III. Клиникалық ағымына байланысты:
1. Гематогенді остсомиелит:
A) жедел (жергілікті, жайылған, улы, септикопиемиялық түрлері);
B) біріншілік созылмалы:
• Броди абспессі;
Олье альбуминозды остеомислиті;
Гарре склерозды остеомислиті;
антибиотиктік остеомиелит.
C) екіншілік созылмалы.
2. Гематогенді емес остсомиелит:
A) жедел;
B) созылмалы.
Жедел гематогенді остеомиелит
Этиологиясы. Жедел гематогенді остеомиелиттің 80-90% жағдайда
қоздырғышы алтынды стафилококк болып табылады, бірақ басқа ірінді
микрофлоралар да тудыруы мүмкін (стректококк, ішек таяқшасы, протей
немесе аралас микрофлора). Көбінесе ұл балалар ауырады.
Патогенезі. Біріншілік ошактан микробтар адам денесінде гематогенді
олмен таралып, түтікті сүйектердің кемікті затының капиллярларына,
обінесе эпифиздің немесе метафиздің тамыраларына түсіп, олардағы қан айналымын баяулатады және кабырғаларының өткізгіштігін жоғарылатады. Ары-қарай ол жылжып, сүйек бағаналарымен қоршалған паравазальді кеністікке өтеді, нәтижесінде қабыну үрдісі дамиды, ісіну үдей түседі және бұл қан тамырларының сырттан қысылуына себепші болады. Сүйек тінінің кан айналымы бұзылады, өліеттену, кейде секвестр түзіледі, сонымен катар сүйек тінінің іріңді ыдырауы жүреді. Егер қабыну эпифиз аймағында болса, ол буын куысына жайылып, артриттің дамуына алып келеді. Ал егер қабыну ошағы метафизде орналасса, ол сүйек майы өзегіне өтіп, сүйек кемігінің флегмонасын тудырады. Көп жағдайда ірінді экссудат сүйектің кемікті кабатынан сыртқа қарай тарайды да, сүйек қабығының астына жиналады,
сүйек қабыастылық абсцесс дамиды. Абсцесс жарылған жағдайда ірің сүйек пен бұлшыкет арасына таралып, параоссальді флегмонаның түзілуіне немесе тек бұлшықетаралық кеңістікке жиналып, бұлшықетаралық флегмонаның дамуына себепші болады.
Егер хирург сүйек майы өзегінен остеоперфорация жасау аркылы
ірінді толық алып шығара алса, аурудың болжамы жақсы болады. Осы
тесіктер арқылы 3-4 мм -лік дренажды түтікті өткізіп, сүйек майы өзегін
антисептиктермен жуады және оларды белсенді дренаж ретінде пайдаланады. Бұл емдеу шаралары орындалмаса, сүйектің өліеттенуі, іріңді ыдырауы және секвестрлердің түзілуі байқалады. Ірің сыртқа шыққаннан кейін, қабыну белгілері бәсеңдейді, сөйтіп жедел остеомиелит созылмалы остеомиелитке ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |