының жастары, тыңдаңыздар! Абай сендерге жаңа әнін сый қылып тартады. Қабыл алыңдар!

Ән шырқалады «Көзімнің қарасы».



Топ. Неткен тамаша ән. Терең, сырлы. Рахмет, Абай.

Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.

Өзгеге көңілім тоярсың,


Өлеңді қайтып қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.

«Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалады.

Аңшы жігіт (ентелеп келіп): Уа, Абай ақынның құрбы- құрдастары, амансыңдар ма!

Топ. Армысың, бейтаныс жіт!

Ербол. Ассаламаумағалейкум, жас жігіт!

Абай. Жолың болсын, жігітім!

Қыздар. Орта толсын!

Аңшы. Аң аулап жүріп, алыстан Абай әнінің сазды әуенін құлағым шалып, ат басын бұрдым. Ақын Абай қарсы болмас, осы ауылдың қыздарының әнін, өлеңін тыңдағалы келдім.

6- қыз. «Құлақтан кіріп бойды алар».

Аңшы жігіт. Бәрекелді, ризамын өлеңіңе Таңшолпан!



7-қыз. «Ғылым таппай мақтанба»

Топ. Ой, бәрекелді!

Абай. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Бастаушы. Міне, сіздер Абайдың бозбала шағынан бір көрінсті тамашаладыңыздар.

12-оқушы. Абай 1904 жылы дүниеден өтті. Абай өмірден озса да артына көп мұра қалдырды. Өлең- жырлары, қарасөздері мәнді де мағыналы болды.

13-оқушы. Жазушы Төлен Әбдіков. «Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз. М. Әуезов Абайды әлемге таныту арқылы әлемге қазақты танытты»,- деді. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясымен қысқаша әңгімелер арқылы танысып келе жатырмыз. Енді осы әңгімелерді еске түсірсек. «Бала Абай».

Ойды түйіндеу

Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.



Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
         Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет