Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет63/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

 
 
14-тақырып. Тәуелсіз Қазақстан (1 сағат) 
1. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіз мемлекеттер 
достастығын құру (ТМД). 
2. Экономикалық даму. 
3. Қоғамдық-саяси даму. Рухани дамуы.
 
СӨЖ тапсырмалары: 
1. КСРО-ның ыдырауы мен Тәуелсіз Қазақстанның құрылуының күрделі 
кезеңіне сипаттама беру. 
2. 16.12.91 
жылғы 
«Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік
Тәуелсіздігі туралы» Заңының негізгі қағидаларын анықтаңыз. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
1.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белорусь басшылары 
Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер 
-1922 жылғы КСРО құру туралы келісім-шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достастығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол 
қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев та, басқа 
Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, 
Түркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия 
мемлекеттерінің 
басшылары 
Минск 
(Беловеж 
келісімі) 
шешімін 
қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, 
Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, РСФСР, Украина, 
Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы 
есебінде ғана қатысты.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары 
КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы 
кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға 
қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық 
қаруы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Ресей Федерациясы және 
Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі 
бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, 
Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды. 
Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы қазанның 16-сындағы 
қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы 
шығарды. «Президент сайлауы жөніндегі Заң» қабылданып, ол бойынша 
1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен 
Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице 
президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, 
ант берді.
Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», 
«социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы 
желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ 
Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 
жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін 
жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың 
Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз 
тәуелсіздігін 
жариялады. 
Сонымен, 
1991 
жылғы 
16 
желтоқсан 
Республиканың тәуелсіздік алған күні.
Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқықтық 
мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық үкімет билігін 
толығынан қолданады, ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде 
өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары 
біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан 
Республикасының және оның атқарушы үкіметінің басшысы Президент 
болып табылады. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің 
жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.
2.
1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет 
ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегі жарияланды. Бұл 
еңбектің маңызы:
- Тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді. 
- Ел дамуының түбеғейлі концепциясы алғаш рет анықталды.
- Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі 
міндеттер сараланды.
- Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі 
ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.
«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес… Біздің 
мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың мүдделері жекелеген 
мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі 
мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», - деп атап көрсетті 
Н.Ә. Назарбаев.
1991 жылдың соңында егемендігін жариялаған Қазақстан өз 
мемлекеттігін құрудың жолына түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз 
ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды. 
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін 
міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын (символдарын) қабылдауды 
талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда 
Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен 
Елтаңбасын бекітті. Ту авторы - суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба 
авторлары - сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 
жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның 
мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар - Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, 
Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева. Әуенін жазғандар - Мұқан 
Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы 
сақталды).
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш 
Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан 
тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін 
бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау.
ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Ресей 
банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, 
Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. 
Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, 
тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
өзінің ұлттық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада 
«Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент 
жарлығы шықты.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық 
консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы 
құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) 
сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің 
өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум 
өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші 
конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігін 2000 
жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум 
өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттілігін 
ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және 
құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық 
үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жергілікті жердегі басқару 
құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен 
ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға 
жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 
сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда 
Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде 
Қазақстанда 14 облыс бар.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл 
негізгі Заңымызда 
республиканың экономикалық қүш-қуаты мен 
мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік 
топтарына 
тиісті 
мәселелерді 
шешу 
ескерілді. 
Конституцияның 
ерекшеліктері: 
1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды. 
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 
177-ден 114-ке қысқартылды.
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне 
араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері 
бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық 
құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүдесін 
қорғайды.
6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.
Тарихи маңызы:
- Егеменді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, 
өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демократия даму 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демократиялық құндылықтары көрініс 
тапқан.
- Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналган тарихи құжат.
Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан 
Ақмолаға көшіру идеясы туындады. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес 
депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. 
Нәтижесінде 1997 жылы 9 желтоқсанында Ақмолаға мемлекеттік рәміздер 
эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10 
желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 1998 жылы 6 
мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 
1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-
2030» Жолдауы жарияланды. Жолдауда қаралған мәселелер: 
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі 
және сыртқы саясаттың ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің 
саяси, әлеуметтік-экономикалық 
дамуының 
жақын 
арадағы 
және 
стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2030 жыл –
Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне 
нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
3.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы 
экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен 
экономикалық 
реформалар 
жүргізілді. 
Қазақстанда 
жүргізілген 
экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық 
басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын 
қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері - басқару емес, 
өнеркәсіптердің техникалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар 
таңдау жұмыстарымен айналысу.
Экономикалық реформаны дамыту жағдайында 35 станционарлық 
қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоциациялар, 30-ға жуық 
концерндер мен консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер 
құрылды.
Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет 
меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте 
нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет 
болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны 
қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге 
асырыла бастады.
Жекешелендірудің мақсаты :
1. Кәсіпкерлікті дамыту.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу. 
3. Еркін баға орнату.
4. Жеке меншік секторлар құру.
5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет 
меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық 
қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.
Мақсаты:
- Нарықты басқару механизмін еңгізу.
- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды 
қамтамасыз ету.
- Тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда Монополиялық басқару 
құрылымын тарату, товар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары 
белгіленген.
Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер 
етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл-ауқатты 
жақсартпады. Өндірістік тұтыну товарлары мен қызмет көрсету 
қысқартылды.
1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен 
Республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есеге өссе, 1992 
жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың 
тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы 
қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айынан тамызға дейін өндірістік 
товарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының 
бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген 
адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.
Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:
1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.
2. Жекешелендіру. 
3. Кәсіпкерлікті дамыту. 
4. Монополияны жою.
5. Бағаны босату. 
6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзеге асыру.
1991 жылы жекешелендіру процесі басталды. Жекешелендіру процесі 
үш кезеңге бөлінді:
Бірінші кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті: 
1. Мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгілеу.
2. Меншіктік құқық беруді дайындау. 
3. Шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру. Бұл 
кезде негізі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылды.
Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. 
Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Көптеген шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік 
мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион 
өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан Парламенті бұл стихиялық 
процесті реттеуге күш салды.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995 жылдар аралығын қамтыды.
Міндеті:
1. Мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдарламасын қабылдау. 
2. Меншікті мүлікті басқару жөніндегі комитеттің қолына көшіру. 
3. Инвестициялық купондар енгізу.
1993 жылғы наурызда мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің 
1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды. Барлық 
меншік Мемлекеттік мүлікті баcқару комитетінің қолына көшірілді. Бұл 
комитеттің міндеті:
1. Меншік республика азаматтарына тегін таратылып берілуге тиіс.
2. Арнайы төлем құралдары-жекелендіру инвестициялық купондарын 
енгізу.
Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық қорларға салуға 
мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына 
ауыстыруға және сатуға рұқсат берілмеді. 200-ге жуық инвестициялық 
қорлар құрылды. Мақсаттары купондарын жинастырып, аукционға 
шығарылатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың акцияларын иелену. Бірақ 1995 
жылдың басында жекешелендіру бағдарламасының жүзге аспайтындығы 
белгілі болды. Жекешелендірудің мына негізгі мақсаттары орындалмады:
1. Тиімді жұмыс жасайтын жеке меншік секторды құру. 
2. Қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
3. Экономикалық-әлеуметтік жағдайдың төмендеуін тоқтату.
Бірқатар ірі кәсіпорындар өте төмен бағамен шетелдік компанияларға 
сатылды. Шетелдік фирмалар иелігіне берілген маңызды объектілер:
1. Қарағынды металлургия және Соколов-Сарыбай комбинаттары. 
2. Жезқазған, Балқаш мыс қорыту комбинаттары. 
3. Павлодар алюминий заводы.
4. Павлодар атом-энергетикалық кешені кәсіпорны т.б.
1998 жылдың көктеміне қарай төленбеген қарыздар көлемі шексіз өсіп, 
18 млрд. долларға жетті. Осыған байланысты әлеуметтік жағдай әбден 
нашарлады.
1997-1998 жылдары Кентау (Оңтүстік Қазақстан облысы) және Жаңатас 
(Жамбыл облысы) тау-кен өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып, 
аштық жариялады. Экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен 
қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленісіп кетті. Өндіріс жаппай 
құлдырады. Үкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және 
салық саясаты жетілдірілмеді. Жұмысшылардың жалпы саны қысқарды. 
Жұмыссыздар саны жылдан жылға көбейді. Мысалы, 1995 жылы еңбекпен 
қамту қызметтерінде ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны- 153 мың 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
болды. Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалысқа шыққандар 
-192 мың, ал өндірістің жартылай тоқтау себебінен жұмыс уақыты толық 
емес режимде істейтіндер - 451мың, 90-жылдардың соңындағы жұмыстардың 
жалпы саны - 643 мың.
1997 жылы экономика саласында істеп жүрген адамдар саны 1996 
жылмен салыстырғанда 11,8% кеміді. Республика еңбек рыногының өзіне тән 
ерекшелігі-жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы (9-11%). 
Еңбекпен қамту проблемасы ерекше ауыр болды (жұмыссыздар 54,8). Жұмыс 
сыздықтың жергілікті шоғырланған аймақтары-шағын қалалар болды.
Соңғы жылдары Қазақстанның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар 
іске асырылды. 1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру- 1-ға, өндіріс 
көлемін арттыру- 1,8-ға өсті. Республиканың алтын қоры 2 млн. долларға 
жетті. Инвестиция мен өндіріс деңгейінің төмендеуі экономиканың 
құлдырауға түскенін, реформаның тиімсіздігін көрсетті.
3. 
1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүниежүзі 
қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген 
отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) 
мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 
800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 
маусымда 
қабылданған 
«Көшіп 
келу 
туралы» 
Заң 
негізінде 
қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Дүниежүзі 
қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі 
жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. Бүкіл 
әлемдегі отандастарымызды 
Қазақстанның 
экономикалық-әлеуметтік, 
мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін 
туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.
1993 
жылы 
17 
желтоқсанда 
Қазақтардың 
дүниежүзілік 
қауымдастығының тұсаукесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ 
Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың 
қазақ отбасы көшіп келді.
1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының 
тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынадай мәселелер қаралды: 
1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік 
қатынас жағдайлары талқыланды.
2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет 
академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, 
аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.
Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық 
дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол 
ашты.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – 
Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, «Қазақстанның 
халық Конгресі» және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
ядролық жарылысқа қарсы «Невада-Семей», азаматтық «Азат» және 
«Қазақстанның халық бірлігі» одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени 
топтар тіркелді. Сондай-ақ, республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси 
ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай 
қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
1994 жылғы желтоқсанда «Қазақстанның халықтық-кооперативтік 
партиясы», 1995 жылғы қаңтарда «Қазақстанның өрлеу партиясы», 1995 
жылдың басында «Қазақстанның аграрлық партиясы», 1995 жылғы жазда 
«Қазақстанның демократиялық партиясы» құрылды. 1998 жылғы қарашада 
«Ақ жол» қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин.
Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. «Қазақстан-
2030» стратегиясын жүзеге асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау. 1999 
жылғы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Төрағасы – Т. Терещенко. Бұл 
партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық 
штабы негізінде құрылды. 1999 жылғы 14 қаңтарда «Қазақстанның 
отаншылар» партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 
14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер 
құрылды. 2001 жылғы қарашада «Қазақстанның демократиялық таңдауы» 
атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми 
тіркелген партиялар саны – 15. Елімізде саяси партиялардың және партиялық 
жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл 
жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, 
реформаның тереңдеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің 
жақсаруына ықпал етті.
1991 жылдан кейін Қазақстанда тұрғындардың саны күрт төмендей 
бастады. Бұл жағдай эмиграциялық қарқынның жоғары болуымен 
байланысты болды. Мысалы, 1992 жылы Қазақстандықтардың саны –16 млн. 
985 мың адам болса, 1993 жылы – 16 млн. 942 мың, ал 1995 жылы – 16 млн. 
590 мың адам болды. 1999 жылғы халық санағы Қазақстан тұрғындарының 
саны азайып, 15 млн.-ға жетер-жетпес адам қалғанын көрсетті. 1995 жылдың 
тек 9 айдың ішінде республикадан басқа жаққа 198,6 мың адам көшіп кетті. 
Табиғи өсім азайып, тұрғындардың арасында өлім өсіп кетті. Дегенмен де, 
1991-1997 жылдар аралығында Қазақстанға шетелден 164 мыңдай адам 
көшіп келді.
Белгілі дәрежеде республиканың ұлттық құрамы өзгеріп, кейбір 
облыстар негізінен қазақтар тұратын өлкеге айналды. Мысалы, Қызылорда 
облысында қазақтар - 93%-ы, Атырауда - 88%-ы, Маңғыстауда - 74%-ы, 
Ақтөбеде - 69%-ы, Оңтүстік Қазақстанда және Батыс Қазақстанда - 66%-ы 
қазақтар болды.
Осы жылдары ауыл тұрғындарының қалаға кету үрдісі (урбанизация) 
күшейді. 1995 жылдары халықтың 56%-ы қалаларда тұрды, ал қазіргі кезде 
бұл үрдіс бұрынғыдан да өсуде. Тұтастай алғанда, қоғамда болып жатқан 
өзгерістер (процестер) өтпелі кезеңге тән процестер деп қарауға болады.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
1991 жылдан кейін оқу жүйесі белгілі мөлшерде дағдарысқа ұшырады. 
1993 жылдың басында (1 қаңтар) Қазақстанда 154 мыңдық орны бар 303 бала 
бақшасы жабылды, орта мектептер саны азайды. Екінші жағынан 
мемлекеттік емес мекемелерінің, мектептер және жоғары оқу орындарының 
пайда болу процесі басталды.
1989 жылғы Тіл туралы Заңның және Конституция негізінде ұлттық 
білімнің жандануына мүмкіндік туды. Еліміздің көп ұлтты мәдениетін 
дамытуда 40 ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан халықтарының 
біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда. 
1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялық 
жоғары оқу орындары болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 
100-ден астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды. Қазақстанның 
барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқу 
бөлімдері ашылды. Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім беретін 
қазақ мектептері ашылып, олардың саны– 3,3 мыңға жетті. Республикада 17 
ұлт тілінде жүздеген мектеп бар. 12 тілде газеттер мен журналдар шығып 
тұрады, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле-радио қызмет етеді.
1999 жылғы 11 маусымда – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
Заңы жарияланды. 2006 жылдың басында республика бойынша 252800 ұстаз 
еңбек етуде.
Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру 
жүйесінің халықаралық байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту 
мақсатында жастарды шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу өзекті 
сипат ала бастады. 1993 жылғы 5 қарашада Президенттің «Болашақ» атты 
250 халықаралық стипендиясы белгіленді. Қазақстан халықтарының 
мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан 
Республикасының мерекелері аталып өтуде. 1997 жылы ұлттық татулық және 
саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы 
қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық 
зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда 
Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен 
ашылды.
1998 жыл - халық билігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі 
Ғылыми форумдар өткізіледі. Республиканың барлық облыстарына 24 
ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына 
таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас кешені ашылып зерттелді. 
Мантуя (Италия) қаласында «Алтын адам. Қазақстан далалары - қола 
дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін» атты көрме өткізілді.
1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. 
Осыған орай атқарылған жұмыстар: 6 томдық «Қазақстан ұлттық 
энциклопедиясының» І-ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі томдығы 
шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
көрді. «Алпамыс батыр» жырының 100 жылдығына арналған ғылыми-
теориялық конференция өтті.
М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, 
«Тарих-и-Рашиди» еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар, бұл 
жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. 
Нәтижесінде 19144 адам толықтай ақталды.
2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға 
әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы 
мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және 
дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі болып өтті.
Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік 
қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлауына, өмір 
сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте 
күрделі болды.
1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі 
жарыққа шықты. Бұл еңбектің «Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде» 
бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі. Еңбектің маңызы: Тарих 
қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі 
баса айтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет