27-билет
1) «Диаспора», «репатриант», «ирредента», «иммиграция», «эмиграция» терминдерінің анықтамасын беріңіз.
[5]
2) Сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың әлеуметтік және мүліктік жіктелу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
[10]
3) «Түрік қағандықтары мен мемлекеттері сақтар, қаңлылар, үйсіндер және ғұндар бастаған көшпелілер мемлекеттілігінің дәстүрлерін жалғастырды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
[15]
№28-билет
1) «Қаған», «жабғу», «шад», «бек», «он-оқ бұдун» терминдерінің анықтамасын беріңіз.
[5]
2) ҚР білім және ғылым жүйесінің даму бағыттарын көрсетіңіз.
[10]
3) «Жоңғар хандығы – көшпелілердің соңғы империясы». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
[15]
№29-билет
1) «Ұлыс», «Яса», «Мауараннахр», «Шығыс Түркісатан» терминдерінің анықтамасын беріңіз.
[5]
2) Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттерін анықтаңыз.
[10]
3) «Ресей империясы жүргізген әкімшілік реформалар – отарлау құралы». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
[15]
№30-билет
1) «Атеизм», «сепаратизм», «суннизм» терминдерінің анықтамасын беріңіз.
[5]
2) Ақ Орда мен Қазақ хандығының өзара байланысын анықтаңыз.
[10]
3) «Ұлттық бірлікті қалыптастыру үшін ұлттық рухани қасиетті орындар – халықтың сиынатын және құрметтейтін сакральді нысандары үлкен маңызға ие». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: |