Сөздердің лексикалық мағынасы
Семантиканың негізгі зерттеу нысаны мағына болып табылады. Мағына түсінігі өте кең, эрі күрделі болғандықтан бірнеше бағыттағы зерттеуді қажет етеді. Тіл элементтерінің барлығы да бірдей мағынаға ие бола алмайды. Тіл дыбыстары мен буында мағына болмайды. Тілдің мағыналы бөлшектерін қүрауға қатысуы арқылы ғана маңызға ие болады. Кейбір сөздер, мысалы одағайлар бір ғана дыбыстан жасалынып та мағына білдіреді. Бірақ ол дыбыс мағынаға ие болады дегенге негіз бола алмаса керек. Мысалы, - О, мерейің үстем халайық! Е, бәрекелді шыныңды айттың ғой! Келтірілген мысалдарымыздағы е мен о одағай сөздер(тек дыбыстар ғана емес) адамның көңіл-күйімен байланысты эмоциялық мағына білдіріп түр. Қазақ тілінде одағайлардан басқа бір дыбыстан жасалынған(А, не дедің?) сөздер де бар. Бірақ бүл жерде мағына білдіріп түрған дыбыс емес. Бір дыбыстан түрса да, мағынаға ие болып түрған сөз. Мысалы, ерік, орац, ата сияқты т.б. сөздердің қүрамында келіп түрған эрбір жеке дыбыс, соның ішінде о, е, а дыбыстары да мағына білдіріп түрған жоқ. Сөз ретінде танылып, мағына білдіру үшін дыбыс санының көп немесе аз болуы басты шарт емес. Ең бастысы, белгілі бір дыбыс немесе дыбыстардың жүйелі тізбегімен мағына шартты, тарихи, әлеуметтік байланыста болу керек.
Дыбыстардың мағынамен байланысы туралы сөз болғанда, түркологиялық еңбектерде еліктеуіш сөздердің қүрамындағы дауысты дыбыстар мағынаға ықпал жасайды делінеді. Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан; я жіңішке немесе ашық не қысаң болуында мағынаға әсер ететіндігі байқалады деген пікір бар. Мысалы, сарт-сүрт, тсірс-түрс, шацц-шіцк сияқты т.б. Еліктеуіш сөздердің мағынасы зат есімдердің, етістіктердің мағыналарынан өзгерек. Еліктеуіш сөздердің шындық болмыстағы өздері атау болған қүбылыспен яғни дыбыспен, бейнемен байланысы күшті болады. Әсіресе бүл дыбыстық еліктеуіштерде анық байқалады. Сондықтан да олар өздері атауы болған түрлі дыбыстардын, тура эрі толық көшірмесін беруге әрекет етеді. Еліктеу сөздердің үғыммен байланысы көмескі болады. Зат есім, сын есім, етістік сөздердің шындық болмыстағы затпен, қүбылыспен, белгімен байланысы болғанмен, еліктеу сөздердегі сияқты тікелей емес, адам санасы арқылы байланысады деуге болады. Сондай-ақ олардың үғыммен байланысы күшті. Еліктеуіш сездердің қүрамындағы дауысты дыбыстар шындық болмыстағы дыбыс немесе қүбылстың сипатын неғүрлым дэл беруге әсерін тигізеді. Қалай дегенде де бүл дыбыстың мағына айырғыштық қызметін жоққа шығармайды, эрі дыбыстың қандай да бір мағына білдіруге тікелей қатысатынына дәлел де бола алмаса керек. Дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке, ашық не қысаң болуы тарихи синкретті түбірлерді бір-бірінен ажыратып, олардың жеке сөз ретінде қалыптасуында да өзіндік қызмет атқарған. Мысалы, тиын - тиін, тын - түн сияцты т.б. Түркологтар тарихи белгілі бір кезеңдерде түркі тілдеріне ішкі флексия тэн болған деп те көрсеткен.
Басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілі морфемаларының табиғаты индоевропа тілдері морфемаларының табиғатынан басқаша болып келеді. Олардың мағыналық табиғатында, қолданылу заңдылықтарында өздеріне тэн өзгешеліктердің болатындығы сөзсіз. Мысалы, орыс тіл білімінде морфемаларға анықтама бергенде оның сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі екендігі жэне оның қайталанып түратындығы ескеріледі. Қазақ тіл білімінде де морфемаларға осы типтес анықтамалар беріледі. Бірақ орыс тілшілері морфема сөздің бір бөлшегі, тіпті түбір морфемалар да сөзбен тең түсе алмайды деген пікірді қолдайды. Ал түркі
тілдерінде болса, түбір морфемалар сөзбен тең түсіп жатады да мағынамен байланысады деген пікір қалыптасқан. Әрине сөз мағынасын жалаң бір ғана лексикалық мағынамен шектеп тастау дүрыс болмайды. Түлғалық жақтан алғанда да түбір морфема үнемі сөзбен сәйкес келе бермейді. Жүмысшы, егін, тарац, балтала сөздерін алсақ, түбір морфемадан жэне қосымша морфемадан түрады. Ал енді түйецүс, егеуцүйръщ, итмүрын сөздерінің әрқайсысы екі түбір морфемадан қүралған. Бүдан шығатын қорытынды - түбір морфема мен сөздік бүтін тең емес. Түбір морфема сөздің қүрылымдық элементі екенін үмытпауымыз керек. Сөз лексикалық категория ғана болып қалмай, лексика- грамматикалық категория болып саналады. Белгілі бір лексика- грамматикалық категориға тэн болу арқылы грамматикалық түлғалармен түрленіп, басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсетін түбір морфема емес, эрине, сөз екені даусыз. Орыс тіліндегі түбір морфемалар да лексикалық мағына беруші, сөзге негіз болып саналатын морфема. Түркі тілдеріндегі морфемалар да орыс тіліндегі түбір морфемалар сияқты грамматикалық жақтан толық түлғаланбайды. Түркі тілдеріндегі түбір морфемалар(санаулы түбірлерден басқа) сөзбен сэйкес келіп, лексикалық мағынаға ие болуын түбір морфемаға тэн қасиет деп танудан гөрі, кейбір сөз тек түбір морфемадан түрады деп түсінген жөн. Сонымен бірге тіл білімінде сөз тіркесінің семантикасы, сөйлемнің семантикасы (кейде екеуін біріктіріп синтаксистік семантика деушілер де бар) деген түсінік те бар, бірақ олар сөз семантикасынан күрделірек, басқашалау зерттеу методын талап етеді.
Сөз семантикасы көне дэуірден бері келе жатқан, эр кезде тілшілер мен философтардың араларында талас тудырып жүрген күрделі мәселелер болып саналады. Алғашқы семантикалық(сөз мағынасы туралы) пікір Яски мен Панинидің еңбектерінде кездескенімен, күні бүгінге дейін зерттелуі, анықталуы қажет болған жақтары көп екендігі анық. Ғылыми негізде сөз мағынасына талдау жасау үндіевропа тіл білімінде XIX ғасырда өмір сүрген тілшілер еңбектерінде кездессе, түркологиялық зерттеулерде ол тек үстіміздегі ғасырдың 60-жылдарынан кейін ғана басталады. Қазіргі кезде семасиология кең көлемде түсініледі де бірнеше пэндердің (тіл білімі, философия, психология, логика, кибернетика т. б.) түйіскен жерінде сөз болып, талданып жүр. Соңғы жағдай бір категорияны эр ғылым өкілдері түрліше түсінуіне, бірнеше бағыттағы корытынды шығаруына, бірнеше зерттеу, талдау әдістерін колдануына жағдай жасап жүр. Сондықтан да бір пэннің жетістігіне сүйеніп семасиологияның өзекті мэселесін жан-жақты зерттеп, пікір айтуға болады деу дүрыс болмайды.
Сөздің лексикалық мағынасының күрделі екендігін жэне олардың бірнеше майда бөлшектерден қүралатындығын көпшілік ғалымдарымыз мойындайды. Бірақ бүдан сөздің лексикалық мағынасы түрлі мағыналық бөлшектердің арифметикалық қосындысы екен деген үғым тумауы керек. Мысалы, кез келген сөз өзі атауы болған заттың не түрлі қүбылыстың барлық қасиетін (тым болмағанда белгілі бір қоғам мүшелеріне белгілі болған) толық камтуға. әрекет етеді. Сондықтан да тауыц дегенде екі аяқты, үстін қауырсын қаптаған, екі қанатты (бірақ онша үзап үша алмайтын) үй қүсын түсінеміз. Оның түйе тауъщтан, цаз бен үйректен айырмашылығы да мағынада қамтылады. Ең жетілген, жақсы жазылған түсіндірме сөздіктерде де кез келген сөздің лексикалық мағыналары толык берілмейтіндігі анық.
Табиғаттағы заттар мен қүбылыстарға тек тілдік жағынан анықтама беріліп коймастан, оларға биологиялық, географиялық, тарихи ғылымдарға тиісті болған қасиеттерін баса көрсетіп те анықтама беруге болады, бірақ олар біздің зерттеу нысанымыз емес. Сөлдердің лексикалық мағыиасында адам санасындағы сол зат не қүбылыс туралы негізгі түсінік еніп, сол затты басқа зат не қүбылыстардан ажыратып, тани алатындай мүмкіндігі болады. Сондықтан да кей аныктамаларда заттардың табиғи, биологиялық белгілері алынбай, басқа (маңызды делінген) белгілері алынады. Мысалы, адам деген сөзге анықтама бергенде екі аяқты, екі қолды, сақалды, күлағы бар деген көрсететін болсақ, оның негізгі белгісін ашып бере алмаған болар едік. Сондықтан да түсіндірме сөздікте: «Ойлау жэне сөйлеу қабілеті бар, өмірге қажетті өндіріс қүралдарын өндіре алатын жэне сол қүралды еңбек процесінде пайдалаиа алатын жан иесі, кісі», деп анықтама берген (ҚТТС-1, 62).
Сөз мағынасы — тіл біліміндік категория, сондықтан оны жан- жакты талдау тіл білімінің еншісіне тиеді. Сөз семантикасы тек тілшілердің пікір таласына ғана арқау болын қоймастан, ол философтардың да, психологтардың да, семиотиктердің де ойларына азық болып жүр. Жалпы сөз семантикасы философияның кей категорияларымен байланысты екендігін ғалымдар ерте кезден-ақ айтқан болатын. Мысалы, заттарға қалай ат берілген, сөз бен заттың арасындағы байланыс қандай заңдылықтарға негізделінген(таным теориясымен байланысты), Тілдің пайда болуы жэне адамзат тарихы (глотогенез бен мифология), ой мен тілдің байланысы т. б. Тіпті бүл мәселелерге байланысты алғашқы пікірлер көне грек философтарының еңбек-терінде кездеседі, олар да өздерінше қорытынды шығарған. Мысалы, Парменид (біздің эрамызға дейінгі 540/539 не 515 жылдары туылған): «Бүлардың (заттардың) эр қайсысына адамдар ат қояды, ол адамдардың ажыратушы таңбасы»,— деген болатын. Ал Платонның «Кратилінде» болса соңғы кезге дейін тіл білімінде шешілмей келген мәселелердің көтерілгендігі анық. Әрине заттарға қалай ат қойылған, бірінші қолданылған сөздер қандай болған деген сүраулар күні бүгінге дейін жауапсыз қалып барады.
Лексикалық мағынаны эр зерттеуші өзінше түсінеді, сондықтан Лексикалық мағынаны анықтаушы факторлар арнайы қарастыру керек. Лексикалық мағынаны негізгі анықтаушы факторларға лингвистикадан тыс жэне ішкі лингвистикалық факторларды жатқызамыз.
Лингвистикадан тыс факторға зат (денотат), қүбылыс жэне үғым- түсінік, ішкі лингвистикалық факторға лексикалық мағынаны қалыптастырудағы қатынас, байланыстар енеді. Екі фактордың лексикалық мағына табиғатын анықтауда өз үлесі бар, өйткені лексикалық мағына екі жақты тілдік категория лексикалық мағынаны анықтаушы жолдардан бүдан басқа біздің сүйенгеніміз
дифференциалды жэне интегралды факторлар лексикалық мағынаны дифференциалды фактор арқылы тану - семантикалық элементтердің түрлерін бөлуге жэне лексикалық мағынаның негізгі қүрылымдық компоненттерін зерттеуге жол ашады. Интегралдық фактор мағына үғымына сөздегі барлық семантикалық белгілерді енгізеді. лексикалық мағынаны бүлай анықтау оны бейнелеуші қүбылыс деп үғынуға алып келеді.
Бейнелеуші концепция мағынада заттың эр түрлі жағдайда көрінетін белгілерінің бейнеленетініне негізделеді. Бүл бағыт біздің лингвистикада іс жүзінде қабылданған, өйткені лексикалық мағына табиғатын осы бағыт бірден-бір дэл анықтайды. Мәселен, "Сөз мағынасы дегеніміз заттың, қүбылыстың я қарым-қатынастың нәтижесінің адам санасындағы белгілі сэулесі". "Сөз біткеннің барлығында белгілі мағына болады". Бүл факторда-"өмір туралы білім" деген қалыптасқан түжырым бар. Өмірден көрген-түйгенді бір заттың мағынасына телуге сүйенген бүл қағида лексикалық мағынаны айқындайтын сатылардың бірі. Сөз өз семантикасында осы сәтке дейінгі қоғам жинақтаған білімді сақтайды. Алайда, бүл білімнің толығуы тоқтамайды, ол өз мағынасы қүамына басқа да кіттті бөліктерді жинай береді. Бүл да лексикалық мағынаның қүрылымдық сипатын нақтылайды.
XIX—XX ғасырларда да тілші ғалымдар тіл философиясымен шүғылданып, тіл философиясының шеңберін кеңейте түсті. Бүған мысал ретінде В. фон Гумбольд, А. Шлейхер, Г. Штейнтальд пен жас грамматистердің еңбектерін керсетуге болады. Қазіргі кезде де тіл философиясымен тек философ ғалымдар ғана айналысып қоймайды, сонымен қатар тілшілер де өз үлестерін қосуда.
Қазақ тіліндегі сөз мағынасы туралы жазылған еңбектерге сын көзбен қарайтын болсақ, онда қазақ тілі семасиологиясын жаңадан жазу қажеттілігі анық көрінеді. Тек бірен-саран еңбектер болмаса, бүл мэселе қазақ тіл білімі үшін тың нәрсе. Сондай-ақ оқулықтарда да семасиологиялық категорияларды талдау жасау толық емес. Оған басты себеп қазақ тілінде семасиологияның негізгі түсініктерінің анықталынбауы, олардың терминдерінің қалыптасуы.
Семасиологиялық зерттеулердің бірінші жауап беретін сүрауы - сөз мағынасы дегеніміз не? Бүл дэстүрлік сүрауға жауап беру үшін, ең алдымен, тіл білімінде лексикалық жэне грамматикалық мағыналардың бар екендігін, екеуінің қасиеттерінің екі түрлі екендігін естен шығармау керек. Семасиологиялық зерттеулерде грамматикалық мағына, саналы түрде, сыртқа тебіліп, лексикалық мағыналар ғана сөз болады. Сөздердің лексикалық мағынасы лексикологияның, грамматикалық мағынасы грамматиканың зерттеу нысаны екендігі анық. Солай болса да бүл екі мағына өзара тығыз байланысты. Сөз грамматикалық жақтан түлғаланады жэне белгілі бір грамматикалық қасиеттерге ие болады жэне сөздің лексикалық мағынасы грамматикалық мағынамен астасады. Сондай-ақ лексикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажырата зерттеу тек ғылыми абстракцияның ғана қызметі екендігі де аян. Шындығында лексикалық мағынамен, дәлірек айтқанда, сөзбен үштаспаған, онымен байланыс-пайтын грамматикалық мағына болмасқа тиіс.
О.С.Ахманова сөз мағынасына үш түрлі анықтама береді де, бірінші цифрмен: «Белгілі бір дыбысталумен байланысты болып тілдік факті ретінде жарыққа шығатын адам ойындағы объектив өмірдегі заттардың (қүбылыс, қатынас, процесс т. б.) бейнесі; бүл шындықтың бейнесі сөз (морфеманың) қүрылымының ішкі жағын (мазмүнын) жасайды, ол тілдік бірліктің дыбысталуы оның материалдық қабығын жасайды да мағынаны басқаға жеткізудің, хабарлаудың, сондай-ақ оның өзінің пайда болуының қалыптасуының, өмір сүруінің, дамуының негізі болады», - деп
жазады. Бүл сөз мағынасына берілген бірден-бір анықтама емес.
Қазақ тілшілерінің еңбектерінде де сөз мағынасына берілген анықтамалар бар. Мысалы, Ғ.Мүсабаев сөз мағынасына тікелей анықтама бермесе де: «Сөз формасына оралған үғымның мазмүны сөздің мағынасына айналып, дыбысталу мен мағына бірлесе келіп, сөздің өзін қалыптастырады», дейді. Бүл жерде автор сөз мағынасын үғым арқылы анықтап отыр. Ал К.Аханов болса Е. М. Галкина-Федаруктың сөзге берген анықтамасын толық қабылдап: «...сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз дыбыстық комлексгің ақиқат өмірдегі қүбылыстардың бірімен белгілі бір тілде сөйлеуші коллектив аркылы белгіленген байланысы болып табылады», дейді.
Әдетте қай анықтама болмасын ғылыми топшылауға негізделеді. Дегенмен «Сөз дегеніміз — зат атауы» деген сияқты анықтамалардың ғылыми негізділігі қаншалық ой туатындығы анық. Шындығында көп сөздердің зат атауы болатындығы, сол атаудың, сол сөздің лексикалық мағынасы ретінде анықталатындығы да шындық. Бірақ барлық сөз осындай қасиетке ие бола бермейді. Аіауыш сөздер ыеи көмекші сөздердің лексикалык мағы-паеыныц аракаіынасы жопе соигы свздердін лексикалық мағьшасы ба|) ма, жоқ па деісчі мэселе түрколоі ияда іана емес, жалпы тіл біліміндо де даулы.
Жалпы сөзді мағына мен дыбысталудың біте қайнасқан бірлігі деп түсінген дүрыс. Сөз мағынасына анықтама бергенде осындай сөздің мағына мен дыбысталудың бірлігінен басталынуы керек. Сондай-ақ сөзде лексикалық мағына болу шарт. Ал көмекші сөздерде лексикалық мағына болмайтындықтан, сөздер тобына жатпайды. Әр түрлі тілдік қатынаста дербестігін сақтай алмауы, сөзге немесе сөйлемге қатысты болып, оған қосымша мағына үстеуі олардың қызметінің көмекші морфемалармен сәйкес келетінін көрсетеді. Мысалы, көпірмен өту - көпір арцылы өту, сені көруге келдім - сені көру үшін келдім дегенде -мен көмектес септік жалғауы мен арқылы септеулік шылауының, -ге барыс септігі жалғауы мен үшін септеулік шылауының грамматикалық мағынасы да, сөз бен сөзді грамматикалық қызметі де үқсас. Айырмашылығы біреуі синтетикалық түлға да, екіншісі аналитикалық түлға болып түр. Грамматикалық түлға ретінде олар грамматикалық синонимдер екені күмэн тудырмаса керек. Сөз бен көмекші сөздің ортақ белгісі ретінде екеуінің де сөз ішінде басқа сөздерден бөлек жазылуын айтуға болады. Бүл болса белгілі бір тілдегі фонетикалық заңдылықтармен жэне орфографиялық ережелермен байланысты. Сөз негізінен лексикалық бірлік болса, көмекші сөз грамматикалық түлға ретінде грамматикалық бірлік болады. Сөздерді атауыш сөз, көмекші сөз жэне одағай деп бөлу тіл білімінің қалыптасуымен байланысты туған дәстүрлі көзқарас деуге болады.
Ф. де Соссюр «Тілдік жүйенің мүшелеріне (сөздерге) тек кез келген дыбысталу мен мағынаның жай бірлігі деп қарау үлкен қателік болып саналады. Жүйе мүшелерін бүлай анықтау — оны өзі мүшесі болып саналатын жүйеден ажырату болып саналады, бүл қате пікірге алып келеді», дейді. Автор пікірін ары қарай жалғастырып: «Тілдің барлық элементтері біртүтас болып келетін жүйе, ал жеке элементтердің мағынасы(значимость) басқа элементтері болғандығы үшін ғана байқалынады», деп қорытынды жасайды. Кез келген сөздің, тілдік бірліктің өмір сүру ортасы тілдік жүйе екені белгілі. Тілдік элементтер біртүтас жүйенің қүрылымдық бөлшектері ретінде көрінеді. Тілдік жүйенің элементі болғандықтан, сөз тілдік жүйеде ғана өмір сүре ме, элде одан тыс та өмір сүре ме деген сияқты мәселенің өзі қисынды деп айтуға келмейді. Сөзді тілдік жүйеден бөліп қарау барынша шартты, ғылыми зерттеудің бағыттарымен, алға қойған мақсатымен байланысты туындайды. Бірақ бүл сөз мағынасын сөздердің өзара қатынасы тудырады, сөз тілдік жүйенің элементі болғандықтан ғана мағынаға ие деген сияқты үшқарылыққа апармауы тиіс. Сөз белгілі бір лексикалық мағынасы мен грамматикалық қасиетке ие болғандығымен тілдік жүйенің элементі бола алады жэне тілдік жүйенің элементі болғандықтан маңызға ие. Кез келген сөз белгілі бір лексика-семантикалық топтың қүрамына енгенде лексикалык мағынаға ие болу үшін енбейді, керісінше белгілі бір лексикалық мағынасы болғандығы үшін, сол мағыналар арасында белгілі бір байланыс болғандығы үшін енеді. Сондықтан да тілдің даму тарихында белгілі бір лексика-семантикалық топтың қүрамынан кей сөздердің қолданудан шығып архаизмдер қатарына өтіп отырғандығы, екінші бір сөздер жаңадан пайда болып, лексика- семантикалық топтың қүрамына еніп байытып отыратындығы анық. Бірақ тілде пайда болған эр сөз не қолданылудан шыққан сөз сол лексика-семантикалық топты өзгертіп жібере бермейді.
Тіл элементтерінің лексикалық мағынасының бар екендігін кей ғалымдар мойындаса да, ол мағына тіл білімінің объектісі болмайды, немесе тілдік категория емес дейді. Мысалы, A. А. Реформатский: «Ешкім де мағынаны жоққа шығармақ емес жэне көп жағдайда ғалымдар онымен қызығуы керек. Бірақ қандай ғалым? Қай мамандықта? Егер тілттті жүйе мен қүрылыммен шүғылданатын болса, онда онымен айналысатын ғалымның тілші болуы екі талай», дейді. Бүл теория-ны жақтаушылардың біреуі А. Г. Волков. Ол «Мағына тілдік категория емес, ол өзінің табиғаты жағынаи ойлаудың бір функ-циясы»,— деп ашық айтады Екі автордың екеуі де сөз мағынасын тілдік категория емес дегенде оны тілдік жүйемен байланыстырады, жүйе мен мағынаны қарама- қарсы қояды. Сөз мағынасын тіл білімі тексермейді, ойдың бір көрінісі ретінде логика не философия зерттейді деген түжырым жасайды.
Тіл тілдегі сөздердің лексикалық мағынасының қүрылымына көңіл бөлетін болсақ, кей сөздер жеке түрғанда лексикалық мағына білдірмейтін сияқты. Бүл көмекші сөздермен байланысты ғана айтылған пікір емес, атауыш сөздер деп аталынатын сөздердің тобынан да кездесетін қүбылыс. Мысалы, есімдіктердің мағынасы барынша жалпыланған болады да, лексикалық мағынадан гөрі грамматикалық мағынаға жуық болады. Яғни есімдіктердің грамматикалану үрдісі өте жоғары. Сөйлем қүрамында басқа сөздермен байланысқа түспей нақтылы бір зат не үғыммен байланысты бола алмайды. Бірақ сөздің лексикалық мағынасының бар не жоқтығы тек жалпылану, дерексіздену деңгейімен ғана анықталмаса керек. Есімдіктерде лексикалық мағына жоқ, оны көмекші сөздер қатарында қарау керек деп кесімді түрде айтуға болмайды. Өйткені есімдіктердің мағынасы да басқа сөздердің лексикалық мағынасы сияқты белгілі бір дыбыстар кешенімен үздіксіз байланыста болады. Дәлірек айтсақ, есімдіктің мағынасы грамматикалық мағына сияқты сөздер тобына емес, жеке сөзге тэн мағына болып табылады. Әрі алуан-түрлі тілдік қатынаста мағынасы түрақты сақталып, есімдік дербестігін сақтап қалып отырады. Бүл жағдай есімдіктердің көмекші сөздер қатарында емес, атауыш сөздер қатарында қаралуына негіз болады. Ал оның мағынасының грамматикалық мағынаға тэн белгілерінен гөрі лексикалық мағынаға тэн белгілері басым болады.
Кей ғалымдар жеке түрғанда сөздерде лексикалық мағына жоқ, мағына сөздердің сөйлемдегі орнымен не басқа сөздермен қарым-қатынасы негізінде пайда болады деп ашып айта бермейді. Мысалы, Ю. М. Лотман лингвистикалық текстің түрлі қасиеттеріне талдау жасай отырып, мағына екі түрлі күрымдық байланыс бар жерде ғана пайда болатынын айтады. Әрине бул жерде автор сөздердің сөйлем қүрамына енгендегі байланысын баса айтып түр. Тіпті ол кез келген мағынаның табиғаты мен мэні екінші бір тілдік элементпен байланыспай анықталынбайды дейді. А.А.
Реформатский бүл пікірлерден де тсреңдей түсіп, сөз мағынасы объектив дүниедегі заттар мен түрлі қүбылыстардың белгілі дәрежедегі бейнесі, көшірмесі емес, керісінше тіл элементтерінің арасындағы қатынастан туады дегенді айтады.
Сөз мағынасының объективті дүниедегі заттармен, қүбылыстармен белгілі байланысы барлығы анық. Бірақ ол байланысты тек қатынас деп түсіну дүрыс болмайды. Сондай-ақ заттар арасындағы түрлі қатынастар да сөз арқылы екінші біреулерге жеткізілітіндігі де анық. Сонымен бірге дүниедегі заттар арасында да түрлі қатынастың болатындығы шындық. Сөз мағынасы тек қатынас негізінде тумайды, ол объектив дүниедегі заттар мен түрлі қүбылыстардың адам санасындағы түрлі дәрежедегі жалпыланған бейнесіне де негізделінеді
Сөз мағынасын сөздердің жүйедегі орны арқылы анықтау қазіргі структурализм өкілдері арасында кең таралған. Тілдің жүйелі қүбылыс екендігін көпшілік ғалымдар мойындайды. Бірақ жүйе мағына жасамайды, керісінше, сөздердің мағыналық сыбайластығы оларды бір топқа біріктіріп, жүйе ретінде талдауға мүмкіндік береді; ал жүйенің өзі сол мағыналық қарым- қатынастың сырын толық түсінуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан сөз мағынасына жүйенің әсер ететінін де жоққа шығарып болмайды. Мысалы, етістіктерді қозғалу етістіктері, амал-эрекет етістіктері, қарым-қатынас етістіктері сияқты лексика-се-
мантикалық топтарға бөлгенде олардың лексикалық мағынасын негіз етіп алады. Қозғалу етістіктері дегенде қозғалысқа түскен заттың бір орыннан екінші бір орынға өтуімен байланысты мағынаны білдіруіне негізделінсе, қалып етістіктері заттың қалпымен, кеңістіктегі орнымен байланысты болған мағынасына негізделінеді. Кел, кет, бар, жүгір, жел, үш, ецбекте, жоргала деген сөздерде қозғалу, орын ауыстыру бар. Бірақ бүл етістіктердің біреуі жоқ болса, жүйе ыдырайды деген үғым тумауы керек, олардың әрқайсысының мағыналық дербестігі бар. Сол
мағыналарына қарай белгілі бір лексика-семантикалық топтың қүрамынан орын алады.
Сөз мағынасын мәнмәтін қызметіне берушілер өздерінің пікірлерінің дэлелі ретінде сөздердің көп мағыналылығын көрсетеді. Көп мағыналылық тіл тілдердің барлығында да бар қүбылыс. Бірақ көп мағыналықты мәнмәтін тиянақтау, көп мағыналылықта кездесетін бытыраңқылықты, екіүштылықты жою болып саналады Әрине тілдерде кездесетін қалыпқа түспеген, элі сіңісе қоймаған тіркестерде мэнмэтін мағына жасап түрғандай көрінеді. Мысалы, Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі, Іштегі кірді қашырса Адамның хикмет кеудесі(Абай). Осы мысалдағы, жүрек, көз, сәуле, іш, кір, цашыру, кеуде сөздерінің барлығы да тура мағынасында қолданылмай, ауыспалы мағынада келген. Әрі олардың ауыспалы мағынасын дүрыс тану үшін мәнмәтіннің мэні зор. Бірақ сөздің ауыспалы мағынасының тууына бір ғана мәнмәтін әсер етіп түрған жоқ. Ауыспалы мағынаның өзі сөздің негізгі мағынасынан өрбіп шығып отыр. Әрі сөздің негізгі мағынасының санада қайта сарапталып, анализ, синтез процесінен өтуінің, алуан-түрлі ассоциациялардың нәтижесінде мүмкін болған.
Қазір кей тілшілер сөз мағынасын сөйлеумен(речь) байланыстырып, сөйлеу кезіндегі ақпарат берумен анықтауға әрекет етеді. Сөзсіз сөйлеу үрдісі кезінде сөйлеуші тыңдаушыға белгілі бір ақпаратты, хабарды жеткізуі қажет.
В.М.Солнцев сөз мағынасын тікелей жоққа шығармайды. Бірақ таңба теориясымен байланыстыра отырып, тілдің таңбалық қасиетіне тоқталады. Автор тілдік таңбаны екі жақты қүбылыс деп танымай, бір жақты қүбылыс дейді, нәтижеде мағына дыбыстық таңбадан тыс жатқан қүбылыс болып шығады. Әрине тілшілер арасында тілдің таңбалық қасиетімен пікір таласы бар екендігі анық. Сонда да тіл элементтері қатынас қүралы болу үшін белгілі бір ақпаратпен, мағынамен байланысуы сөзсіз, мағынамен байланыспаған таңба қатынас қүралының элементі бола алмайды. Дыбысталу мен мағына арасындағы байланыс бүл мәселенің екінші жағы болып саналады.
Қазақ тілінің жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарында, негізінен, сөздің белгілі өзіне тэн болатын мағынасы барлығын мойындайды. «Сөз болған жерде мағына болуы — табиғи нәрсе» (І.Кеңесбаев). «Сөз біткеннің барлығында да белгілі мағына болады» (Ә.Болғанбаев). Бірак Ғ. Мүсабаев сөздің мағынасы мен дыбысталуы туралы пікір айта отырып «Үшін, сайын гөрі дегендер сөз емес, бірақ мүнда жүйелі дыбысталу бар. Демек дыбысталу мен сөз бір емес, екі айырым үғым деп көрсетеді. Жалпы жүйелі дыбысталу деп нені түсінеміз? Барлық тілдерде дыбыстардың белгілі заңдылығы бойынша сөз басында ц дыбысы, сөз соңында д дыбыстары қолданылмайды. Сондай-ақ ерін дауысты дыбыстары сөздің екінші, үшінші буындарында кездеспейді; ц, 8 дыбыстары тек жуан дауысты дыбысты буындардың қүрамында ғана қолданылса, к мен г тек жіңішке дауысты дыбысты буындар қүрамында қолданылады. Қазақ тілінде буындардың екі дауыссыздан басталынбауы, екі дауыссыздарға аяқталынатындығы шындық.
Тілдің басқа да дыбыстарға байланысты заңдылықтары бар. Бірақ бүлардың барлығы да дәуірлер бойына қалыптасқан, олар мағына мен формалардың арасындағы байланыстың қалыптасуына жағдай жасаған. Сондай-ақ қазақ тілінің заңдылығы бойынша езу дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында кездеседі. Ал дауыссыздардан ж, м, с, т, к, ц, н, з сияқтылар сөздің барлық деңгейінде қолданыла береді; ц тек сөз басында қолданылмаса, б, д, г, 8 дыбыстары сөз соңында қолданылмайды. Сондықтан да бем, гаж, гек, саж, мез дегендердің курамындағы дауыссыз дыбыстардың колданылуында қазақ тілінің дыбыс зандылығына қайшы келетін қүбылыс жоқ. Демек мүнда заңдылық, жүйелілік бар, бірақ оны сөз деп есептемейміз. Сөз болу үшін жоғарыда мысалға келтірген дыбыстар тізбегі белгілі бір мағынамен байланысып келуі керек. Мағынамен байланыспаған жүйелі дыбысталу сөз де, морфема да емес.
Сөздердің лексикалық мағынасы жоқ немесе сөздер жеке түрғанда мағына білдірмей мәнмәтіннің қүрамына енгенде ғана лексикалық мағына білдіреді деушілердің барлығы да бірдей сөздердің, лексикалық мағынасының табиғатын түсінбейді деу дүрыс болмайды. Мүндай қорытындыға келуіне олардың кейбіреулерінің эдіснамалық көзқарасы, кейбіреулерінің зерттеу эдістерімен байланысып жатқан үстанымдық мәселелері де жоқ емес.
Жалпы тіл білімінде сөздердің лексикалық мағынасын жоқ деушілер «структуралды тіл білімі» деп саналатын ағымның бір саласы - глоссемантика мектебінің бірнеше өкілдерінің еңбектерінде де табылады.
Жеке сөздердің лексикалық мағынасы жоқ, олар мағынаны сөйлем күрамына енгенде ғана қабылдайды деушілердің бір тобы өздерінің пікіріне дэлел ретінде сөздердің көп мағыналылық қасиеттерін көрсеткендігін жоғарыда айтқан болатынбыз. Шындығында да полисемантизм тілдердің барлығында кездесетін қүбылыс.
Көп мағыналы сөздердің омонимнен ерекшелігі: көп
мағыналы сөз неше мағынада қолданылса да, мағыналары арасында семантикалық жалғастық болады. Омонимдер болса дыбысталуы жэне жазылуы бірдей, мағыналары басқа-басқа сөздер. Омонимдер лексикалық мағынасы, грамматикалық қасиеттері мен тіркесімдік қабілеттері арқылы тілде бір-бірінен жеңіл ажыратылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ауыз сөзінің жеті түрлі мағынасы бар деп көрсетілген. 1. Адамның, жан-жануардың тамақ қабылдайтын мүшесі. 2. Дыбыстау мүшесінің бірі, артикуляциялық аппарат. 3. Адам, кісі мағынасында. 4. Бір нәрсенің ашық жағы. 5. Бір нәрсенің кіріп, шығатын жері, есігі 6. Бір нәрсенің басталар жері. 7. Жараның, ісіктің ашылған жері, үстіңгі жағы, беті.
(ҚТТС-1, 476—477). Бүл мағыналарды ажыратуда мәнмәтіннің қызметі болатындығы анық. Сондықтан да полисемантизм туралы пікір айтқан ғалымдар мәнмәтіннің қызметіне баға беруі дүрыс. Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоц болады дегендегі ауыз сөзі адам мағынасында (бөлшектің бүтін орнына қолданылу зандылығы бойынша) қолданылып түрғандығы анық. Жай қараған адамға ауыз сөзінің адам мағынасында қолданылуы тек осы мәнмәтінмен байланыстыдай көрінуі ғажап емес. Шындығында да бүның қасиеті сәл басқашалау.
Мәнмәтіннің қызметі көп мағыналы сөздердің мағынасын тиянақтау, қолданылған кезде бір мағыналық қалыпқа келтіру. Екінші сөзбен айтқанымызда, айтушының көп мағыналы сөзді қай мағынада айтылғандығын тыңдаушысына нақты жеткізуінде ғана.
Жеке сөздерде мағына жоқ, олардың мағынасы тіркесте, жүйедегі орнына байланысты болады деушілер мен көп мағыналылық сөйлем ішінде ғана, тіркескен сөздерімен байланысты туады деушілер арасында байланыс бар. Бүл қағидаларды қолдаушылардың екеулері де сөздер жеке түрғанда лексикалық мағыналары болмайды деген қағиданы қолдайды, сөздердің дербестігін жоққа шығарады.
Дегенмен тілшілердің көпшілігі жеке сөздердің лексикалық мағынасы барлығын мойындайды. Бірақ сол лексикалық мағынаны қалай анықтау керек, оның негізінде не жатады деген мэселеде аралары ашылып, пікір алалығы туып жатады. Бүл, әрине, тілші ғалымдардың жеке өздеріне ғана емес философтарға да, семиотиктерге де, психологтарға да, информациямен айналысатын ғалымдар арасында да байқалатын жағдай. Сондай-ақ тілшілердің өздері де бүл мәселені бір түрлі түсінбейді. Бүл олардың зерттеу методтары мен көзқарастарына да байланысты. Дегенмен де сөз мағынасы дегенде объектив дүниедегі заттармен байланысы бар, қатынас күралы ретінде қолданылатын тілдің негізгі элементін түсінетініміз рас. Сол үшін де тілшілер мен философтар арасында кең таралған анықтамалардың көпшілігі мағынаны үғым түсінігі арқылы белгілеуге әрекет етеді. Мысалы, Л.О. Резников: «Біздің ойымызша, сөз шындығында да үғымды білдіреді, яғни объектив дүниедегі заттардың бейнесін білдіреді»,— деген. Әрине үғым түсінігі мен сөздердің лексикалық мағыналарын тең деп (Абсолют дәрежеде) санамасақ та, бүл екі категория аралығында байланыс бар деушілердің пікірінде шындық бар. Қалай демейік, бэрі бір, зерттеуші сөз бен зат арасында таным процестерінің элементтері, оның үғыммен байланысып жатқан жақтары барлығын мойындайды. Бүл жерде пікір таласына себепші болып жүрген нәрсе - сөз мағынасы мен үғым қаншалықты тең түседі немесе сөз мағынасында үғым элементтері қаншалықты бар деген нәрсе.
Тілшілердің көпшілігі қүптаған мэселенің бірі - сөз мағынасының қүрамында объектив дүниедегі заттардың белгілі дэрежедегі сәйкес келетін көшірмесі, бейнесі бар деу. Әрине шындық болмыстағы заттар мен болып жатқан қүбылыстар сөздердің тікелей лексикалық мағынасы бола бермейді. Шындық болмыстағы заттар мен болып жатқан күбылыстар сөздердің лексикалық мағынасы ретінде қабылданып, қалыптасқанға дейін бірнеше психологиялық этаптарды басып өтулері керек. Сондықтан да сөз мағынасын тек заттың не амал-әрекеттің санадағы бейнесі десе, онда сөз мағынасы тілдік категория болып саналмастан психологиялық категория болыи саналуы керек еді. Дүние жүзіндегі адамдар объектив дүниедегі заттарды сезінуде, түйсінуде бірі екіншісінен онша алшақ кете қоймайды, бірақ сөздердің семантикасында ондай алшақтық байқалынадьғ Бүл, әрине, эр халықтың эдени деңгейіне, әлеуметтік даму сатысына, өмір сүртен ортасына, географиялық жағдайына, тіпті жеке адамдардың өмір тануына да байланысгы сияқты.
Қорыта айтқанымызда, сөз мағынасы өте күрделі, бірнеше қабаттардан қүралатын тілдік категория. Профессор М.Оразов: «Лексикалық мағына дегеніміз белгілі бір дыбыс ие дыбыстар тізбегімен шартты, тарихи жэне әлеуметтік байланысқа түскен объектив дүниедегі заттардың, амал-эрекеттердің, түрлі қүбылыстардың адам санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі», - деген түрде анықтама береді.
Сөз мағынасы объектив. дүниедегі заттар мен қүбылыстардың толық бейнесі болып саналмайды Дүниедегі заттар мен заттар, қүбылыстар мен қүбылыстар түрлі қатынаста болады. Мысалы, таза, ештеңемен байланыспаған қозғалыстың өзі болмайды. Қозғалыс белгілі бір кеңістікте мезгілде болады. Айтылғанның үстіне қозғалысқа түсетін субъект жэне қозғалыс бағытталған объект де болады. Осы сияқты қарама-қайшылықтар қүрамына еніп, бір сөздің екінші бір сөзден ажыратылып жатуына не байланысып жатуына себепші болады.
Сөз мағыналарының деңгейі, анықтығы барлық сөздерде де бірдей, тең дәрежеде бола бермейді. Сол үшін де атауыш сөздердің лексикалық мағынасы мен көмекші сөздердің мағынасын тең санау дүрыс болмайды. Тіпті зат есімдер мен сын есімдердің, зат есімдер мен етістіктердің мағыналарын тең деп санау дүрыс бола бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |