Қолайсыз климаттық құбылыстар шаруашылыққа,адамға,оның денсаулығына қатты әсер етеді. Осы құбылыстар ауа райының күрт өзгеріп кетуінен пайда болады.
Жаңа айтылып кеткен терминдерге анықтама берсек; *Құрғақшылық - ыстық күнде, ауаныңылғалдылығы төмен болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде жетіспеушілігі. Шаңды дауыл - шөл, шөлейт және жыртылған даладатопырақтың немесе құмның жел арқылы тасымалдануы және ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел.
Бұршақ- ірілі-ұсақ түйіршік мұз түрінде жауатын атмосфералықжауын-шашын. Жылдың жылы мезгілінде найзағай мен нөсержаңбыр кезінде бірге түседі. Тұман — атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы. Су буының сублимациясы нәтижесінде қалыптасады.
Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Көктайғақ – қыста жылымықтан кейін суықтың қайта түсуінен жер бетінің мұз болып қатуы. Көбіне аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0°С-қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп-жұқа (5 мм) мұзбен жабылады.
1 сұрақ*Жылдың жылы мезгілдерінде болатын қолайсыз климаттық құбылыс? 2 сұрақ*Қазақстанда қандай ауа райы құбылысы аса қауіпті? 3 сұрақ*94-суретте табиғат құбылыстары қалай жіктелген?