Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


-Билет 1.Кіріспе наркоз. Анықтамасы, қолданылатын заттар, асқынулары, олардың алдын алуы



бет218/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

43-Билет


1.Кіріспе наркоз. Анықтамасы, қолданылатын заттар, асқынулары, олардың алдын алуы.
Жалпы жансыздандыру немесе наркоз есінің , сезімталдықтың , бұлшықет тонусының және кейбір рефлекс түрлерінің жоғалуымен қатар жүретін , жасанды жүргізілген ОНЖ - ің қайтымды тежелуі . Наркоз ағзаға фармакологиялық дәрілерді енгізгенде дамиды . Сонымен қатар , оны электр тоғымен де жүзеге асыруға болады . Наркоз жағдайында бас миының тежелуі байқалады . Ол төменгі бөлімдерге . және жұлынға тарайды ( И.М. Сеченов ) . Н.Е. Введенский ( 1903 ) өте күшті тітіркендіргіш ұзақ уақыт әсер ету салдарынан , тежелу дамитындығын көрсеткен . Олар жасушаның функциональді қозғалуын ( лабильділігін ) тежейді . Наркотикалық заттар нейрондардың лабильділігін өте қатты төмендетіп , наркотикалық тежелуге алып келеді . В.С. Галкин ( 1953 ) — наркотикалық заттардың ОНЖ - не әсер ету теориясын ашқан . Ол алғашқы кезде ми қыртысының тежелуімен , содан кейін қыртыс асты құрылымдарының тежелуімен сипатталады . П.К. Анохин наркоздың әсер ету механизмін бас ми бағанасының ретикулярлы формациясымен байланыстырды . Оның ұсынған гипотезасы қыртысының бөліктерінің наркотикалық сезімталдығының әртүрлі екендігіне негізделген . Ең сезімталы , ретикулярлы формация болып табылады , ал ол көптеген ми қыртысының орталықтарымен және қыртыс асты құрылымдарымен байланысқан . Наркотикалық заттың әсерінен , оның Ми қыртысына және қыртыс асты құрылымдарына беретін белсендіруші әсері төмендейді , сөйтіп наркотикалық ұйқы дамиды . Науқасты наркозға дайындау дәрігер анестезиологтың науқаспен жеке қарым - қатынасынан басталады . Операцияның қандай көрсеткіштермен жасалатындығын , жансыздандырудың қандай түрін тағайындау керектігін анықтау үшін , науқастың сырқатнамасымен танысуы қажет . Анестезиолог науқастың жүрек – қан тамыр жүйесінің , өкпесі мен бауыр қызметінің жағдайымен таныс болуы керек . Жоспарлы операция болса , операция алдындағы кезеңде гомеостаз бұзылыстарын қалыптандыру керек . затқа МИ co Жансыздандырудың түрін таңдап , операцияның қауіп дәрежесін анықтайды . Бұлар наркоз ағымының және наркоздан кейінгі алғашқы кезеңнің болжамын көрсетеді . Қауіп - қатер дәрежесі Н.Н. Малиновский әдісі бойынша , балдық қағиданы пайдаланып бағаланады . Олар аз дәрежелі қауіп ( I , II ) , орташа дәрежелі қауіп ( ІІІ ) және үлкен дәрежелі қауіп ( IV , V ) болып бөлінеді . НАРКОЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ . . . Наркотикалық заттарды енгізу жолына қарай , наркоздың мынадай түрлерін ажыратады : Ингаляциялық наркоз — наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы енгізеді ; ингаляциялық емес наркоз — наркотикалық затты басқа жолдармен енгізеді : веналық , ректальді , бұлшықеттік және т.б. Қолданылатын заттардың саны бойынша : ER нікі лісорон мононаркоз – бір зат қолданылады ; NTIREOST нary аралас наркоз — бір мезгілде екі немесе одан да көп зат қолданылады ; қосарланған ( комбинирленген ) — операциялардың әр кезеңінде әртүрлі наркотикалық заттарды қолдану немесе оларды басқа заттармен қосып енгізу ( миорелоксанттар , анальгетиктер , ганглиоблокаторлар ) . но ORL SHOQASH Наркоздың мынадай түрлерін ажыратады : енгізу наркозы – аз уақыт әсер етеді , әсері тез басталады , қозу сатысы болмайды ; демеуші ( негізгі ) наркоз — операция жасау барысында қолданылады ; базисті наркоз немесе базис - наркоз — беткейлі наркоз , негізгі наркоз бен бірге немесе оның алдында анестетикалық зат енгізіледі , ол негізгі наркотикалық заттың мөлшерін төмендету үшін жасалады . Ингаляциялық наркоздың түрлері Наркотикалық қоспаларды енгізу тәсіліне қарай – маскалық , эндотра хеальді және эндобронхиальді болып бөлінеді . Ингаляциялық наркоздың негізгі түріне эндотрахеальді ( интубациялык ) наркоз жатады . Бұл кезде наркотикалық қоспа тікелей кеңірдекке жіберіледі . Ол үшін кеңірдектің интубациясы жасалады . Интубация дегеніміз – кеңірдекке ауа өткізетін түтікшені енгізу . Интубация жасалғаннан кейін , науқасты ӨЖД аспабына қосу керек . Ингаляциялық наркозды жүзеге асыру үшін , оңай буланатын ( ұшқыш ) сұйықтықтарды – эфир , фторотан , метоксифлюран ( пентран ) , үшхлор этилен , хлороформ немесе газ тәрізді наркотикалық заттарды - азот тотығын , циклопропанды қолданады . ӨЖД ( өкпені жасанды демалдыру ) аспаптары – наркотикалық қоспа ларды , оттегіні немесе белгілі бір көлемде және жиілікпен ауаны үрлеп жіберу үшін қолданылады . Ингаляциялық наркозды жүргізу әдістері 1. Ашық әдіс . Науқас анестетикті атмосфералық ауамен қосып тыныс алады және оны қоршаған ортаға тынысымен шығарады ( маскалық наркоз ) . Бұл әдісте наркотикалық зат көп мөлшерде жұмсалады және операция бөлмесінің ауасын ластайды . Ол операцияға қатысатын медицина қызметкерлеріне зиянды әсер көрсетеді . 2. Жартылай ашық әдіс . Науқас оттегімен қосып , аспап арқылы нар котикалық затты тыныс алады және оны қоршаған ортаға тынысымен шығарады . Бұл әдіс науқасқа қолайлы болып табылады . 3. Жартылай жабық әдіс . Науқас аспап арқылы наркотикалық қоспаны тыныс алады және оны жартылай аспапқа , жартылай қоршаған ортаға тынысымен шығарады . Аспапқа қайтадан түскен қоспа адсорбер арқылы өтіп , ондағы көмірқышқыл газынан босап , аспаптың тыныс алу жүйесіне түседі де , наркотикалық қоспамен араласып , қайтадан науқастың тыныс жолдарына енеді . Бұл әдісте анестетиктің мөлшері едәуір аз жұмсалады . 4. Жабық әдіс . Тыныс алу және тыныс шығару аспапқа жүзеге асырылады . Бұл әдісте наркотикалық қоспа толығымен қоршаған ортадан шектелген . Маскалық наркоздың жеткіліксіздігі : басқарып отыру қиын ; дозасын анықтау қиын ; наркотикалық зат көп мөлшерде жұмсалады ; аспирациялық асқынулардың даму қаупі бар ; операцияға қатысатын медицина қызметкерлеріне әсер етеді ; наркоздың тереңдеуінің салдарынан науқасқа токсикалық әсер етеды. Веналық анестезия – вена тамырына ауырсыздандыратын заттарды ен гізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудың түрі болып табылады . Негізгі артықшылығы - техникалық қарапайымдылық және сенімділік болып табылады . Веналық наркозды жүргізу үшін , қолданылатын заттар : қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындылары - гексенал және тиопентал натрий ; өте қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындыларына жатпайтын анестетик пропанидид ( сомбревин , эпонтол ) ; гормональді белсенділігі жоқ стероидты анестетик — виадрил; мидың мета болитінің аналогы – гамма - аминомайқышқылы – натрий оксибутираты. Сонымен қатар , кетамин ( калипсол , кеталар ) және диприван анестетиктерін де пайдаланады . Нейролептанальгезия- веналық анестезия әдісі . Ол күшті нейролептикті ( дроперидолды ) және наркотикалық анальгетикті ( фентанилды ) қосып қолдануға негізделген . Бұл кезде науқастың қозғалу тынымсыздығы жоғалады , хирургиялық агрессияға реакциясы төмендейді және науқаста қоршаған ортаға деген немқұрайлылық пайда болады . Миорелоксанттар . Анестезиологияның негізгі жетістігі кураретәрізді заттарды бұлшықеттердің босаңсуы үшін қолдану болып табылады. Кураретәрізді заттар нерв - бұлшықеттік тонусты тежеп , бұлшықеттердің анестетиктердің , миорелаксанттардың және нейролептанальгезия заттарының әртүрлі комбинациясы қолданылады . Алдымен премедикация жасалады , содан кейін енгізу наркозы беріледі , кеңірдектің интубациясы , сонан соң негізгі наркоз жүргізіледі . Қосарланған эндотрахеальді наркоздың артықшылығы : от тез ұйықтату , қозу сатысының болмауы ; анальгезия немесе III сатыларында операция жасау мүмкіндігі ; на наркотикалық заттардың шығын мөлшерінің азаюы ; наркоздың токсикалық әсерінің төмендеуі ; наркоздың оңай басқарылуы ; аспирациялық асфиксияның алдын - алуы ; кеңірдек пен бронхтардың санациясын жүргізу мүмкіндігі. Наркоздың клиникалық ағымы 4 сатыдан өтеді : riting който например І сатысы – анальгезия . Наркоздың басталуынан 3-5 минут өткеннен кейін басталады . Есі жоғалады , бірақ терісінің түсі өзгермеген , гемодинамика мен тыныс алуы өзгеріссіз болады . Рефлекстері жоғарылаған . Ауыру сезімі үдемелі түрде тежеліп , толық анальгезия дамиды . Бұл рауш - наркоз ( есеңгіреу ) деп аталады . Оны қысқа уақыт жасалатын операция кезінде қолданады . І сатысы – қозу . Есі толық жоғалғаннан кейін пайда болады . Бұл кезде науқас қозушаң болады , тынысы жиілеген , тахикардия , АҚ жоғарылауы , терісінің қызаруы байқалады , көздің қарашықтары кеңейген , жарыққа жауап бермейді . Науқас құсуы мүмкін . nam niromoga anero , ІІІ сатысы – хирургиялық ұйқы – жансыздандырудың міндеті болып табылады . Бұл сатыда хирургиялық операция жасалады . Хирургиялық ұйқы сатысы 4 деңгейге бөлінеді . Олар бір - бірінен тыныс алу жағдайына , жүрек – қан тамыр жүйесінің қызметіне , бұлшықеттердің босаңсуы мен рефлекстердің ip eputed on жойылуына қарап ажыратылады . Хирургиялық ұйқы сатысының деңгейін көздің рефлекстері арқылы анықтау ыңғайлы , өйткені олар сопақша мидың көзді қозғаушы орталығымен тығыз байланыста болады және тыныс алу мен қан айналым орталықтарына жақын орналасады . Сондықтан , қарашықтардың реакциясына қарап , тыныс алу мен жүрек қызметінің жағдайын анықтауға болады . Она што 1 деңгей – көз алмаларының қозғалу деңгейі . Осы деңгейдің аяғында көз алмаларының еріксіз қозғалысы тоқтап , олар орталық қалыпқа келеді,2-деңгей – қасаң қабық рефлексі . Бұл деңгейдің аяқталуы қасаң қабық рефлексінің жоғалуымен сипатталады. 3 деңгей – қарашықтардың кеңею деңгейі . 4 деңгей – диафрагмальді тыныс алу деңгейі . Көз рефлекстерінің салда нуы , диафрагмальді тыныстың қатты тежелуі байқалады . Наркозды ары - қарай тереңдетсе , тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтардың салдануы дамып , өлімге алып келуі мүмкін . IV сатысы ояну . Наркоздың сатылары осы тәртіппен кері қарай жүреді , бірақ ояну уақыты ұзағырақ болады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет