Бидайбеков Е


Алгортимдік мәдениет  Компьютерлік сауаттылық



бет27/87
Дата15.01.2023
өлшемі1,9 Mb.
#165576
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   87
Байланысты:
treatise13514

Алгортимдік мәдениет  Компьютерлік сауаттылық

Төменде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасы, оқушыларға арналған байқау оқу құралдары мен мұғалімдер үшін әдістемелік құралдар пайда болғаннан соң мамандар мен педагогтардың жиналысында талқыланған «компьютерлік сауаттылық» ұғымына берілген толықтырулар келтірілген [5, 8, 17, 27, 28 және т.б.].


1. Компьютермен «сұхбаттасу» икемділігі. Компьютермен «пайдаланушы деңгейінде» қарым-қатынас жасау – бұл компьютерді жұмысқа дайындау, оны іске қосу және сөндіру шеберлігі, дисплеймен жұмыс істеу шеберлігі, яғни пернетақтамен жұмысты меңгеру, сандар мен айнымалыларды енгізу, енгізілген мәліметтерді түзету, программаны енгізу, іске қосу және түзету болып табылады. Бұған оқушылардың мәтіндік және графикалық редакторлармен, электрондық кестелермен, әр түрлі ойын программалары сияқты қарапайым сервистік программалармен жұмыс істеу сонымен қатар, компьютермен сұхбаттық режимде жұмыс істеу сияқты дағдылары мен икемділіктері жатуы мүмкін. Бұл бағытта білім, біліктілік және дағды - өз ерекшеліктеріне байланысты төменгі сыныптарға, мектепке дейінгі жастағы балаларға да пайдалы болуы мүмкін.
2. Компьютер үшін қарапайым программалар құру. Жалпы орта білім беретін мектептердің мақсаты программалаушылар дайындау болып табылмайды, сондықтан, ЭЕМ үшін программалаудың негізгі принциптерін түсіну жалпы білім беру жүйесіне кіруі тиіс.
Бұл үдерістің жүзеге асырылуы бірте-бірте және ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Дербес программалар жазудың, әсіресе тармақталу мен циклдерді ұйымдастыруға енетін оқушылардың алғашқы икемділіктері, программалауға дейінгі қарапайым және көрнекілік құралдардан тұратын алгоритмдік мәдениеттің компоненттеріне негізделеді. Білім берудің жоғары сатыларында пәнді тереңдетіп оқыту мақсатында бірнеше программалау тілдерімен таныстыруға болады. Бұл деңгейде, дегенмен, программа жазылатын тілді таңдаудың қажеттілігіне қарағанда программалаудың негізіне жататын алгоритмдерді құра білу үшін қажетті білім, біліктілік және дағдылардың қажеттілігі басым болып келеді.
3. ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік.
Компьютерлік сауаттылықтың бұл компоненті екі негізгі құраушы бөліктен тұрады:
а) компьютердің құрылысы және оның негізгі құрылғыларының атқаратын қызметі;
ә) компьютердің негізгі элементтерінің физикалық негіздері және жұмыс істеу принциптері.
Бұл компоненттің оқушылардың меңгеруіне қиын болса да, маңызды дүниетанымдық мағынасы бар. Алғашында бұл туралы мәліметтер информатика курсында қолданбалы сипатта болуы, ең алдымен қолданушының қажетіне жарауы, оған жеке машинаның мүмкіндіктерін бағалауға немесе әртүрлі компьютерлі салыстыруға көмектесуі тиіс деп есептелінген. Әрине, физика курсында ЭЕМ-нің жұмыс істеу негізіне жататын әр түрлі физикалық құбылыстар, ал математика курсында немесе информатика курсының іргелі бөлімінде оның жұмыс істеу принциптеріне жататын мейлінше жалпы және абстрактілі жағдайлар дәлірек қарастырылады [5].
4. ЭЕМ-нің мүмкіндігін және қолдану ауқымын, компьютерлендірудің әлеуметтік әсерін елестету.
Компьютерлік сауаттылықтың бұл компонентін қалыптастыру информатика курсының негізгі міндеті болып табылмайды, себебі, ол оның шегінен шығып кетеді. Оқушыларға бірқатар оқу пәндерінен әртүрлі мәселелерді шешуде компьютерді практикалық қолдану үдерісінде, еңбектің ұтымдылығын арттырудағы ЭЕМ-нің қолданылу ауқымы мен рөлі туралы ашып айту мақсатқа сай келеді. Мектеп компьютерін оқушылар математика, физика, химия пәндерінде есептеу жұмыстары, оқу эксперименті мәліметтерін талдауда және зертханалық жұмыстарды жүргізудегі заңдылықтарды іздеуде, алгебра курсында функцияны зерттеуде, математикалық модельдерді, физикалық, химиялық, биологиялық және басқа құбылыстар мен үдерістерді құру мен талдауда қолдануы мүмкін. Оқушылар арнайы ЭЕМ-ді география, тарих және басқа да гуманитарлық пәндерде ақпараттық жүйе, мәліметтер қоры, автоматты анықтама ретінде қолдануларына болады.
Пәнді мектепке енгізудің алғашқы кезеңінде пайда болған компьютерлік сауаттылық түсінігі бұл күнде де әдістемелік әдебиеттерде белсенділігін жойған жоқ. Жоғарыда айтылған қысқартылған төрт компоненттен тұратын компьютерлік сауаттылықтың құрылымы белгілі төрт, яғни қарым-қатынас, программалау, құрылғы, қолдану сөздердің жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін. Компьютерлік сауаттылықтың барлық компоненттері сақталғанның өзінде олардың біріне аса көп көңіл аудару информатика пәнін оқытудың мақсатын елеулі өзгеріске ұшыратады. Мәселен, егер қарым-қатынаста болу компоненті үстем бола бастаса, онда курс айрықша қолданбалы болады да, компьютерлік технологияларды меңгеруге бағытталады. Программалау компоненті үстем болғанда курстың мақсаты программалаушылар дайындауға алып келеді және т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет