Біліктілік: Техник-механик Астана 2013 ж. Мазмұны



бет26/83
Дата07.02.2022
өлшемі315,54 Kb.
#87872
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Байланысты:
17-Өндірістік-механика

Оқыту нәтижелері

Оқушы осы модульді сәтті тәмамдаған соң:

  1. инженерлік жұмыстар үшін қауіпсіз жұмыс үдерісін таңдай және қолдана алады

  2. денсаулық және қауіпсіздік туралы ағымдағы заң ережелерінің табиғаты мен қолданылуын түсіне алады

  3. қауіптілікті бағалау үшін инженерлік қызметті талдай алады

  4. өндірістік ортада өмірге, мүлікке және инженерлік қызметке қауіпті басқара және барынша азайта алады.




  • Модуль мазмұны

  1. Инженерлік жұмыстар үшін қауіпсіз жұмыс үдерісін таңдай және қолдана алу

Қорғаныш киімі және құрал-жабдығы: берілген ортаға арналған қорғаныш киімін таңдау және негіздеу, мәселен, химиялық, термолық қарсыластық және апаттық жағдайларға қарсыластық үшін қорғаныш көзілдірікті, радиоактивті қорғанышты, электрлік оқшаулануды пайдалану
Жұмыстар жүргізуге рұқсат алу: жүйелермен жұмыс жасауға рұқсат алуды бағалау; қауіпсіздік пен денсаулық сақтауға нұсқаулық, ыстық пен салқыннан қорғану; жұмысқа қатысушылар мен объектілерді анықтау жүйелері; таңдалған қолданым үшін оқшаулану талаптары
Оқшаулану: мәселен, стопор, мульти-стопор, мұржаның бітелуі, жойылу, электрлік жойылу, қадалық істктің жойылуы, ажырамалы кілт, оқшаулану қақпағы
Құрал-жабдықты бақылау: шу, шаң, түтін, температура, қозғалыс, радиация сиякты қауіпсіз еңбек шарттарын анықтау үшін құрал-жабдықты бақылауды пайдалану, пайдалану құны мен ыңғайлылығы



  1. Денсаулық пен қауіпсіздік туралы ағымдағы заң ережелерінің табиғаты мен қолданылуын түсіну

Ағымдағы ережелер: Қазақстандағы өзекті және ағымдағы заңдар, мәселен, Денсаулық үшін қауіпті заттарды бақылау, жұмыстағы шу, қысым жүйесі, қолмен өңдеу, жеке қорғаныс құралдары, жұмыс орнында денсаулық сақтауды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
Денсаулық сақтау органдарын тексеру ролі: құзірет аумағы; тексеру құқығы; нұсқаулықтар
Қауіпсіздікті тексеру: жазбаларды тіркеу; зерттеу қауіпсіздігі, кәсіптік дайындық; проформдар; жетекшілік міндеттері, жоспарлау мен жүзеге асыру
Ережелерді жинақтау: кодекстер мен ережелерді қолдану үшін технологияларды пайдалану; сәйкес процессуалды кодекстерді білу, мәселен, денсаулық сақтау органдарын басқару, ықпал етудің кәсіптік стандарттары



  1. Кауіптілікті бағалау үшін инженерлік қызметті талдай алу

Қауіптілік: от, шу, температура, көру аумағы, бу, қозғалмалы бөліктер, жарық, қысым, төмен түсіп келе жатқан денелер, ауадағы қауіпті заттар, радиациялық және химиялық қауіптілік.
Қауіптілікті бағалау: өндіріс матрицасы, мәселен, төменгі қауіптілік, жоғары қауіптілік, Ауырлық жиілігі және деңгейі: пайда болу жиілігін бағалау, мәселен, мүмкіндігі аз, мүмкін,кезеңдік, жиі, тұрақты; ауырлықты бағалау, мәселен, салдарды, жарақат алу деңгейін анықтау, мәселен, аз, әжептәуір, бірнеше әжептәуір, өлім, бірнеше өлім.
Тіркеу: әрбір қауіптілік үшін платформа жасау, жазба жүйесінің түрлері; компания қызметкерлерін оқыту және үйрету; жүйені талдау



  1. Өндірістік ортада өмірге, мүлікке және инженерлік қызметке қауіпті басқара және барынша азайта алады.

Дәлелдер: қауіптілік мүмкіндігін немесе жаңаруын дәлелдейтін дәлелдерді бағалау, статистикалық мәліметтерді пайдалану, мәселен, шаршау диаграммасы, жұмыс сағаты, температура, жарық деңгейі, шу, дұрыс емес әрекеттер, жұмыс әдістері, тәулік уақыты.
Салдарлар: қауіптілік салдарын талдау және бағалау, мәселен, өмірге, мүлікке, қоршаған ортаға қауіптілік, жарақаттар, компанияға әсері, басқа компанияларға әсері; зауытты мәжбүрлеп жабу.
Ақпарат: айналадағылар үшін қауіптлілік туралы мәлімет алу және пайдалану, мәселен, заттарға, зауыт ережелеріне, ережелер жинағына, жұмысты қауіпсіз жүргізуге талаптар; қауіпті факторларды анықтау, мәселен, жоғары қауіптілік аумағы, жаңа қызметкерлер үшін кәсіптік дайындық
Қауіптілікті барынша азайту: қауіптілікті азайту жолдары, мәселен, белгілі қауіптілікті бағалау, күзет, қоршау, скрининг, төтенше жағдайдар кезінде әрекет жоспарын жасау.
Жүзеге асыру: басқарудың тиімді әдістерін анықтау, мәселен, байланыс желісін басқару, жауапкершілік, комитеттер мен кәсіподақтар қауіпсіздігі
Сәйкестік: ережелер мен жетекші ұстанымдарды білу деңгейін анықтау; ағымдағы және сәйкес заңдармен сәйкестік, мәселен, жұмыс орнындағы денсаулық сақтау және қауіпсіздік туралы заңдар, улы қоқыстарды сақтау туралы заң, компаниядағы қауіптілікті бағалау нәтижесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет