Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі18,34 Kb.
#119159
  1   2
Байланысты:
БӨЖ 4 саясаттану


БӨЖ №4

Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері
Биліктік қатынастардың ерекше проблемасы билік құрушы субъектінің басқару құқығына келіп тіреледі: неге осы субъект билік құру құқығына ие және неге бағыныштылар, одан келетін биліктік импульстерді әрқилы дәрежеде қабылдап, орындауға міндетті. Саяси ойлар тарихында бұл проблема әрдайым назарда болған және солай болып қала береді де. Өйткені, биліктік қатынастар субъект-субъектілік қатынас ретінде субъективті және ситуативті болғандықтан белгілі бір тұрақсыздықпен сипатталынады. Осындағы тағы бір ескеретін жайт, өркениет тарихында биліктік қатынастар әр түрлі әлеуметтік негіздерге, әр түрлі тарихи тамырларға ие. Олар мынадай жағдайлармен қалыптасты:

  1. Адамдар қауымдастығының табиғи тарихи дамуының, оның құрылымдануының, басқару функцияларының күрделенуінің нәтижесінде жолға қойылды. Афины мемлекеті мұндай дамудың классикалық мысалы бола алады. Афины демократиясының идеологы Аристотель — отбасын, адамдар қонысын, мемлекетті ең жоғарғы сатысыңда мемлекеттік билік пайда болатын әлеуметтіліктің даму сатылары деп кездейсоқ есептемеген.

  2. Соғыстың, зорлық-зомбылықтың, басып алудың нәтижесінде қалыптасқан билік бағындырудың, тікелей мәжбүрлеудің құралы болды. Бұған спартандықтар мен илоттар арасындағы биліктік қатынастар мысал бола алады. Илот қоныстарына әрдайым үрей, шабуыл қатерін төндіре отырып, оларды қырып-жою партандықтардың билік құруы ның құралы еді.

  3. Қоғамның әлеуметтік жауласушы күштерге бөлінуі және сословиелік таптық диктатураның орнауы нәтижесінде қалыптасты. Билік құрудың осы ерекшелігін мемлекетті үстем тап қолындағы сойыл ретінде қарастыратын марксизм идеологиясынан көруге болады. Саяси революңиялар таптық диктатураның уысуымен байланыстырылады. Марксисттердің көзқарасы бойынша, соңғы саяси революция адамдарды қанау және таптық үстемдіктің құралы ретіндегі мемлекет болмайтын тапсыз қоғамға жол ашатын пролетариат диктатурасының орнауына алып келеді.

Билік құрушы белгілі бір шенеуніктік-бюрократиялық іс-әрекетті атқару үшін тандалып алынған, қоғамнан жалақы алатын тұлғаға айналады. Ол көпшіліктің қолдауымен осы функцияны орындауға лайықты адам ретінде белгілі бір қызметтік лауазымға сайланады.


Жоғарыда аталып өткен билік көздерінің барлығы билік ресурстары болып табылады. Қандай дәрежеде болмасын олар қандай»да бір тұрғыда билікке тән. Билік ресурстары деп биліктің өз функцияларын жүзеге асыру үшін қолданатын күштер мен құралдардың, мүмкіндіктердің жиынтығы танылады. Билік пен саясаттың осы өзара қатынасының маңыздылығы мен қажеттілігін түсіну үшін саясат ұғымына тағы да назар аудару қажет. Осы ретте саясат ең алдымен, адамдар қауымдастығы мен қоғамға ұйымдастырушылық, реттеушілік, бақылаушылық әсерін тигізетін әлеуметтік өмірдің ерекше, маңызды саласы.
Саяси ғылымда адамдар мүдделерінің мейлінше жинақталған көрінісі, олардың тәжірибелік сфераға ауысуы, саяси міндеттердің шешілу деңгейін анықтау мақсатында саяси тәжірибені сараптау мен дәйектеу және оларды одан ары нақтыландыру мен саясатты жетілдіру жүріп отырады.
Саясат құрылымданған және нақты болуы керек, яғни ол қоғамдық өмірдің әрқилы салаларына (экономикаға, әлеуметтік өмірге, рухани салаға) және қоғамдық өкірдің әрқилы агенттері (әлеуметтік, этникалық,кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және басқа топтар) мен жеке индивидтердің тұпкілікті мүдделеріне үйлестіре жасалынуы керек. Саясат қоғамдық өмірдің ерекше сферасы бола отырып, саяси әрекетті іске асыруға қажетті барлық компоненттерге ие, оларға ұйымдар, идеология, әдістер, құрал- дар, саяси тәжірибе және саяси әрекет субъектісі ретіндегі адамдар жатады. Бірақ саясат сферасы биліктің қалыптасуы, мен қызмет етуінің шынайы ортасы болғандықтан аталған компоненттердің барлығы онда қандай дөрежеде болмасын билікпен өзара әрекеттесуі тиіс.
Тиімді қызмет атқарып отырған мемлекеттік билік өз қолына саяси бастаманы алады, атап айтқанда, ол дамудың саяси перспективасын жасайды, стратегиялық мөсе- лелер жүйесін ұсынады, тактиканы өзгертіп, жетілдіреді, саяси жағдай мен қоғамдық көзқарасты саралап отырады. Билік ресурстарға, күш пен құралдар арсеналына ие бола отырып, саяси кеңістікте үстем құрылым ретінде көрінеді. Саясат пен оның міндеттерінің табысты шешілуі, саяси мәдениетті игеру, ресурстарды, күш пен құралдарды тиімді пайдалану мемлекеттік биліктің нығаюына алып келеді.
Билік функңиялары оның әлеуметтік қажеттілігі мен мәнін бейнелейді. Бұл тарауда біз билік ұғымын жалпы қарастырып отырғандықтан, биліктің төмендегідей функ- цияларын бөліп көрсетуге болады:

  1. Ұйымдастьфушылық функциясы. Билік адамдар қауымдастығын белгілі бір тұтастыкқа ұйымдастырады. Ол осы қауымдастық өзінің тіршілік әрекетін іске асыратын әлеуметтік кеңістікті қалыптастырып, қауымдастық агенттері арасыңдағы әлеуметтік қатынастардың дамуы мен олардың қажеттіліктерінің кднағаттануына қолғабыс етеді.

  2. Идеологиялық функция. Адамдардың тіршілік етуі саналы процесс болғандықтан, билік бірігіп тіршілік етудің керек екенін жөне қауымдастықта төртіпті сақтаудың, оның тіршілік әрекетінің перспективаларын айқындаудың мәнін теориялық тұрғыда негіздейді. Адамдар қауымдастығында іргелілігі мен қажеттілігіне орай билік бағалайтын саяси кұндылықтар бар.

  3. Мәжбүрлеу, көндіру функциясы. Биліктің бұл функциясы "агрессивтілігімен" сипатталынады, ол мақсатты жөне бағынушыдан белгілі бір реакцияны талап етеді, өзінің еркін таңа отырып, шектеулер қою арқылы оның жүрістұрысын нормалайды. Мәжбүрлеу, көндіру үшін билік жазалау, сондай-ақ марапаттау сияқты ықпал ету құралдарын пайдаланады.

Қоғамдағы адамдар арасында болатын тәуелділік қатынастардың табиғи ортада болатын осындай қатынастардан айырмашылығы зор. Ол қатынастар қоғамда өз мүдделерін түсінетін саналы тіршілік иелері адамдар арасында қалып тасып, жүзеге асады, яғни субъект-субъектілік сипатта болады.
Биліктің әмбебаптылығы оның қоғамдық өмірдің барлық салалары мен құрылымдарында, атап айтқаңда: экономикалық, әлеуметтік, әскери салаларда, күнделікті тұрмыста, саясатта, тұрақты және уақытша ассоциаңияларда, ресми немесе бейресми ұйымдарда, топтар арасында және жеке адамдар арасындағы кдтынастарда қызмет етуінен көрінеді. Билік барлық жерде әрқашан болады және өзіне тән функңияларды орындай отырып, әр түрлі сфералар мен құрылымдардағы билік шешімдерінің мазмұны мен билік өкілеттіктерін жүзеге асыратын құралдар мен әдістер арқылы бір-бірінен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет