Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


Қазақстандық жаңашыл-педагогтардың технологиялары



бет49/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Билет жауаптары

3.Қазақстандық жаңашыл-педагогтардың технологиялары.
Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп,ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтынын дәлелдеп,мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті.Олар:
- балалар мен мұғалімдер,ата- аналар арасындағы ынтымақ;
- ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;
- оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстар беру;
- баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету;
- тұлғаның дамуы;
- тірек идеясы;
- жаңарту идеясы;
- озу идеясы;
Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың ұстаздық қызметі. Негізгі идеялары мен тәжірибелері:Көпшілік Архимед мектебін "Болашақ" мектебі дейді. Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді.
Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі.Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.
25-билет
1.Оқушыларда практикалық біліктерді қалыптастырудың белсенді әдістері.
2.Оқытудың белсенді әдістері.Конференция сабағы.Оны ұйымдастырып,өткізу әдістері.
3.Ұжымдық оқыту технологиясы.Оның ерекшеліктері.Оны жүзеге асыру әдістемесі.

Оқытудың белсенді әдістері-«Биопоэма» әдісіА-4 парақты 8 бөлікке бөліп, әр бөлікке өзі туралы маңызды ақпаратты толтырады. Мәліметтерді толықтырып болған соң, бүкіл топ мүшелерінің біреуінен ұқсастықты байқау, саралау, мәліметті толықтырады. Топтағы таныстықты арттырады, өз ортасындағы ұқсастықты табады, ізденімпаздыққа жетелейді. «Кластер» әдісіТұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер) Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды. Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды. Сөзде берілген әр әріптері бойынша мағыналы сөйлем құрылады. Сөздер бастапқы әріптен басталады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды, жазылым дағдысы қалыптасады. Конференция сабағы өзінің, негізгі мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: фонетика, лексика, морфология, орфография, орфоэпия, синтаксис, пунктуация және тіл ұстарту бойынша өтілетін цресс-конференция сабақтары. Сондай-ақ бұл сабақ көлеміне қарай екі трпқа бөлінеді: 1. Тілдік салалар бойынша өтілетін пресс-қрнференция сабағы. 2. Тілдік тақырыптар бойынша өті-летін пресс-конференция сабағы. Мүғалім пресс-конференция сабағының тақырыбын бір апта бұрын хабарлап, қазақ тілі кабинетіне «почта жәшігін» орналастырады.Бұл «цочта жәшігіне». оқушылар екі түрлі мәселелер төңірегінде сұрақтар жазып тастайды: бірінші — қаралып отырған тақырып жөнінде, екінші — өзін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрайды. «Маман» оқушылар осы сүрақтарды және өзіне қатысты объектілерді үніле зерттеп, оқулық бойынша алған білім мен білігін көмекші құралдар.кітаптар жәңе мерзімді баспасөз материалдармен байытады. Сөйтіп «маман” оқушылар сабақ өтілетін күні өзіне койылатын түрлі сүрақтарға жауап беруге өзір тұрады.2.Пресс-конферевция сабағы басталар кезде класс тақтасы алдына қатарымен стол-қойылып, оған «маман» оқушылар орналасады. Сонан кейін бұларға «тілші» окушылар өздерінің сұрақтарын бере бастайды. Осы өтіліп отырған сабақ процесіне байланысты сұрақтар күні бұрын беріліп, оларға «маман» оқушылар тарапынан жауаптар әзірленеді «Тілші» оқушылардың сүрақтары да, «маман» оқушылардың беретін жауаптары да шәкірттердін, дәптерлеріне жазылады.Пресс-конференция сабағының әсерлі болуы ондағы қойылатьш сұрақтардъщ мәнділігі мен дәлдігіне, тікелей байланысты. Қойылатын сұрақтар мен берілетін жауаптардың мәнділігіне орай «тілші» оқушылар мен «маман» оқушылардан мыналар талап етіледі. «Тілші» оқушылардансұрақ қояр алдында фамилиясы мен атын атауы, койылатын сүрақтарды анық етіп қоюы, ол сұрақты бүкіл класс оқушылары жазып алуы талап етіледі. Ал «маман» оқушылардан қойылатын сүраққа ықшамды, жинақты түрде толық жауап беруі, олардық сүрақты тағы да толықтыра түсуі, жауаптардын, әдеби тілде берілуі, кітапқа кез жүгіртпеуі, біреудің сыбырын кайталап айтпауы, түсінігін, білгенін өз сезімен айтып беруі талап етіледі.Осындай талаптарды ескере отырып өткен пресс-конференция сабағы қазақ тілі материалдарын жүйелі талдауға, олартың өзіндік ерекшелігін толық есте сақтай білуге, ой қорытындыларын дұрыс шығаруға, тапқырлыққа, коллектив болып жұмыс істеуге баулиды.Ұжымдық оқыту Технологиясы дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру. Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі. Оқу әрекетін ұйымдастыруда ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады. Топпен жұмыс жасауда оқытудың тиімділігі.Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талқылауы, оқушылардың ортақ ойға келуі. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет