Функциональды жаттығу
Мақсаты – қалыптасқан дертті жүріс – тұрыс стереотипін жаттығулар арқылы бұзу және жаңа сау стереотип қалыптастыру. Дәрігер бақылауымен және оның белсенді араласуымен фобия немесе истериялық бұзылысы бар науқастар біртіндеп өзіндегі бұзылыстардан алшақтайды, өзінің әрекеттері аймағын кеңейте түседі.
Мысалы, агорофобия кезінде алғашында науқас дәрігердің қолдауымен, дәрігермен бірге аулaға шығады, келесі күні аулa ортасына дейін жетеді, келесі күні көшеге шығады. Кейінірек ол осы әрекеттерді өзі жасайды, мүмкіндіктерін кеңейтіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |