Орта кәсіптік оқу орындарында мамандарды кәсіптік даярлауға бағытталған информатика курсының оқу бағдарламасы
1-бөлім. Дербес компьютер
Кіріспе
Ақпарат ұғымы және оның берілу түрлері. Ақпаратты сақтау және өңдеу. Ақпараттық процестердің негізгі мысалдары. ЭЕМ пайдананудың қажеттілігі. ЭЕМ қызметінің түрлерін демонстрациялау.
ЭЕМ негізгі компонентерінің қызметімен танысу.
ЭЕМ жалпы түрі, компьютердің негізгі құрылғылары, машинаның жұмыс істеу үдерісінде олардың атқаратын қызметі. Есептеуіш техника кабинеті және онда жұмыс істеу ережелері.
Тышқан. Пернетақта. Меңзер. Бас және кіші әріптерді теру. Орыс және латын әріптерін теру. Пернетақтада символдардың орналасуы жайлы Қазақстан стандарты. Қазақ алфавитін теру. Арнайы пернелер. Пернетақталық жаттықтырушымен жұмыс істеу. Мәтіндік редакторды сөздерді теру.
Графикалық редакторлар.
Графикалық редактор ұғымы. Оның қызметі. Графикалық редакторлардың түрлері. Экран бетімен меңзерді қозғалту. Сайманды таңдап алу. Қарапайым суреттерді салу. Түсті және палитраны таңдау. Боялған аумақтарды салу. Графикалық редакторда мәтіндермен жұмыс істеу. Қаріптер және стильдер. өшіру. Құжатты сақтау. Суретті өшіру және көшіру. Бөліктерден бүтін суреттер құрастыру. Айналдыру. Үлкейткішпен жұмыс істеу. Компьютерлік суреттер альбомын жасау.
Қолданбалы программалар.
ЭЕМ-ның көмегімен шешілетін негізгі есептер. Программалық жабдықтау ұғымы. Жиі қолданылатын программалар.
Калькулятормен, сағатпен, қойын кітапшасымен, картотекамен, анықтамалықпен, аудармашымен, әлем және аспан карталарымен жұмыс істеу. Қазақ тіліндегі программалық құралдар және олардың ерекшеліктері.
Мәтіндік редакторлар.
Мәтіндік редактордың сипаттамалары мен қызметі. Мәтінді өңдеуді автоматтандырудың жетістіктері. Редактормен жұмыс істеу ережелері. Мәтінді дискіде сақтау және дискіден жүктеу. Мәтінді баспаға шығару. Мәтінді теру және өңдеу тәсілдері. Мәтіндік жолдарды өңдеу: қателерін жөндеу, қою, өшіру, қиып алу, жапсыру. Символдарды, сөздерді, жолдарды, блоктарды көшіру. Тасымалдау. өшіру. Қаріптер және олардың түрлері. Қаріптерді ауыстыру. Латын, орыс және қазақ тілдерінің қаріптері. Қаріптерді ауыстыру. Индекстер. Туралау және тасымалдау. Ортаға туралау. Мәтіндерді, абзацтарды, блоктарды форматтау тәсілдері. Жоларалық интервал және мәтіннің шекаралары. Символдың және фонның түсі. Кестені өңдеу. Құжаттар мен хаттарды безендіру мен өңдеудің негізгі тәсілдері. Бірмезгілде бірнеше құжаттармен жұмыс істеу. Терезе. Колонкаларға бөлінген мәтіндер. Терілген мақалалардан компьютерлік газет құру. Қазақ тілінде мақалалар жазу. Мәтіндерге графикалық объектілерді кірістіру. Фирмалық бланкалар мен визит карточкалары. Автоматтандырылған орфографиялық тексеру және мәтіндерді аудару. Компьютерлік диктант.
6. ЭЕМ-дағы дыбыс
Дербес компьютердегі дыбыстың генерациясы және оны сақтаудың негізгі принциптері. Ақпарат ретіндегі әуен ұғымы. Әуендік ақпараттың элементтері: жоғарылығы және ұзақтығы. Ноталар. Мультимедиа құралы. Музыкалық редактор. Музыкалық редакторда ноталарды жазу ережесі. Әуендерді өңдеу. Әуендерді дискіде сақтау.
Операциялық жүйелер және қабықшалар.
Операциялық жүйе. Операциялық жүйенің командалары. Магниттік тасымалдаушыларының түрлері, сақталатын ақпараттың көлемі, форматтау. Операциялық жүйелердің дискілері. Дискіден дискіге көшу. Файлдар. Операциялық жүйеде файлдарды құру, көшіру және өшіру. Консоль. Каталогтар. Каталогтар құру және өшіру. Файлдық жүйемен саяхат. Файл аттарының шаблоны. Командаларды жазуда шаблондарды қолдану. Файлдарды принтерде басып шығару. Командалық файлдар. Арнайы командалар. Драйвер – программалар. Тышқанмен сүйемелдеу. Қазақ және орыс алфавиттерінің драйверлері. Операциялық жүйелерді баптау.
Norton Commander интегрленген қабықшасы. Файдармен және каталогтармен жүргізілетін негізгі операциялар. Баптау. Windows операциялық жүйесі. Windows операциялық жүйесін баптау. Program Manager көмегімен программаларды жүктеу. Мониторды, жұмыс аумағын, экранды баптау.
2-бөлім. Ақпаратты өңдеу.
Электрондық кестелер.
Электрондық кестелер ұғымы. Электрондық кестелердегі ұяшықтардың типтері, электрондық кестелерді мәліметтермен және формулалармен толтыру; электрондық кестелерді мүмкін болатын негізгі операциялар. Электрондық кестеде математикалық және экономикалық есептеулер жүргізу. Экологияның өзекті мәселелерін шешу. Салалық ерекшіліктерін ескере отырып есептерді шешу. Математикалық функциялар. Шарт. Диаграммалар мен гистограммалардың түрлері. Графиктер мен диаграммалар құру. Жұмыс кітаптарын құру және безендіру. Сілтемелік кестелер. Электрондық кестені баптау. Макрокомандалар.
Мәліметтер қоры.
ЭЕМ-да ақпаратты сақтаудың негізгі тәсілдері. Мәліметтер қоры ұғымы және оның қызметі. Мәліметтер қорын құру, сақтау, өңдеу және баспаға шығару; мәліметтерді іздеуді автоматтандыру; ақпараттық-іздестіру есептерін шешу. Офистің, қойманың, кітапхананың және т.б. негізгі қызметтерін модельдеу. Салалық шаруашылық қызметтерді модельдеу.
3. Компьютер коммуникация құралы ретінде.
Ақпарат және оны байланыс арналарымен тарату; сыныптың жергілікті есептеуіш желісі; желілік программалық жабдықтау; файлдарды, хабарламаларды жіберу; ауқымды есептеуіш желілері және мәліметтерді тарату жүйесі; модем және факспен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері. Жергілікті желіні ұйымдастыру және баптау. Ауқымды ақпараттық желілер. Интернет дүниежүзілік желі. Желіге қосылу ережелері. Web-беттері. Қазақстан Республикасындағы Интернет желісі. Internet Explorer және Netscape Navigator программалары. Желіде қажетті ақпаратты іздеу. Ақпаратты дискіде файл түрінде сақтау. Web-бетін баспаға шығару. Электрондық пошта. Хабарды алу және жөнелту. On-line режимінде ақпарат алмасу.
3-бөлім. Программалау бастамалары
Негізгі ұғымдар.
Алгоритм ұғымы. Нақты есептер шығару алгоритмдерінің мысалдары. Программалау тілі ЭЕМ-мен «сұхбаттасудың» бір құралы ретінде. Жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдері. Тілдің алфавиті, атаулар және идентификаторлар, операторлар, айнымалылар, сипаттамалар. Программаны жазу ережелері.
2. Шартты операторлар және циклдар.
Шартты оператор ұғымы; логикалық операциялар және өрнектер; программада тармақты ұйымдастыру үшін шартты операторды қолдану; таңдау операторы; «дейін» циклдық операторының көмегімен циклдық алгоритмдерді құру; «әзір» циклдық операторының көмегімен циклдық алгоритмдерді құру; параметрлі циклдар; циклдық операторлардың айырмашылықтары.
Машиналық графика құралдары.
Графикалық режимге өту; графикалық примитивтер және олармен жұмыс істеу құралдары; графикалық объектілерді шығаруда координатаны есептеу. Геометриялық есептерді шешу. Қарапайым математикалық функциялардың графиктерін құру.
4. Программалау тілдеріндегі берілгендердің типтері.
Берілгендердің типтері; типтердің түрлері. Массивтер;
индекстер және оларды өзгерту шектері; бір және екі өлшемді массивтер. Құрылым және жазу. Жазу алаңы. Әртүрлі типті айнымалы операторлар; мәліметтердің жаңа типтерін жариялау; программада мәліметтерді ұйымдастыру.
5. Ішкі программалар.
Программалау тілдеріндегі функциялар мен процедуралар. Ішкі программаны сипаттау және шақыру; аргументтер және нәтижелер; процедуралар мен функциялардың ішкі және сыртқы айнымалалары; Рекурсия.
ЭЕМ-да практикалық есептерді шешу.
Компьютерлік модель ұғымы және олардың түрлері; есептің қойылымы және модельді таңдау; шығару әдістерін таңдау және негіздеу; ЭЕМ-да есепті шығарудың қойылымы; есептеу эксперименті ұғымы және оны өткізу мысалдары; ЭЕМ-ді экономикада, өндірісте, ғылымда және күнделікті өмірде қолдану.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы ақпараттық-есептеуіш техниканың ерекшеліктерін тану үдерісі және оқушыларда техникалық ойлауды туғызу үшін техникалық қосымшаға бағытталған информатика курсының вариативті бағдарламасын қарастырайық.