Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет150/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Новокаинді қоршау деп - жансыздандыру мақсатымен нерв бағаналарына бөгет жасап, төменгі концентрациялы новокаин ерітіндісін әртүрлі жасушалық кеңістіктерге жіберуді айтады. Көп тараған түрлеріне паранефральді қоршау, бауырдың дөңгелек байламының, шажырқай түбірінің, қабырға аралығының, жамбастың қоршаулары жатады.
Қоршауды жасау үшін, 0,25% новокаин ерітіндісін пайдаланады. Оның
алдында аллергиялық анамнезді анықтау қажет. Алдымен терішілік анестезия жүргізіледі. Содан кейін, инені ары-қарай жылжыта отырып, новокаинді жіберіп отырады. Бұл тамыр мен нервтердің зақымдалуын болдыртпайды. Қоршауды орындау барысында, оқтын-оқтын шприцтің поршенін өзіне карап тартып отыру кажет (тамырлардың зақымдалғандығын бақылау үшін). Жансыздандыруды орындап болғаннан кейін, науқасты кресло немесе сүйрегішке жатқызып тасымалдайды. Новокаинді қоршау әртүрлі ауруларды нақтылау және болжамын анықтау үшін немесе ем ретінде жүргізіледі. Ол тек кана нерв талшықтарын жансыздандырып қана қоймай, афферентті және эфферентті импульстердің таралуын тежейді. Новокаиннің әлсіз ерітінділері зақымдалған ағзаның патологиялық ошақтарын қадағалап отыратын, сезімтал нерв элементтерімен тез ұсталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет