4. Олар үшін бұл ұсыныстың ең көп пайдасы неде?;
Біздің салонның клиенттерге деген ең бағалы ұсынысы – оларға деген назарымыз. Себебі, барлық салада, барлық жұмыс орнында ең бірінші клиенттерге деген көңіл, назар аудару, олармен сыпайы түрде жұмыс жасау ең бірінші болып бағаланады. Жоғарыда көрсетілгендей ұсыныстарымыз – әр бір клиенттің, әсіресе талғамшыл нәзік жандылардың көңілінен шығары сөзсіз.
5. Өнімдер мен қызметтердің қандай қасиеттері сіздің
клиенттеріңізге қосымша артықшылықтар (пайда) әкеле алады?
Біздің өнімдеріміз бен қызметтердің клиенттерге деген қосымша әкелетін пайдасы – құнды кеңестермен бөлісу. Тегін консультация. Әр бір әйелдер қауымы үшін сұлулық жайлы құнды кеңестер алу өте маңызды болып есептеледі. Олар тіпті құрбыларымен өз араларында сұлулық жайлы өз кеңестерімен бөліседі. Ал біздің салонда мамандандырылған қызметкерлердің кеңестері – оларды қуантары сөзсіз. Және пайдалы болары анық.
6. Сіздің құнды ұсынысыңыздың бірегейлігі неде?
Менің құнды ұсыныстарымның бірегейлігі – клиенттердің көңілін аулайтын бірінші құрал. Мысалы, үшінші процедураға жеңілдік, бірнеше топтамадан тұрадын процедураларды алса, белгілі бір жеңілдік, әр мереке сайын келген клиенттерге сыйлықтар т.б.
6 тақырып. Бизнес-ойлар генерациясы.
Тапсырма:
1. Сіз бастаушы кәсіпкерсіз. Өз аймағыңызда қандай көмек қызмет түрлерін, кімнен ала аласыз? Бастаушы кәсіпкерлеп қандай қиындықтарға тап болады?
2. «Кәсіпкерлік идея және өз ісіңмен айналысудың себептері» атты баяндама жасаңыз.
3. Топ-топқа бөлініп, ортақ бизнес-ойды (идеяны) қалыптастырыңыз
Сіз бастаушы кәсіпкерсіз. Өз аймағыңызда қандай көмек қызмет түрлерін, кімнен ала аласыз? Бастаушы кәсіпкерлеп қандай қиындықтарға тап болады?
Мен өзімді жұмысын енді ашып жатқан кәсіпкер ретінде көрсем, менің бастар жұмысым – сұлулық салоны болар еді. Себебі, шыныменде сапалы сұлулық салондары қазіргі таңда аз десек қателеспейміз. Және бұл менің сүйікті ісім. Сүйікті іс әрдайым нәтижелі әрі жауапкершілікті болары сөзсіз. Әйелдер қауымы өздері үшін тек жақсыны, сапалыны таңдайды. Әрине, жақсы салондар көп және көптің ішінен алға шығу оңай емес. Әрі енді бастап келе жатқан кәсіпкерлерге әсіресе қиын. Алғаш бастаушы кәсіпкерлер көптеген қиындықтармен соқтығысады. Мысалы, бас салып клиент келмейді. Бас салып, сіздің қызметіңізді ешкім таңдап, мақтап кетпейді. Әрине тер төгіп, жұмыс жасау арқылы ғана жемісті болады. Бастысы, бірден берілмеу.
Достарыңызбен бөлісу: |