Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет52/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

ерекше 
сословиесына
 тиесіліктері маңызды болған.
Қалай болғанда да «Сібірдің қосылуы» айтарлықтай дәрежеде түркі 
қолдарымен орындалды және біздің ойымызша Ермак оның көрнекті дәлелі. 
«Әскери міндеттегі татарлардың» еңбектерінің нәтижелерінде Ресей Азия 
түкпірлерін, яғни Сібірді жемісті бағындырды. Жаңа Сібір елдерін әр сәтті 
бағындырудан кейін мәскеулік приказда істеуші адамдар келіп, жаңа жердің 
орыс мемлекетіне қосылатындығы туралы хабарлайтын. Осылайша Сібірдегі 
қалалардың негізі салынған: 1587 жылы Тобол, 1607 жылы Енисейск, 1628 
жылы Краснояр, 1632 жылы Якутск, ХVІІ ғасырдың 50-шы жылдары Амур 
бассейні. 1689 жылы Ресей мен Қытай арасында «Нерчин трактаты» 
жасалды. Келісім бойынша Солтүстік Азия бойынша жер бөлінуі жүзеге 
асырылды.
Петр І басқаруы басталысымен-ақ Ресейдің шығыс саясатының 
жобасында айтарлықтай түзетулер жүзеге асырыла бастайды. Бірақ 
«Азиаттық доктрина» саясатын жүзеге асыру үшін көп уақыт қажет болды. 
Сондықтан Қазақстанның Ресейге қосылуы Сібірдің қосылуына қарағанда 
басқа жолмен жүргізілді.
3. 
ХVІІ-ХІХ ғасырлар бойында Ресей мен Қазақстанның өзара 
қатынастарында эволюцияның келесі түрлері орын алды: көршілес 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
қатынастар мен әскери-саяси одақты іздеуден Қазақ жерлерінің Ресей 
империясына қосылуына дейін. Қысқаша айтқанда, ХІХ ғасырда екі дүниенің 
бір державаға бірігуі Ресей державасының геосаяси бағыттылығын 
бейнелейді. Ресей Қазақ даласын Шығыста өз сауда-экономикалық және 
саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды стратегиялық плацдарм 
ретінде көздеді.
Қазақ жүздерінің Ресейдің қоластына кіру уақытын екі негізгі кезеңге 
бөлуге болады: І – жанама қосылу кезеңі (1731 – ХІХ ғ. 20-шы ж.); ІІ – нақты 
қосылу және отаршылдық бағыну кезеңі (ХІХ ғ. 30-60-шы жылдары). Бірінші 
кезеңде орыс үкіметі протекторат институтын қолданды, яғни Қазақстан, 
әскери бекіністер желісімен қоршалғанына қарамастан, Ресей империясының 
шегінен тыс, тәуелсіз болып қала берді.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, Қазақ даласын бағындыру 
және оның Ресейге қосылуына бағытталған белсенді шаралар қолданыла 
бастады. Ресейдің Қазақстанға тиісті саясатының бағдарын өзгертуіне орта 
азиялық фактор әсер етті (Англияның және Ресейдің мүдделерінің 
қайшылығы). ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында өткізілген бірқатар әкімшілік 
реформалар мен әскери акцияларының нәтижесінде Қазақстан толығымен 
ресейлік басқару жүйесіне енгізілді. Қазақстанда саяси ұйымдастыру жүйесі, 
яғни қазақ мемлекеттілігі жойылды және ресейлік отар басқару органдары 
енгізілді. Ұлы Дала Ресей империясының шет аймағына айналды. Енді Ұлы 
Дала көшпенділеріне өз шаруашылық тұрмыстары мен қоғамдық өмірлерін 
өзгертуге тура келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет