Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Кохер әдісімен иық буынын орнына салу (түзету)



бет244/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Кохер әдісімен иық буынын орнына салу (түзету). Науқасты орындыққа отырғызып, жансыздандырады. Дәрігер буын шыққан жағында, науқасқа қарама-қарсы тұрып, буынды түзетудің төрт кезеңін жүзеге асырады.
Бірінші кезең. Дәрігердің көмекшісі колтық астынан өткізілген орамал-
мен немесе ақ жаймамен науқастың иық белдеуін қозғалтпай ұстап тұрады. Хирург бір қолымен иықты шынтақтың үстінен, ал екінші қолымен білезік буынынан ұстайды. Науқастың қолын тік бұрышпен шынтақ иінінде бүгеді. Бұлшыкеттің серіппелі қарсыласуын жене отырып, иықты төмен тартады да, науқастың шынтағын денесіне жақындатып үстайды. Бұл кезде иық сүйегінің басы сыртка қарай бұрылады.
Екінші кезең. Науқастың денесіне қысылған иықты, хирург білегінен
тартып, сыртқа қарай алақаны дененің фронтальді жазықтығына тенескенге дейін айналдырады. Бұл кезде иық сүйегінің басы жауырынның буын бетіне карама-карсы орналасады. Екінші кезеңді орындағанда, буын түзелуі мүмкін. Бұл кезде «сырт» еткен дыбыс естіледі.
Үшінші кезең. Тарту күшін әлсіретпей, хирург ақырын ғана шынтакты
дененің ортаңғы сызығына дейін және аздап жоғары жылжытады. Мұндай козғалыста иық сүйегінің басы, әдетте буын капшығының жыртылған орнына карама-карсы орналасады.
Төртінші кезең. Жылдам қимылмен, хирург білекті ішке қарай козғалтып, наукастың кеудесіне зақымдалған қолдың алақаны сау иықтың үстінде орналасатындай етіп, жатқызып қояды. Осы кезде иық сүйегінің басы өзінің орнына келеді. Егер сүйек орнына түспесе, барлық кезеңдерді осы тәртіппен қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет