Еміне келер болсақ: Алғашқы кезеңдерінде консервативті ем қолданылады (жылы ромашкалы микроклизмалар, физиотерапия, антибиотиктер). Егерде нәтиже болмаса, парапроктит хирургиялық жолмен емделеді, ол жалпы жансыздандырумен немесе сакральді-эпидуральді анестезияның көмегімен жүзеге асырылады. Іріңдікті жай параанальді тілікпен ашу аурудың қайталануына немесе параректальді жыланкөздің дамуына себепші болады. Қазіргі кезде радикальді операциялар ұсынылған. Олардың мақсаты - тек іріңдікті тіліп ашып қана қоймай, сонымен қатар зақымдалған криптаны шырышты қабық жақтан кесіп алу және тік ішектің айналасындағы тіндердегі іріңді-өліеттенген өзекті жою болып табылады. Операциядан кейін, іріңді жараға жергілікті ем жүргізіледі, антибактериальді және дезинтоксикациялық ем тағайындаймыз.
Билет 10
Достарыңызбен бөлісу: |