Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет64/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

2.Карбункул дегеніміз-бұл бір-біріне жақын орналасқан бірнеше түк қапшықтарының,сонымен қатар май бездерінің іріңді-өліеттенген қабынуын айтамыз.Ол тері мен тері асты шелмайына жайылады да,іріңді интоксикацияның даму белгілері бойынша сипатталады.
Себебі.Карбункул қант диабетімен ауыратын адамдарда жиі кездеседі және сыздауықты дұрыс емдемегенде дамуы мүмкін.Сонымен қатар ол шүйдеде,мойынның артқы бетінде,сегізкөз аймақтарында және жауырын аралықтарында жиі кездеседі.Осы карбункул кезінде айқын қабынулық инфильтпат пайда болады да,тері мен теріасты шелмайында тамырлардың біраз тромбоздары байқала бастайды.Міне осы кезде қан айналымының бұзылуынан тері мен теріасты шелмайы өліеттене бастап,үлкен көлемде іріңді қабынулар пайда болады.
Клиникасы.Жергілікті өте тығыз,ауыратын инфильтрат пайда болады.Оның үстіндегі тері жамылғысы қатайған және қою-көк түсті болып келеді. Инфильтраттың бетінде бірнеше іріңді - өліеттенген пустулалар дамиды.Олардың сол жердегі іс-әрекеті бір - біріне жалғасып,терінің өліеттенуіне себепші болады. Содан кейін барлығымызға белгілі тері жұқарып,іріңді - өліеттенген өзектермен қапталады да,тесіктер пайда болады және олардан қоймалжың ірің аға бастайды. Ол «келгезер» белгісі деп аталады.
Енді жалпы белгілеріне келсек:температураның көтерілуі,қатты ауыру сезімі,қалтырау, әлсіздік, шаршағыштык,тәбеттің төмендеуі байқалады.
Емі. Негізгі емі, әрине-хирургиялық операция болып табылады.Ал консервативті емді тек серозды инфильтрат кезде ғана және ағымы жеңіл болғанда қолданамыз.Сонымен қатар антибиотиктерді парентеральды салу,пайда болған инфильтраттың айналасына новокаинге сұйылтылған антибиотиктер енгізу және физиотерапия енгізіледі.Егер де жүргізген еміміз 2-3 күнде тиімсіз болса, онда операция орындаймыз.Ол қалай жүргізіледі?Ең алдымен карбункулды наркозбен крест секілді тілік жасаймызда,шандырға дейін ашып,сол жақтағы өліеттенген тіндерді кесіп алып тастаймыз.Сосын,антисептиктер, жергілікті протеолиттік ферменттер және физиотерапия,иммунотерапия, витаминотерапия тағайындаймыз.Егер осылардан соң жара тазарып,грануляциялар пайда болса, онда майлы таңғыштарды қолданып бастаймыз.

Негізінен карбункулды сібір ойық-жаралы карбункулдан,яғни түйнеме шиқаннан ажырата білуіміз керек.Оған геморрагиялық сұықтығы бар пустулалар және сұйықтықтың құрамында сібір ойық-жаралы таяқшалардың болуы тән,инфильтрат ауырмайды және іріңді бөліністері болмайды. Қоздырғышы – Bacillus anthracis сібір жарасын тудырушы бацилла.Сыртқы ортаға өте төзімді,спора түрінде топырақта 100 жылға дейін белсенділігін жолғалтпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет