Практикалық бөлім 1. Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, өмірде Big Data-ны қолданудың нақты мысалдарын келтіріңдер және деректер бойынша маман болу үшін қандай білім мен біліктер қажеттігін талдаңдар.
2. Төменде көрсетілген кестеге үлкен деректер мен дәстүрлі деректер сипаттамаларын толтырыңдар.
Дәстүрлідеректерқоры
Үлкендеректер
Қолдану саласы
Деректер сипаттамасы
Деректер сақтау тәсілдері
Деректерді сақтау және өңдеу моделі
Өңдеуге арналған ақпарат саны
Сұрақтарға жауап берейік! Big Data деген не?
Big Data-ның негізгі сипатаммалары қандай? Big Data қайда қолданылады?
Деректер қоры деген не?
Деректер қорын басқару қажет пе? Реляциялық байланыс деген не?
Деректер қоры кестелері байланыстарының қандай түрлері бар?
Ойланайық, талқылайық! Біздің өмірде Big Data мәні қаншалықты маңызды? Неліктен Big Data-ны қолдану тез дамып келеді?
Не себепті өзіміз туралы деректердің сақталуы мен қауіпсіздігіне толық сенімді емеспіз? Деректер қорын басқару жүйесі не үшін қажет?
Неліктен реляциялық деректер қоры кестелермен тығыз байланысты?