Бәзілжан Мәдина Амангелдіқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және
әлем тілдері факультеті
«5В020500»-Қазақ филологиясы мамандығының
3-курс студенті; 301-топ
Тексерген: Жусанбаева Сәуле Бейсентайқызы
Ф.ғ.к., доцент
Тіл мәдениеті мен стилистиканы оқыту
Стилистика - тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы Ресейде әріден
басталғанмен, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-
жаңа көңіл бөліне бастады. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері арнайы
зерттеу нысаны бола алмай келді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен
оқу құралдарында және көркем шығарма тілі жайында жазылған
еңбектерде тіліміздің кейбір стильдік құбылыстары жайында жазылған
азын-аулақ пікірлерді кездестіруге болады. Орыс тіл білімінде стилистика
мәселелерінің зерттелуі ХХ ғасырдың 50-жылдардың ортасында қолға
алынып, функционалды стилистика деген ғылым саласы пайда болып, оны
тілдің
коммуникативтік,
эстетикалық
қызметімен,
қолданылу
мәселелерімен тығыз байланыста қарастыра бастады. Солардың ішінен
А.М.Пешковский, Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, Г.В.Винокур, А.Н.Гвоздев,
А.И.Ефимов, В.П.Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін атауға болады.
Көрнекті орыс ғалымы В.В.Винаградов стилистиканы «тілді зерттеудің
биік шыңы, ұлттық тіл мәдениетін арттырудың арттырудың теориялық
негізі» дейді. Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі - с т и л ь.Оны осы
күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль терминінің мазмұны кең,
оның жұмсалатын орны көп. Стиль - латынша stуlоs (қазақша - жазу
құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі "жазу мәнері" деген
мағынада қолданылатын болған. Оның осы мағынасы Европа
білімпаздарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде с
т и л ь - сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика - риторика
(шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп
сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Кейін,
ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде, кейбір елдерде стиль белгілі бір
әдеби жанрға тән тілдік құрал деген үғымда қолданылды. Бұл ұғым
Россияға да кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі
(жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық принципке негізделген. Сөйтіп,
лингвистикада "стиль" жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу
және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты
көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе
шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек XX ғасырдың бас
кездерінде ғана шешендік өнерінен бөліне бастайды. В.Г.Белинский былай
дейді: "Сөйлеу өнерінің, әсіресе жазу өнерінің, зерттеуді өте қажет
ететін өзінің техникалық жақтары бар". Белинскийдің пікірінше,
тіл өнерінің осы "техникалық жақтары", яғни тілдің қолдану тәсілдері мен
заңдылықтарын зерттеу мәселесі (риторика емес), стилистиканың үлесіне
тиеді. Бірақ стильдің жалпыға танылған белгілі анықтамасы әзірге жоқ.
Стиль терминінің алғашқы мағыналары қазір де жойылмағандықтан сол
ұғымдар негізінде стилистиканы тіл білімінің маңызды саласының бірі деп
тануға болады; стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың мәні зор.
Стилистика - ең алдымен с т и л ь туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір
тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің
қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу
үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте
әсіресе тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары кӛбірек
пайдаланылады. Мұндай синонимдердің түрі әр алуан: лексикалық
синонимдер мен фразеологиялық синонимдер, морфологиялық синонимдер
(варианттар) мен синтаксистік синонимдер.
2) Қазақ тілі стилистикасына жанама қатысы бар зерттеулер өткен
ғасырдың 30-40 жж. көріне бастады, негізінен, оларда аударма мәселесі
және көркем әдебиеттің тілі, стилі сөз болады. Мұндай саладағы
зерттеулер өткен ғасырдың соңғы жылдары кең өріс алды, әдеби тілдің
ерекшеліктеріне баса көңіл қоя бастады.
-Фольклордың тілі – Н.Адамбаева, Е.Жұбанов, Т.Қордабаев;
- Абай тілі - Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Р.Сыздықова;
М.Әуезовтің тілі – М.Балақаев, К.Аханов, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев;
- Ғ.Мүсіреповтің тілі – М.Серғалиев, Б.Шалабай т.б. ;
-Ә.Кекілбаев, М.Мағауин тілі – Р.Сыздықова және т.б. .
Ғылым Академиясының "Вопросы языкознания" журналы ұйымдастырған
екі жылдық дискуссия материалдарына байланысты қазақ тілі
стилистикасы да көптеген мәселелерді қарастыра бастады, сөйтіп
стилистикалық зерттеулер жарық көре бастады. Мұндай ізденістер
функционалды стилистика мен тіл құралдары стилистикасының
проблемларын зерттеуді мақсат етеді. Мәселен, кейбір еңбектер:
- қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тілінің (Б.Әбілқасымов),
- кеңес дәуіріндегі баспасөз тілінің (С.Исаев),
- қазақ ауызекі сөйлеу тілінің (Р.Әмір),
- қазіргі кездегі баспасөз тілінің (О.Бүркітов, А.Алдашева, Б.Момынова),
- көркем әд. тілінің (Р.сыздық, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев, Б.Шалабай,
Х.Кәрімов) ерекшеліктерін сөз етеді. Енді бір топ еңбектерде синтаксистік
конструкциялар, атап айтсақ, синтаксистік синонимдер (М.Серғалиев),
сөйлем
мүшелері
(Ш.Бектаева,
О.Күлкенова,
М.Шаяхметова)
стилистикалық зерттеуге арналды. Сол сияқты автор сөзі, төл сөз
құрылымындағы стильдік ерекшеліктер де сөз етілуде. Сөздердің лексика-
грамматикалық топтарының да, айталық, зат есімнің стильдік мүмкіндіктері
(Ф.Мұсабекова), проза тіліндегі етістіктің стилистикасы (Г.Әзімжанова),
есімдік сөздердің стилі (Р.Сағынбаева) т.б. ғалымдар біршама зерттеді.
Сонымен бірге стилистикасын оқытудың әдістемесі қарастырылып, ол
жайында еңбек жарық көрді (А.Жапбаров). Мұндай стилистикалық
еңбектердің
жарық
көруі,
дискуссия,
конференциялардың
ұйымдастырылуы (1968 ж. Ашхабадта «СССР халықтары әдеби тіліндегі
стильдік жүйенің дамуы», 1984 ж. Алматыда «Соңғы жылдардағы казақ
көркем шығармаларының тілі» т.б.) стилистиканың дербес ғылым саласы
болып әбден қалыптасуына себепші болды. Бұған қоса ЖОО филология
факультететтерінде
қазақ
тілі
стилистикасы
міндетті
пән
ретінде өтілетіндіктен тұрақты оқулық, бағдарламалар, әдістемелік
құралдар кӛптеп шығарыла бастады. Ғылым саласы ретінде қазіргі дамуы,
дәрежесі біршама көтерілді, бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда,
қазір тілді стильді-функционалды тұрғыдан зерттеуге баса көңіл бөлініп
келеді.
3) Стилистиканың зерттеу нысаны – лексика-фразеология, грамматика және
фонетика қарастыратын тілдік тұлға бірліктер. Бірақ тіл білімінің бұл
салалары тілдік единицалардың стильдік сапасын қарастырмайды.
Сөйлеуде (речь) сөз бен сөйлем құрылысының дұрыс және айқындығының
үстіне, дыбыс үйлесімділігі (благозвучие) болуы да шарт. Дыбыс
үйлесімділігі, біріншіден, біркелкі дыбыстардың бір жерге жиналуынан
сақтандырса, екіншіден, сөйлеудің мәнерлілігін арттырады. Сондықтан
дыбыс үйлесімділігі оқуға және тыңдаушының қабылдауына үлкен
жеңілдік туғызады. Мысалы дыбыстардың мәтін ішіндегі қайталануы
(ассонанс, аллитерация), интонация, екпін, оның түрлері – стилистикалық
ресурсқа ие фонетикалық құралдар. Бұл - фонетикалық тәсілдердің
практикалық мәні.
Лексикология және стилистика. Лексикология сөздердің шығу тегін, сөз
құрамын, көп мағынылылық, ауыспалы мағынылылық, синонимдік,
омонимдік, антонимдік қатарларда жұмсалуы, көнерген, тарихи сөздердің,
жаңа сөздердің әр түрлі мақсаттарда жұмсалуы - бұлардың бәрі лексикалық
стилистиканың мүмкіндіктерін көрсетеді. Сонымен бірге ол сөздердің
қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік
тұрғыдан дұрыс пайдаланылу принциптерін зерттейді.Грамматика және
стилистика. Стилистика грамматиканы да өзінің зерттеу нысаны ете алады.
Ол грамматикалық құбылыстарға стильдік талдау жасайды. Бірақ
грамматикалық талдау мен стильдік талдау тәсілдері бір емес. 1.
Морфология сөздердің тұлғалық көрінісін және грамматикалық мағынасын,
яғни сөздердің құрылысын, өзгерілуін және құрамын талдап топтастырады.
Стилистика ойды мәнерлі (выразительно) жеткізу үшін морфологиялық
формаларды (тұлғаларды) қандай жағдайда қалай қолдануға болатындығын
қарастырады. Яғни морфологиялық түлғадағы сөздердің, олардың
варианттарының (синонимдерінің) ішінен сөйлеу не жазу арқылы
жеткізілетін ойдың эмоциональды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын
сұрыптап қолдану принциптерінзерттейді. 2. Синтаксис сөйлемнің
құрылысын, сөздердің тіркесу заңдылықтарын қарастырады. Ал ойды
білдіретін сөйлемдердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай әр түрлі рендері
болады. Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен
сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі. Ойды мәнерлі жеткізуде
синтаксистік бұл тәсілдердің маңызы зор. Стилистика синтаксистік
құралдардың мәнерлілігін, оны дұрыс пайдалану зандылықтарын зерттейді.
Ғалымдардың пікірінше, синтаксистік стилистиканың мүмкіндігі
мол. Өйткені тілдік қарым-қатынас сөйлем, оның әр түрлі мақсаттық
түрлері, үлгілері негізінде жұмсалынатыны белгілі. Сондықтан сөйлемнің
құрылымдық түрлері, сөйлем мүшелерінің әр түрлі қолданысы, жай сөйлем,
құрмалас сөйлем түрлері – бұлар бай стилистикалық ресурстардың
қатарына жатады. Мұны зерттейтін стилистиканың саласы - тіл
құралдарының стилистикасы деп аталынады. Стилистика жалпы халық
тілінің стильдік жүйелерін, жалпы халықтық тілдің ауызекі және жазба
түрлері, олардың өздеріне тән ерекшеліктері, әдеби тілдің стильдерін тегіс
қамтиды. Сөйтіп стилистика тілдік единицалардың мәнерлегіштік
мүмкіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдің қай түрінде
қалай
қолданылатыны туралы
мәселелерді
қарастырады.
Қарым-
қатынастың әр түрлі саласында, пікір алысудың мақсат-міндеттеріне
сәйкес, ойдың мазмұнына лайық осы аталған тұлға бірліктерді таңдау мен
ұйымдастырудың жалпыға ортақ пртнциптері қалыптасады. Бұл жағдай
тілдік құралдардың қызмет ету процесінде әр түрлі функционалды
стильдердің жасалуын негіздейді. Белгілі бір салада, қарым-қатынастың
белгілі бір түрінде осы тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктеріне орай
фунционалды стиль түрлері ажыратыла бастайды. Бұл функционалды
стилистиканың міндеті болып саналады. Сөйтіп стилистиканың салаларына
мыналар жатады: 1. тіл құралдарының стилистикасы, 2. функционалды
стилистика, 3. көркем әдебиет стилистикасы. Көркем әдебиет
стилистикасының отандық ғылымда жеке сала болып қалыптасуы ғалым,
академик В.В.Виноградовтың есімімен тығыз байланысты.
4) Стилистика – тіл құралдарын (тұлға-бірліктер) талғап, орнымен дұрыс
жұмсауды үйрететіндіктен, тіл мәдениеті пәнімен тығыз байланысты
екендігі мәлім. Сондықтан қай тұрғыдан болса да сөз болатын тіл мәселесі
тілдік нормаға барып тіреледі. Әдеби тілде сөйлеуші адам ойын дұрыс
жеткізуді ғана емес, қалай айтып жеткізуді көздейді, тілдегі дұрыстықты
ұстауға тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі қатар мақсат көзделуі
қажет: ойды білдіру және оны мәдениетті түрде, яғни белгілі дұрыстық,
көркемдік нормаларын сақтап білдіру. Тілдің функционалды стильдерге
қарай ажыратылған нормалары стилистикалық нормалар болып табылады,
яғни сөз қолдану нормалары әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасады.
Әсіресе, функционалды стилистикаға байланысты сөз қолданудың
тұрақтылығы бар. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде қарапайым сөздер,
диалектизмдер, жаргондар, бөтен тілдік элементтер, «барғасын, кеп, боп»
т.б. тәрізді морфологиялық тұлғалардың мүмкін болса, жазба стильдерде
олар нормадан тыс деп есептелінеді. Тілдің стильдік айшықтаулары,
көркемдік құралдары көркем әдебиет стиліне тән, олар іс қағаздары мен
ғылыми стильдерде қолданылмайды. Бұдан шығатын қорытынды:
стилистикалық нормалар да тілде қалыптасады, олар әр стиль түрлеріне сай
келуі керек. Мәселен, өткен шақ есімшенің –тін, -тын және -тұғын болып
екі вариантта кездеседі. Мұның алдыңғысы қатаң норма, яғни фунционалды
стильдердің барлығында қолданылады, ал -тұғын варианты, негізінен
көркем әдебиет пен поэзия үшін норма. Жоғарыда айтылған ауызекі
сөйлеудің элементтері (қарапайым, диалект, дөрекі сөздер) әдеби тілдің
лексикалық нормасынан тыс тұрады. Бірақ көркем әдебиет тілінде, көбінесе
кейіпкер тілінде, шығарманың жанрлық сипатына қарай автордың өз
баяндауында да қолданылуы норма болып табылады. Соңғысы
стилистикалық нормалар ретінде танылады. Демек стилистика мен тіл
мәдениетінің арақатынасын айқындау маңызды мәселеге жатады.
Стилистиканың қарастыратын негізгі мәселелері жоғарыдағы айтылған
жайлар болса, тіл мәдениетінің арқауы – тілдік құрылымның
жарасымдылығы. Проф. Б.Н.Головиннің өте дұрыс атап көрсеткеніндей, тіл
мәдениетінің өзіне тән дәлдік, дұрыстық, тазалық, байлық, мәнерлегіштік,
қисындылық, әдептілік тәрізді сапалары болады, өзіндік категорияларға ие
Ал зерттеу хронологиясы жағынан стилистика мәселелерінің тіл мәдениеті
мәселелерінен әлдеқайда ерте қолға алынғаны белгілі. Айталық,
стилистиканың алғашқы элементтері ертедегі Греция мен Римнен, одан
кейін Еуропа мен елдерінен бастау алғаны тіл тарихынан мәлім, ал тіл
мәдениеті мәселелерінің қарастырылуы кейінгі жылдардың жемісі.
Қысқасы, өзіне тән категориялары мен белгілері бола тұра, тіл мәдениеті тіл
мәдениеті стилистикамен тығыз байланыста ғана дами алатын,
стилистиканың жетістіктерін пайдалану нәтижесінде өсетін ғылым ғылым
саласы болса керек. Тілдік құралдары орнымен, мақсатқа сай жұмсай білу
– тіл мәдениетін арттыратыны сөзсіз.
Әдебиеттер
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің
стилистикасы. А., 2006.
2. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқытудың методикасы. А., 1985.
3. Шалабай Б. Кӛркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
4. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2006.
5. Мұсабекова Ф. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері (методикалық
талдау) А., 1979.
6. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.
Достарыңызбен бөлісу: |