Өңештің атрезиясы. Бұл ақауда өңештің бір бөлігі толық бітелген болады.
Емі. Жедел түрде операция жасау керек - егер өңештің екі ұшының арасындағы қашықтық 1,5 см -ден аспаса, онда оларды тікелей тігіс салып жалғастырады, ал 1,5 см -ден көп болса - өңештің проксимальді ұшын эзофагостома ретінде сыртқа шығарады және тамақтандыру үшін, гастростома немесе өңештің дистальді бөлімінен екінші эзофагостома құрастырылады .
Өңештің тарылуы – көбінесе , эмбриональді кезеңде реканализация үрдістерінің тежелуінің нәтижесінде пайда болады .
Емі . Хирургиялық операция орындалады - егер тарылудың ұзындығы 1,5 см -ден аспаса, онда өңештің қабырғасын бойлай тіліп, тігісті көлденең салады. Пилоростеноз - асқазан қақпасыныңбұлшықеттерінің гипертрофиясының нәтижесінде дамитын тарылумен, оның иннервациясының бұзылуымен және тамақтың дұрыс өтпеуімен сипатталады.
Емі. Хирургиялық операция Фреде - Ромштет әдісімен пилоротомия жасалады немесе пилоропластика орындалады. Рецидив беруі мүмкін .
Достарыңызбен бөлісу: |