7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин.
Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 27 мин (15%)
Ауызша сұрау, үлестірмені кеспе қағаз түрінде қолдану
Сальмонеллездің этиологияларын, инфекция көздерін
Берілу механизмдерін
Патогенез, алдын алу шараларын
Емдеу, арнайы профилактикаларын
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 54 мин (30%)
тырысқақ этиологияларын, инфекция көздерін
Берілу механизмдерін
Патогенез, алдын алу шараларын
Емдеу, арнайы профилактикаларын
Ақпараттық-дидактикалық блок
Тырысқақ – антропозоонозды, қоздырғыштары нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, интоксикациямен, асқазан-ішек трактісінің зақымдануымен, диареямен, су-электролит алмасуының бұзылуымен сипатталатын жедел ішек инфекциясы.
Этиологиясы. Тырысқақ қоздырғыштары salmonella тұқымдастығына жататын, грам теріс боялатын, эшерихияларға ұқсас, факультативті аэробты, қозғалғыш перитрихты таяқшалар. Қоршаған орта факторларына төзімді. Әртүрлі орталарда ( сүт, ет тағамдарында және құс өнімдерінде) бірнеше аптадан 1,5 жылға дейін сақталады. Сальмонеллез қоздырғыштары экзотоксиндер, эндотоксиндер және цитотоксиндер бөледі. Әдеттегі физикалық, химиялық факторларға сезімтал.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі ауру адам және тасымалдаушы. Тасымалдаушы жануарларға жабайы және құстар жатады. Берілу жолдары – нәжіс-ауыз арқылы, тағам (сүт, ет өнімдері және су арқылы) және су арқылы. Маусымдылығы – жаз-күз айлары.
Патогенезі. Қоздырғыштың ену қақпасы асқазан-ішек трактісінің кілегей қабаты. Кілегей қабатында қоздырғыштан бөлінген эндотоксиндердің әсерінен диарея, интоксикация дамиды. Диарея сусыздануға электролиттердің азаюына, қалыпты ішек микрофлорасының бұзылуына әкеледі. Аурудың клиникалық белгілерінің айқындығы мен ауырлық дәрежесі эндотоксинмен улану, су-тұз алмасудың бұзылу тереңдігіне байланысты. Ерте жастағы балаларда диареямен интоксикация ауыр дәрежеде көрініп патологиялық процесс жайылған сипат алып ауыр асқынуларға ұласады (ШТҚҰ-синдромы, ИТШ).
Клиникасы. Жасырын кезеңі 12-24 сағат, орта есеппен 10-12 сағат.
Біздің елемізде келесі клиникалық жіктеліс қолданылады:
I. Жергілікті немесе гастроинтестиналді түрі.
Ағым нұсқасы:
Гастриттік
Гастроэнтериттік
Гастроэнтероколиттік
II. Жайылған түрі.
Ағым нұсқасы
III. Бактериатасымалдаушылық: жедел, созылмалы және транзиторлы.
Жүрек айнуы, құсу, эпигастриде ауру сезімі, тілдің жабындымен жабылуы, диарея пайда болады. Дәреті жиі, көп мөлшерде, сұйық, жағымсыз, иісті, жасыл түстес, қан араласпаған және шырыш болмайды. Іштің кебуі, құрылдауы, ішек бойымен жайылып ауруы тән. Гастрит белгілері энтериттен біраз ертерек дамиды. Жедел гастроэнтерит синдромы инфекциялық процестің жалпы белгілерімен үлеседі жоғары температура, айқын интоксикация белгілері, нейтрофилді лейкоцитоз формула солға ығысқан. Температура бірінші күні-ақ өте жоғары болады. Қатты әлсіздік және бас айналуы тән. Беті бозарған, аяқ қолы көкшіл (акроционоз). АҚ (максималды және минималды) төмендеген.
Үлкен дәреттің жиілеуі, ауыр ағымында тәулігіне 50 ретке дейін болуы мүмкін. Нәжіс сипаты сұйық, кілегейлі, жасыл түсті және жағымсыз иісті «батпақ мүгі» тәрізді.
Күтім ерекшеліктері. Тырысқақ ауырған науқастардың күтімінде санитарлы-гигиеналық заңдарды сақтап және ағымды дезинфекцияны жүргізу маңызды жағдай болып табылады. Науқасты үй жағдайында күту болса осы жоғарыда айтылған ережелерді қатаң сақтау қажет.
Науқасқа медбике ауыруының бірінші күндері, әсіресе интоксикация, сусыздану және асқазан-ішек трактісінің бұзылыстары кезінде аса көңіл бөлу керек. Төсектік режим науқасқа сальмонеллездің ауыр ағымында, жедел кезеңінде тағайындалады (көбінесе 1 – 3 күн). Медбике науқастың нәжісін, оның жиілігін және сипатын бақылап, ауру тарихына тіркеп отыруы керек. Ал, сальмонеллездің гастроинтестинальді түрімен ауырған науқастарда сусыздану дамығандықтан диурездің көлемінде есептеп тұру қажет. Стационарда науқастың су жоғалтуын әрбір 2 сағат сайын нәжісті, несепті және құсық массаларының көлемін есептеу арқылы жүзеге асады. Науқастың нәжісі толық қалпына келмей, тек судноға немесе горшокқа отыруы керек. Төсектік режимдегі ауыр науқастарға судномен қамтамасыз етіп, медбике науқастың жамбасының тазалығын және тік ішекті жылы сумен сабынмен жуып, құрғату міндетті. Егер бұл процедура жасалмаса ауыр науқастарда тік ішектің аймағы тітіркеніп терісінің мацерациясы байқалуы мүмкін.
Емі. Тырысқақтың гастроинтестинальді түрімен ауырған жағдайда біріншіден жылдамырақ асқазанды калий перманганатын немесе 3% натрий гидрокарбонатымен жуу керек (аурудың бірінші 12 сағатында). Асқазанды жуу таза су жуындысы болғанша жүргізеді.
1.Диета № 4 үстел, ал науқастың жағдайы жақсарып, нәжісі қалыптасқаннан кейін № 2 үстелге, және жалпыға ауыстырылады.
2. Этиотропты ем аурудың даму барысында бактериалді токсиндер басты роль атқарғандықтан сальмонеллездің гастроинтестинальді түрінде жүргізілмейді. Антибактериалді ем аурудың жайылмалы түрінде көрсетілген.
Тырысқақтың емдеудегі маңызды орын су-электролитті балансты (регидратациялық) қалпына келтіру және интоксикациямен күресу (дезинтоксикациялық) болып табылады. Бұл мақсатта глюкозды-тұзды ерітінділер «Регидрон», «Оралит», «Цитроглюкосолан» және т.б. Дезинтоксикациялық мақсатта «Квартасоль», «Оактосоль», «Трисоль», «Хлосоль». Тырысқақ – организмнiң тез сусыздануымен жүретiн инфекциялық диареялық ауру. Қазақстанда 14.08.1993ж ОҚО-ның Келес районында тырысқақ бiрiншi рет тiркелдi. Инфекция көзіне ауру адам және сау вибриотасымалдаушы жатады. Залалдану механизмі фекальды-оральды, ол су, тамақ және тұрмыстық қатынас жолдарымен тарайды. Залалдану ауыз арқылы залалданған су немес тамақ қабылдаған кезде жүреді. Тырысқақтың токсиннің адам организміне әсер ету нәтижесінде құсу, іш өту, іштің кебуі, организмнің сусыздану мен тұзсыздану болады. Тырысқақты аса қауіпті инфекциялар қатарына жатқызады.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 63 мин (35%)
Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру
11. Жаңа тақырыпты бекіту – 18 мин (10%)
12. Сабақты қорытындылау – 3,6 мин (2%)
Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау
13. Үйге тапсырма беру – 3,6 мин (2%)
7 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Тағамдық уытты инфекциялар. Иерсиниоз. Амебиаз. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
2.Сағат саны: 4 сағ. 200 мин. (100%)
3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: тағамдық уытты инфекциялар, иерсиниоз, амебиаз этиологияларын, эпидемиологияларын, патогенездерін, клиникаларын, емдеу шараларын, алдын алуын, берілу механизмдерін үйрету
тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу
дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандықтарының қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. Инфекционные болезни. Учебник для медучилищ. Антонов ТВ. - СПб.,
Специалист, 2000.
2. Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Антонов ТВ., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. -М., 2011.-300 с.
3. Инфекционные болезни с сестринским уходом. Муратбекова С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н. - Кокшетау, 2010.
Қосымша (Қ)
1. Атлас инфекционных заболеваний. Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд
Х.А.К. / пер. с англ. под ред. В.В. Малеева, Д.В. Усенко. - М., 2010. - 480 с.
2. Муратбекова С.К., Сергалиева Н.С. «Жұқпалы аурулардағы мейірбикелік
күтім». – Көкшетау, 2009.
3. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»
Рубашкина Л.А. - Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |