Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет26/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

қаған
дәрежесін иеленген билеушілері бар 
мемлекет
құрады. 
Ертіс өзені бойындағы Имакия қаласы қимақтардың астанасы болды. 
Қимақтардың мемлекеттік құрылымы түркілік және түркі тілдес 
халықтардың мемлекеттері, барлық өркениетті елдердегідей, қалыптасқан 
әлеуметтік құрылымды қорғау мен заңдастыруға арналған тұтқа болды. 
Арабтың ғалымы Әл Идриси өзінің «Нузхат Әл Мүштак Фихтира Әл Афак» 
атты еңбегінде қимақтан шыққан ғалым Ибн Хаган туралы әңгіме қозғайды: 
әуелі оны ерекше атап, «Соның жазған қимақтар туралы тарихи шығармасын 
өз еңбегімде қолдандым»,- дейді. ХІ ғасырдың бірінші жартысында Орталық 
Азия тарихына үлкен үлес қосқан қыпшақтарға - Ұлы Даласындағы тарихи 
сахнада жол бере отырып, Қимақ Қағандығы қыпшақ бірлестігінің құрамына 
қосылып кетті. 
Қимақ Қағанаты саяси сахнадан кеткен соң ортағасырлық жазба 
деректерде қыпшақ деген атаумен белгілі тайпалардың бірігуі күшейген. 
Қыпшақ этнонимі орта ғасырлардан гөрі мейлінше ертерек мәлім болған 
сияқты. Бірқатар зерттеушілер және қытайдың «Тарихи жазбалар» атты 
жылнамаларында біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырларда өмір сүрген 
тайпалардың бірі дейді. Оны ежелгі қытай транскрипциясындағы «цзюйше» 
атымен байланыстырса, С.М. Ахинжанов қыпшақ этнонимі алғашында «се» 
(қытай деректері) және «сир» (көне түркі деректері) түрінде пайда болған 
тайпалар дейді. «Қыпшақ» атауы нақты түрде 760 ж. ежелгі түріктің 
руникалық ескерткішінде аталады. Араб географы Ибн Хордадбек 
қыпшақтарды VІІІ ғасырға жататын түрік тайпаларының тізімінде көрсетеді. 
Батыс еуропа деректерінде «коман», «куман» деп аталса, орыс деректерінде 
«половцы» делінеді.
Алтай тауы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар әуелі Батыс Түрік 
қағанатының құрамында болып, кейін қимақтардың басшылығымен 
конфедерация одағының өзегін құрайды. Сол себепті қыпшақтардың саяси 
тарихы ІХ-Х ғасырларда қимақтардың тарихымен қоса өрледі.
 
ХІ ғасырдың 
басында Қимақ мемлекетінің өкімет билігі қыпшақ хандарының қолына 
көшеді. Сөйтіп, ХІ ғ. басынан бастап қыпшақ бірлестігі көптеген елдердің 
басын біріктіріп, қыпшақ деген сөз қол астына біріккен халықтардың жалпы 
аты ретінде қолдана бастады, ал мемлекеті «Қыпшақ Хандығы, Дешті 
Қыпшақ Даласы» деп аталды. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Қыпшақ хандарының жетекшілік нысанында әскери-саяси әдісін тиімді 
де шеберлікпен ұтымды пайдалану арқасында шекарасын шығысындағы 
Ертістен батыстағы Дунайға дейін кеңейтті. Сығанақ қаласын астанасына 
айналдырды. Олар бірнеше негізгі тайпа топтарынан: сібір-алтайлық; орал-
қазақстандық; алдыңғы Кавказды қоса отырып - Дондық; Қырымды қоса 
отырып - Днепрлік; Балканды қоса отырып - Дунайлық болып ұйымдасты. 
Олар көптеген елдердің ортағасырлық тарихында маңызды рөл атқарды, 
мәселен: Үндістан, Мысыр (Египет), Қытай, Ұрым (Византия), Грузия, 
Бұлғар, Хорезм. Олар Киев Русімен экономикалық, әскери-саяси, мәдени 
және қандастық тығыз байланыс орнатады. Қыпшақтар - қазақ, ноғай, 
қырым-сібір татарлары, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, балқар, қарачай, кумык, 
түркмен және басқа да түрік елдерінің этногенезінде белгілі рөл атқарады. 
Олар турциялық, венгер, грузин, болгар, орыс, украин, монғол, қытай, үнді, 
араб халықтарының құрамына кірді.
Қыпшақтардың сыртқы саяси байланыстарының ауқымы кең болды. 
Мәселен, хорезмшахтар мемлекетін қыпшақ әулеттері билеп тұрды. Ұрым, 
Ұлы Болғар, Киев Русі, Селжүк сұлтандығы тәрізді мемлекеттердің 
саясатында қыпшақтар айтарлықтай орын алатын. ХІІІ ғасырға дейін 
византиялық сарайда Циты, Караджи, Алакасен деген қыпшақтар ірі 
қызметте отырған. Крестілердің жорығын (крестовый поход) 1205 жылы 
қыпшақтар Андрианопольге жақын жерде талқандап, император Балдуинді 
тұтқынға түсіріпті. 1118 жылы Грузия патшасы ІV Давид Строитель өз 
әскерін нығайту мақсатымен Грузияға 40 мың қыпшақ жауынгерін 
отбасымен шақырып, оларға жер де бөліп беріпті. Қыпшақтар 1121 жылы 
Дидгор тауларында түрік-селжүктерді талқандауға, 1122 жылы Тбилисиді 
алуға, 1123 жылы Ширванға жорыққа қатысты. Қыпшақтар ХІV ғ. дейін 
грузин деректерінде еске алынып отырады. Олар жайлы грузия топонимиясы 
мен грузин халқының аңыздарында мәлімет бар. Олар аяғы жеткен жерде 
әскери үстемдікті қолға алып, әр алуан соғыс жорықтарына қатысты. 
Мысырдағы қыпшақ қолбасшылары Айбек пен Бибарыс Мысыр елінің 
мемлекет билігін қолына алып, Мамлюк әулетінің (1250-1517) негізін 
қалады.
 
Ертістен Днепрге дейінгі аридтік зонаны алып жатқан Дешті 
Қыпшақтың тарихи-жағрафиялық кеңістікті Еділ бойы арқылы екі 
этникалық-аймақтық бірлікке бөлу есебінен қарауға болады: Тоқсоба әулеті 
тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі әулеті билеген Шығыс 
қыпшақ қағанаты. Шығыс қыпшақ аймағының Ханы - бүкіл аумаққа жүргізе 
алатын билігі болды. Орда деп аталатын хан қосынында ханның дүние-мүлкі 
мен әскерінің ісін жүргізетін басқару әкімшілігі болған. Әскери-әкімшілік 
басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген. Әулеттік топ мен тайпалардың 
өзі әлеуметтік маңызына қарай иерархиялық жүйе-сатыларға бөліну көрініс 
табады. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да бөлінді. 
Меншікті білдіретін таңбалары болған. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Ұлан-ғайыр кең өлкені билеп, әскери-саяси биліктің тізгінін қолына 
ұстаған іргелі Орда құрған қыпшақ дәуірі, бізге мирас болып қалған кешегі 
бақи өмірімен тікелей жанды байланысы бар, сөйлеу тілінің сипатынан толық 
мағлұмат бере алатын бағалы еңбек - «Кодекс Куманикус» (Қыпшақ тілінде 
жазылған ескерткіш). Осы ескерткіш готикалық көне шрифтімен жазылған 
жалғыз дана қолжазбасы бұл күндері Венецияда Марк әулиенің шіркеуінде 
сақтаулы. Зерттеуші Машковтың айтуынша, бұл дәуірде Қыпшақ тілі батыс 
еуропа жиһанкездері мен шығысты зерттеушілер үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет