Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер


оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдары туралы ұғым



бет16/31
Дата07.02.2022
өлшемі37,81 Kb.
#88810
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер
Саясаттану лекция, Саясаттану лекция
оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдары туралы ұғым. Оқыту «әдістері» мен «тәсілдері» ұғымдары және оқыту әдістерінің жіктелуі. Жалпы алғанда әдіс (метод) — «methodos» деген грек сөзінен шындыққа жету жолы, тәсілі деп аударылады. Оқыту әдісі ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдары байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекеті міндеттерін бейнелейді. Демек, оқыту әдістері — оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен окушылардың біріккен іс-әрекеті жолдары болып табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту «тәсілдері» ұғымы кеңінен қолданылады. Тәсіл — әдіс элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін. Оқыту құралдары. Оқыту құралдары — мұғалімдер мен оқушылар арасында білімдерді меңгеру, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру үшін қолданылатын материалдык немесе идеалдық объектілер. Материалдык күралдарға оқулықтар, оқу құралдары, кестелер, модельдер, макеттер, оку-техникалық қүралдары, оқу-лабораториялық жабдықтар, оқу орны , жиһаз, бұйымдар т.б. жатады. Мектепте кең қолданылатын ТОҚ түрлері: ақпараттық, білімді бақылау, бағдарламалық оқыту, тренажерлар. Ақпараттар беру үшін қолданылатын ТОҚ түрлері: кинопроекторлар, диапроекторлар, эпипроекторлар, графопроекторлар, видеомагнитофон, теледидар т.б. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын техникалық оқыту кұралдарына компьютерлер жатады.
*

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет