Әдебиет
І нұсқа
1. 1. Беташардың қандай жыр екендігін көрсетіңіз.
A) Тойдағы көңіл көтеру жыры.
B) Жас келіншекті елмен таныстырып, тәрбие беру жыры.
C) Қыздың басына сәукеле кигізу жыры.
D) Қызды ұзату кезінде айтылатын өлең
E) Той бастар жыры.
2. «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта» әңгімелерінің авторын табыңыз.
A) Сәбит Дөнентаев. B) Спандияр Көбеев. C) Ыбырай Алтынсарин.
D) Сұлтанмахмұт Торайғыров. E) Абай Құнанбаев.
3. Абайдың поэмасын анықтаңыз.
A) «Масғұт». B) «Сұлушаш». C) «Құлагер». D) «Батыр Баян». E) «Көкшетау».
4. Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған. Үзіндідегі асты сызылған сөздердің көркемдегіш құралдың қай түріне жататынын анықтаңыз.
A) Метафора. B) Теңеу. C) Эпитет. D) Метонимия. E) Синекдоха.
5. . Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.
A) Қайтадан жаңа өмір бастау үшін. B) Туысқандарына жолығу үшін.
C) Туған жерге жетіп өлу үшін. D) Ашаршылықтан құтылу үшін.
E) Жаулардан құтылу үшін.
6. ХV-XVIII ғғ. жырауларды белгілеңіз.
A) Асан Қайғы. B) Тоныкөк. C) Мұрат. D) Білге. E) Шортанбай.
7. Абайдың табиғат тақырыбына жазған тұңғыш өлеңін табыңыз.
A) “Қыс”. B) “Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай”. C) “Жазғытұрым”.
D) “Жаз”. E) “Күз”.
8. Туған жер, Отан тақырыбына жазылған мақалды табыңыз.
A) Отан оттан да ыстық. B) Өжет адам өлімді жеңеді. C) Еңбегі аздың өнбегі аз.
D) Ырыс алды - ынтымақ. E) Бейнетсіз рахат жоқ.
9. Махамбет Өтемісұлының туған жерін табыңыз.
A) Атырау облысы B) Батыс Қазақстан облысы C) Алматы облысы
D) Қызылорда облысы E) Ақмола облысы
10. «Қараш-Қараш оқиғасы» атты туындының авторын табыңыз.
A) Б.Майлин. B) Ғ.Мүсірепов C) С.Мұқанов. D) М.Әуезов. E) Ғ.Мұстафин
11. ’’Қорқыт ата’’ кітабында неше жыр бар екенін анықтаңыз.
A) 16 жыр. B) 18 жыр. C) 7 жыр. D) 12 жыр. E) 10 жыр.
12. "Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады".
Қай жыраудың мұрасы екенін белгілеңіз.
A) Жанкісі. B) Бұқар жырау. C) Шалкиіз. D) Жанақ. E) Асан қайғы.
13. Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес дәулет, кең пейіл,
Қайырымды дос берсін,- деген бата-тілектің түрін ажыратыңыз.
A) Жол батасы. B) Теріс бата. C) Наурыз батасы.
D) Ас қайыру батасы. E) Рамазан батасы.
14. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Адам жеңбес Айыртөс батыр". B) "Ұшқыш кілем". C) "Керқұла атты Кендебай".
D) "Аяз би". E) "Ер Төстік".
15. VІ-VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз.
A) «Күлтегін», «Тоныкөк». B) «Қисса-сул әнбия». C) «Қорқыт ата» кітабы.
D) «Мұхаббат-наме». E) «Жамиғат тауарих».
16. «Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы топты атаңыз.
A) Қарабай тобы. B) Базарбай тобы. C) Қалмақтар тобы. D) Қодар тобы. E) Сарыбай тобы.
17. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз.
A) Бұрынғыны аңсау. B) Ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау.
C) Ғашықтықты жырлау. D) Адамзат туралы ой-толғау. E) Өзін-өзі мадақтау.
18. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.
A) Баллада. B) Бейне өлең. C) Толғау, арнау жырлары. D) Ән өлең. E) Қара өлең.
19. "Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз.
A) Сәкен, Ілияс, Бейімбет. B) Сұлтанмахмұт, Міржақып, Мағжан.
C) Ыбырай, Абай, Шоқан. D) Қалижан, Ғафу, Мұқағали. E) Шортанбай, Дулат, Мұрат.
20. Шалкиіз:
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас-тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
…Жімле ғаламға күлкі етер, - деп қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз.
A) Ерлік, бірлік. B) Ел қорғау. C) Тыныштық. D) Сақтық. E) Достық, жолдастық.
ІІ нұсқа
1. Астарлы, ауыспалы мағынада қолданылған мақал-мәтелді табыңыз.
A) Өнер алды - қызыл тіл. B) Елін сүйген ер болар.
C) Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі.
D) Дұшпан күлдіріп, дос жылатып айтады. E) Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
2. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында анаға аққуларға оқ атқызған күштің не екенін табыңыз.
A) Есі ауысу. B) Соқыр сенім. C) Ерлік. D) Надандық. E) Аналық махаббат.
3. Қырымның қырық ханының ең үлкені–Ақша ханның еліне баратын батырды табыңыз.
A) Қамбар. B) Орақ. C) Алпамыс. D) Мамай. E) Ер Тарғын.
4. Абайдың ел ішінің ісіне неше жастан бастап араласқанын анықтаңыз.
A) 21 жастан. B) 17 жастан. C) 13 жастан. D) 15 жастан. E) 19 жастан.
5. Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған ұлы ғалымды атаңыз.
A) Аристотель. B) Эдиссон. C) Сократ. D) Дарвин. E) Платон.
6. "Өмір сүргім келеді" деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.
A) С. Сейфуллин. B) Б. Бұлқышев. C) А. Жұмағалиев.
D) Қ. Аманжолов. E) І. Жансүгіров.
7. «Диуани лұғат ат-түрік» кітабының авторын табыңыз.
A) Ж.Баласағұн. B) С.Сараи. C) А.Яссауи. D) Әл-Фараби. E) М.Қашқари.
8. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет. B) Жиренше. C) Жиембет. D) Қазтуған. E) Асан қайғы.
9. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’. B) ’’Құдатғу біліг’’.C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
D) ’’Мұхаббат-наме’’. E) Қорқыт ата.
10. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
A) Абылай хан. B) Жәңгір хан.C) Қасым хан. D) Тәуке хан. E) Есім хан.
11. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
D) Бір адамның ұзақ сөзі.
E) Табиғат көркін суреттеу.
12. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
A) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.
B) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының түйіні.
C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін ойы.
D) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.
E) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.
13. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.
A) «Түлкі мен бөдене». B) «Күн астындағы Күнікей қыз». C) «Қырық өтірік».
D) «Аяз би». E) «Толағай».
14.’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.
A) Жыраулық. B) Шешендік өнер. C) Күйшілік. D) Термелік. E) Айтыс
15. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
A) А.Яссауи. B) М.Қашқари. C) Қорқыт. D) С.Сараи. E) Ж.Баласағұн.
16. Сыпыра жырау қай жырда кездесетінін белгілеңіз.
A) «Алпамыс батыр». B) «Ер Тарғын». C) «Ер Мамай».
D)«Ер Қосай». E) «Қобыланды батыр».
17. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.
A) ’’Кодекс-Куманикус’’.
B) ’’Мұхаббат-наме’’.
C) ’’Оғыз-нама’’.
D) ’’Диуани хикмет’’.
E) ’’Құдатғу біліг’’.
18. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.
A) «Фантазия».
B) «Мен таулықпын».
C) «Анау – аспан, мынау – бақ».
D) «Поэзия».
E) «Қара өлең».
19. Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз.
A) «Кел, балалар, оқылық!»
B) «Өзен»
C) «Өнер-білім бар жұрттар»
D) «Интернатта оқып жүр»
E) «Шәкірт ойы»
20. Дулат Бабатайұлының өмір сүрген жылдарын табыңыз
A) 1857 – 1931 ж.ж.
B) 1846 – 1945 ж.ж.
C) 1802 – 1874 ж.ж.
D) 1803 – 1846 ж.ж.
E) 1818 – 1881 ж.ж.
ІІІ нұсқа
1. «Қорқыт ата кітабындағы» «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жырда» қандай тақырып сөз болатындығын анықтаңыз.
A) Дін туралы. B) Қара қойшының өмірі. C) Шөкілі ханның жорықтары.
D) Қазан бектің ерліктері. E) Түркі халықтарының анаға деген құрметі.
2. ’’Мұхаббат-наме’’ дастаны қай кезең әдебиетіне жататынын анықтаңыз.
A) Оғыз дәуіріндегі әдебиет. B) Ислам дәуіріндегі әдебиет.C) Түркі қағанаты дәуіріне.
D) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. E) Кеңес дәуіріндегі әдебиет.
3. Абайдың өнер-білім туралы өлеңін табыңыз:
A) “Қалың елім, қазағым”. B) “Өнер-білім бар жұрттар”. C) “Өзен”.
D) “Ғылым таппай мақтанба”. E) “Жазғытұрым”.
4. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
A) Жаңбыр жауса – жер ырысы. B) Ел үмітін ер ақтар. C) Айласыз батыр алдырар.
D) Ел – ырыстың кілті. E) Батыр елдің сәулеті.
5. Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.
A) «Толағай» B) «Арқалық аясында» C) «Тарланым»
D) «Жетісу суреттері» E) «Аягөз , қайда барасың?!»
6. Алтын, күміс тас болар.
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар, -деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
A) «Насихат». B) «Замана». C) «Алдаушы жалған».D) «Бала зары». E) «Зар заман».
7. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.
A) «Қыпшақ Сейітқұл». B) «Бай баласы мен кедей баласы» C) «Атымтай Жомарт».
D) «Әке мен бала» E) «Талаптың пайдасы».
8. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз.
A) Ақындар айтысы. B) Бәдік айтысы. C) Жануарлар мен адам айтысы.
D) Жұмбақ айтысы. E) Жар-жар айтысы.
9. Таза мінсіз асыл тас,
’’Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады’’
Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.
A) Ақтамберді. B) Доспамбет. C) Шалкиіз.D) Қазтуған.E) Асан қайғы.
10. Абай: “Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз.
A) Ақылбайға. B) Оспанға. C) Құнанбайға. D) Әбдірахманға. E) Мағауияға.
11."Әй, Махамбет жолдасым" деген өлеңді шығарған кім екенін анықтаңыз.
A) Исатай. B) Дулат. C) Ақтамберді. D) Махамбет. E) Ығылман.
12. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
A) «Сүйемін». B) «Елім-ай». C) «Ақжайлау мен Сандықтас».
D) «Тағдыр». E) «Жаздыгүні шілде болғанда».
13. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.
A) Жай қоя салған.
B) Айналасына наразылықтан.
C) Өз басында қайғысы бар адам.
D) Мұңды адам.
E) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.
14. Әділет, дәулет, ақыл мен қанағат жайлы кітап жазған ғұламаны табыңыз.
A) З.Бабыр. B) Ж.Баласағұн. C) А.Яссауи.
D) С.Сараи. E) М.Қашқари.
15. Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
A) Шалкиіз.
B) Бұқар.
C) Қазтуған.
D) Доспамбет.
E) Асан қайғы.
16. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.
A) “Жиырма деген жасыңыз”
B) “Мұнар күн”
C) “Асқар, асқар, асқар тау”
D) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”
E) “Күмбір, күмбір кісінетіп”
17. «Ақ жүрген азбас» мақаланың тақырыбын белгілеңіз.
A) Отан, туған жер, халық туралы
B) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы
C) Оқу, білім, өнер туралы
D) Адамгершілік, жақсы- жаман мінез туралы
E) Үнемшілдік жайында
18. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.
A) Доспамбет.
B) Ақтамберді.
C) Бұқар.
D) Қазтуған.
E) Шалкиіз.
19. Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына төмендегі мінездемелердің қайсысы сәйкес келетінін көрсетіңіз.
A) Қара басының қамын ойлаушы.
B) Тойымсыз, дүниеқоңыз.
C) Мақтаншақ, даңғой.
D) Даңққұмар, озбыр.
E) Қанішер, жауыз.
20. «Менің Дағыстаным» кітабының авторын көрсетіңіз.
A) Р.Ғамзатов.
B) П.Тычина.
C) Ш.Айтматов.
D) Б.Кербабаев.
E) С.Айни.
ІҮ нұсқа
1. 1. Беташардың қандай жыр екендігін көрсетіңіз.
A) Тойдағы көңіл көтеру жыры.
B) Жас келіншекті елмен таныстырып, тәрбие беру жыры.
C) Қыздың басына сәукеле кигізу жыры.
D) Қызды ұзату кезінде айтылатын өлең
E) Той бастар жыры.
2. «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта» әңгімелерінің авторын табыңыз.
A) Сәбит Дөнентаев. B) Спандияр Көбеев. C) Ыбырай Алтынсарин.
D) Сұлтанмахмұт Торайғыров. E) Абай Құнанбаев.
3. Абайдың поэмасын анықтаңыз.
A) «Масғұт». B) «Сұлушаш». C) «Құлагер». D) «Батыр Баян». E) «Көкшетау».
4. Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған. Үзіндідегі асты сызылған сөздердің көркемдегіш құралдың қай түріне жататынын анықтаңыз.
A) Метафора. B) Теңеу. C) Эпитет. D) Метонимия. E) Синекдоха.
5. ’’Қорқыт ата’’ кітабында неше жыр бар екенін анықтаңыз.
A) 16 жыр. B) 18 жыр. C) 7 жыр. D) 12 жыр. E) 10 жыр.
6. "Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады".
Қай жыраудың мұрасы екенін белгілеңіз.
A) Жанкісі. B) Бұқар жырау. C) Шалкиіз. D) Жанақ. E) Асан қайғы.
7. Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес дәулет, кең пейіл,
Қайырымды дос берсін,- деген бата-тілектің түрін ажыратыңыз.
A) Жол батасы. B) Теріс бата.C) Наурыз батасы.D) Ас қайыру батасы. E) Рамазан батасы.
8. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Адам жеңбес Айыртөс батыр". B) "Ұшқыш кілем". C) "Керқұла атты Кендебай".
D) "Аяз би". E) "Ер Төстік".
9. VІ-VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз.
A) «Күлтегін», «Тоныкөк». B) «Қисса-сул әнбия». C) «Қорқыт ата» кітабы.
D) «Мұхаббат-наме». E) «Жамиғат тауарих».
10. «Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы топты атаңыз.
A) Қарабай тобы. B) Базарбай тобы. C) Қалмақтар тобы.
D) Қодар тобы. E) Сарыбай тобы.
11. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз.
A) Бұрынғыны аңсау. B) Ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау.
C) Ғашықтықты жырлау. D) Адамзат туралы ой-толғау. E) Өзін-өзі мадақтау.
12. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.
A) Баллада. B) Бейне өлең. C) Толғау, арнау жырлары.
D) Ән өлең. E) Қара өлең.
13. "Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз.
A) Сәкен, Ілияс, Бейімбет.
B) Сұлтанмахмұт, Міржақып, Мағжан.
C) Ыбырай, Абай, Шоқан.
D) Қалижан, Ғафу, Мұқағали.
E) Шортанбай, Дулат, Мұрат.
14. Абайдың ел ішінің ісіне неше жастан бастап араласқанын анықтаңыз.
A) 21 жастан.
B) 17 жастан.
C) 13 жастан.
D) 15 жастан.
E) 19 жастан.
15. Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған ұлы ғалымды атаңыз.
A) Аристотель.
B) Эдиссон.
C) Сократ.
D) Дарвин.
E) Платон.
16. "Өмір сүргім келеді" деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.
A) С. Сейфуллин.
B) Б. Бұлқышев.
C) А. Жұмағалиев.
D) Қ. Аманжолов.
E) І. Жансүгіров.
17. «Диуани лұғат ат-түрік» кітабының авторын табыңыз.
A) Ж.Баласағұн.
B) С.Сараи.
C) А.Яссауи.
D) Әл-Фараби.
E) М.Қашқари.
18. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет.
B) Жиренше.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Асан қайғы.
19. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
A) Абылай хан.
B) Жәңгір хан.
C) Қасым хан.
D) Тәуке хан.
E) Есім хан.
20. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
D) Бір адамның ұзақ сөзі.
E) Табиғат көркін суреттеу
І нұсқа
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
В
|
С
|
А
|
В
|
С
|
А
|
Д
|
А
|
А
|
Д
|
Д
|
Е
|
Д
|
Е
|
А
|
В
|
В
|
С
|
Е
|
Е
|
ІІ нұсқа
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
С
|
Е
|
Е
|
С
|
А
|
В
|
Е
|
Е
|
С
|
Е
|
Д
|
В
|
В
|
Е
|
С
|
В
|
Д
|
Е
|
А
|
Е
|
ІІІ нұсқа
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
Е
|
Д
|
Д
|
А
|
Е
|
В
|
А
|
А
|
Е
|
Д
|
Д
|
С
|
Е
|
В
|
С
|
А
|
Д
|
С
|
В
|
А
|
ІҮ нұсқа
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
В
|
С
|
А
|
В
|
Д
|
Е
|
Д
|
Е
|
А
|
В
|
В
|
С
|
Е
|
С
|
А
|
В
|
Е
|
Е
|
Е
|
Д
|
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты
Қазақ тілі мұғалімдері: Касыбаева М.Б., Абаева |А.Т
Достарыңызбен бөлісу: |