Психикалық тәуелділік сатысы-бұл сатыда науқас спиртті ішімдікті жиі қабылдайды, ішуге себеп іздейді. Науқас отбасына, жұмысына қарағанда бірге ішімдік ішетін компаниясына көп назар аударады.
Физико-химиялық сатысында науқаста алкогольді ішімдікке деген тұрақтылық дамиды. Өзінің құмарын қандыру үшін науқас көп мөлшерде ішімдік қабылдай бастайды. Ұйқы бұзылады, әлсіздік, шаршағыштық. Осы кезде науқаста абсинентті синдром немесе алкогольден бас тарту синдромы көрініс береді. Абсинентті синдром дегеніміз-ішімдік қабылдаған соң 24-48 сағ.кейін пайда болатын ішкі мүшелерді, жүйке жүйесін және психиканы тітіркендіретін бұзылыстар кешені.