Біліктілігі: 0302033 Курс: 3 Семестр


Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин



бет11/13
Дата26.08.2017
өлшемі0,97 Mb.
#29144
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 27 мин (15%)

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 54 мин (30%)

  • Менингококты инфекция, күл этиологиясы, инфекция көзі

  • Берілу механизмдері

  • Патогенез, алдын алу шаралары

  • Емдеу, арнайы профилактика

  • Менингококты инфекция, күл эпид.ерекшеліктері

Ақпараттық-дидактикалық блок

Менингококты инфекция – жедел респираторлы, бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы жолмен берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатын зақымдаумен сипатталатын және инфекцияның жайылмалы түріне өтуге бейім болып келетін жұқпалы ауру.



Этиологиясы. Қоздырғышы Neisseria meningitidіs, қозғалмайтын, грамм теріс, спора және капсула түзбейтін, морфологиялық тұрғыда «кофе дәндеріне» ұқсас микроорганизм. Беткейлік антигендеріне байланысты А, В, С, D, N, X, Y, Z және басқа да серотоптарын ажыратады, адам ағзасына А және В серотоптары аса уытты болып табылады. Менингококк жойылғанда эндотоксин бөледі, сыртқы ортаға төзімсіз, көптеген антибиотиктерге және дезинфекциялық ерітінділерге аса сезімтал.

Эпидемиологиясы. Менигококты инфекция – антропонозды жұқпалы ауру. Инфекция көзі болып ауру адам немесе бактериатасымалдаушы табылады. Аурудың берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолы ауа-тамшылы, түшкіргенде, жөтелгенде және сөйлескенде сөл тамшыларымен сыртқы ортаға бөліну арқылы жұғады. Маусымдылығы күз- көктем айлары.

Патогенезі. Қоздырғыш адам ағзасына жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаттары арқылы еніп, сол жерде жергілікті қабыну дамиды. Сирек жағдайда қоздырғыш жергілікті қорғаныс тосқауынан өтіп аурудың жайылмалы түрінің дамуына алып келеді. Ішкі ағзаларға, теріге және кілегей қабаттарға қан құйылулар менингококкемиядағы айқын бактеремияның салдарынан, эндотоксин бөлінуінен қан тамыр қабырғаларының эндотелидің зақымдануынан болады. Өте көп мөлшерде эндотоксин бөлінуден инфекциялық токсикалық шок пайда болады. Егер менингококтар гематоэнцефалдық тосқауылдан өткен жағдайларда ми қабатына шоғырланып, қабыну үдерістерін тудырады. Кейбір сирек жағдайда қоздырғыштың гематогенді диссеминациясы өкпеде, эндокарда, буындарда және көздің тор қабатында қабынуға алып келуі мүмкін. Инфекцияның жайылмалы түрінде леталды шешімге 10% немесе оданда жоғары болады. Өлімге әкелудің негізгі салдары жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі, бас миының және өкпенің ісінуі.

Клиникасы. Жасырын кезеңнің ұзақтығы 2-10 күн, орта есеппен 2-4 күн. Қәзіргі кезде менингококты инфекцияның мынадай клиникалық түрлерін ажыратады:

А. Жергілікті түрі:



  • Менингококк тасымалдаушы

  • Назофарингит

Б. Жайылмалы түрі:

  • Менингококкемия

  • Менингит

  • Менингоэнцефалит

  • Аралас түрі (менингит+менингококкемия)

В. Сирек кездесетін түрі:

  • Эндокардит

  • Полиартрит

  • Пневмония

  • Иридоциклит

Жедел назофарингит ең жиі кездесетін түрі. Диагноз эпидемиологиялық, клиникалық бактериологиялық мәліметтерге қарап қойылады. 3-8 күннен кейін ауру жазылады немесе жайылмалы түрге өтеді. Бұл кезде мұрыннан су ағады, тамағы ауырады, жыбырлайды, аздап дене қызуы көтеріледі, аңқаны қарағанда гиперемия және ісіну байқалады.

Жайылған түрі: Менингококкемия: Ауру жедел басталады, дене қызуы жоғарлайды, 6-24 сағат ішінде денеде геморрагиялық бөртпелер шығады, 2-3 тәліктен кейін бертпе некроздармен болады. Бөртпелер балтырда, санында және жамбаста орналасады. Жалпы қан анализінде – лейкоцитоз, формула солға қарай жылжыған, ЭТЖ өте жоғары.

Менингит: жедел қалтырау мен қызбадан басталады. Науқастың жағдайы бірден нашарлйды. Айқын уыттанудың үдеуі кезінде жүйке жүйесінің зықымдалуы мынандай белгілермен байқалады: айқын бастың ауырсынуы, көз алмасын қозғалтқанда ауырсыну, құсу, түрлі тітіргендіргіштерге сезімталдықтың артуы (жарықтан қорқу, қатты дыбыстарды көтере алмау, терінің жоғары сезімталдығы). Бірінші тәуліктің ішінде ми қабатының зақымдалу белгілері айқындалады: желке бұлшық еттерінің регидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдарының оң мәнділігі. Ауыр жағдайда қозу, естің бұзылуы, қозғалғанда ауырсынуы және қалтыраулар байқалады. Диагнозды қою барысында ликвордың құрамының маңыздылығы өте зор.

Асқынулары: инфекциялық токсикалық шок, мидың ісігі және ісінуі.



Күтім ерекшеліктері. Менингококты инфекция ауа-тамшылы жұғу себебінен бөлімшеде жұмыс атқаратын медицина қызметкерлері үнемі бет пердеде жүру міндетті. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрімен ауырған науқастар қатал төсектік режимде болғандықтан үнемі дұрыс күтімді талап етеді. Менингококкемия кезінде терінің трофикасының зақымдалу салдарынан терінің ойылулары пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты медбике науқастың төсектегі жағдайын үнемі ауыстырып, терісін жылы сумен және спирт ерітіндісімен өңдеп тұруы керек. Құрғақ некроз ошақтары анықталған жерлерге құрғақ стерилді байлама таңылады. Теріде ойылулар анықталған жағдайларда камфорлы спирт ерітіндісімен өңделеді. Сонымен қатар ауыз қуысын өңдеуді де ұмытпау керек. Осындай терінің және кілегей қабаттарының күтімін менингитпен ауырған науқастарда талап етеді. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрімен ауырған науқастарда жоғары сезімталдық болғандықтан, палатада қорғау режимін қадағалау керек.

Науқастарға дезинтоксикғация мақсатында құйылатын сұйықтықтардың көлемін тәуліктік диурез арқылы жасалатындықтан, медбике шығарылып жатқан сұйықтықты үнемі өлшеп отыру керек. Егер несеп шығару кедеріп жатса, қуықтың толуын болдырмау үшін, уақытысымен науқасқа катетр қойылады.

Менингококты инфекцияның жайылмалы түрінде болатын асқынуларды ескере отырып, біріншілік клиникалық белгілерді емдеуші немесе кезекші дәрігерге тез арада хабардар ету керек. Бұл мақсатта аса көңілді мынындай белгілерге аударамыз: тері қабатының бозаруы, цианоз, құсу, пульс жиілігінің өзгеруі, қан қысымына, сананың бұзылуына, қозудың пайда болуына.

Менингококты инфекциямен ауырған науқастарды күту барысында қатал санитарлы-гигиеналық тәртібті сақтауды және ағымды дезинфекцияны жүргізуді бақылау қажет.



Емі. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрі тек қана ауруханада емделетінін есте сақтау қажет. Менингококкемия кезінде науқасты жансақтау бөліміне жатқызылып, ол жерде үнемі аурудың үдеуін алдын алатын үздіксіз бақылау жүргізіледі.

1.Режим (қатал төсектік)

2. Этиотропты ем.

Левомицетин натрий сукцинаты 25 мг\кг, пенициллин (бензилпенициллиннің калий тұзы) 300 мың\ кг.

3. Патогенетикалық ем.

Реополиглюкин 15-20 мл\кг, 10% альбумин, плазма, полиионды ерітінділер.

4. Симптоматикалық ем. (анальгин, димедрол, пипольфен, седуксен)

ИТШ алдын алу үшін глюкокортикостероидтар (преднизалон) 2-3 мг\кг.

Дегидратация мақсатында зәр айдайтын препараттар – лазикс, диакарб, глицерол, триампур.

ИТШ: оксигенотерапия, преднизалон 10-30 мг\кг.



10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 63 мин (35%)

  • Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру

11. Жаңа тақырыпты бекіту – 18 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 3,6 мин (2%)

  • Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау

13. Үйге тапсырма беру – 3,6 мин (2%)

15 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Бөртпе сүзегі. Брилл-Цинссер ауруы.Оба. Туляремия. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

2.Сағат саны: 4 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: трансмиссивті инфекцияларының эпидемиологиялық ерекшеліктерін үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандықтарының қызығушылығын дамыту

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Инфекционные болезни. Учебник для медучилищ. Антонов ТВ. - СПб.,

Специ­алист, 2000.

2. Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Антонов ТВ., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. -М., 2011.-300 с.

3. Инфекционные болезни с сестринским уходом. Муратбекова С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н. - Кокшетау, 2010.

Қосымша (Қ)

1. Атлас инфекционных заболеваний. Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд

Х.А.К. / пер. с англ. под ред. В.В. Малеева, Д.В. Усенко. - М., 2010. - 480 с.

2. Муратбекова С.К., Сергалиева Н.С. «Жұқпалы аурулардағы мейірбикелік

күтім». – Көкшетау, 2009.

3. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»

Рубашкина Л.А. - Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет