Билет №1 Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары



бет14/20
Дата02.12.2023
өлшемі262,98 Kb.
#194559
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Билет №1 Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары-emirsaba.org

Жауабы: Икемділік – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Икемділік коэффициенті бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш болып табылады. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады.Cұраныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент.Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұра- ныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипаттайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті.Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға (Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент.
2.ҚР қазіргі заманғы банктік жүйе. Банктер, олардың түрлері және функциялары. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдары.


Жауабы: Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алған соң КСРО Мембанктің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді жәнеөз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды , халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді.
3.Экономика төменгі мәліметтермен өрнектелген.
Нақты табыс Ү = 4000 долл. Тұтынудың шекті бейімділігі МРС = 0,8. Тепе-тендік табыс Ү* = 4200 долл.
Экономика тепе-тендік жағдайда болуы үшін (Ү* = 4200 долл.) мемлекеттік шығындар қалай өзгеруге тиісті? (Басқа шарттары тұрақты деп жорамалдаймыз.)


Шешімі: a) ∆Y = ∆Gx мемлекеттік шығындар мультипли­каторы (М) (Мұндагы ∆Ү — табыстың өзгерісі. G — мемлекеттік шығындар өзгерісі) ∆Y = Ү * -Ү = 4200 долл. - 4000 долл. = 200 долл. M = = =—=5. 200 = ∆G х 5 => ∆G = 40, демек мемлекеттік шыгындар 40 долларға өсті.
25-билет

1.Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығындар.Шығындардың түрлері. Фирманың шығындарын барынша азайту мәселесі.Фирманың табыстары және оның түрлері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет