Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет97/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

2.
Лимфаденит
Лимфаденит деп – лимфа түйіндерінің қабынуын айтады . Ол екіншілік ауру болып табылады , инфекция қабыну ошағынан лимфа тамырларымен таралғанда дамиды .
Клиникалық көрнісі : лимфа түйіндері ісінеді , ауыру сезімі пайда болады . Іріңді лимфадениттің негізгі белгісіне айналасындағы терісінің қызаруы жатады . Дене қызуы субфебрильді болады , содан кейін 39-400С дейін көтеріледі . Лимфадениттің асқынулары : аденофлегмона – инфекция лимфа түйінінен қоршаған шелмайына таралғанда дамиды ; абсцессті лимфаденит – лимфа түйіні іріңді ыдырауға ұшырап , флюктуация белгісі пайда болады . Лимфаденитті гидрадениттен , сыздауықтан , лейкоздан , мононуклеоздан , актиномикоздан , қатерлі ісіктің метастазынан , туберкулезді лимфадениттен Қысылған шап немесе сан жарықтарынан , мерез ауруынан ажырату қажет.
Емі:

  1. біріншілік ошақты жою ;

  2. антибактериальді ем жүргізу ;

  3. жергілікті физиотерапия тағайындау .

Абсцессті лимфаденит пен аденофлегмона дамығанда хирургиялық ем жүргізіледі – іріңді ошақтарды тiлiп , дренаждарды қою .

Лимфангиит


Лимфангиит - лимфа тамырларының жедел іріңді қабынуы болып табылады . Инфекция мен оның улары біріншілік іріңді ошақтан таралып , лимфа тамырларының қабынуын тудырады . Қабыну үрдісіне беткей және терең орналасқан лимфа тамырлары шалдығуы мүмкін . Бұл кезде лимфа тамырларының саңылауы тромбпен бітеледі .
Клиникалық көрінісі : жалпы белгілер біріншілік ошақтағы кабыну үрдісінің дәрежесіне байланысты болады . Дене қызуы көтеріледі . Қабынған лимфа тамырларының аймағында ауыру сезімі пайда болады . Жергілікті белгілер ұсақ лимфа тамырларының қабынуында жайылған гиперемия , ретикулярлы немесе торлы түрлері байқалады . Беткей орналасқан ірі лимфа тамырлары зақымдалғанда ( бағаналық немесе трункулярлы лимфангиит ) , біріншілік іріңді ошақтан регионарлы лимфа бездеріне бағытталған қызыл түсті жолақтар пайда болады . Пальпаторлы лимфа тамырлары ауырсынады және тығыз жіп болып сезіледі . Лимфангииттің асқынулары : лимфаденит , флегмона , сепсис , пілаяқтық .
Емі :

  1. аяқ - қолды иммобилизациялау ;

  2. біріншілік ошақты жою;

  3. антибактериальды ем;

  4. жергілікті-антисептиктермен компресс,физиотерапия тағайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет