Оқытудың Саналылық пен белсенділік принципі окушылардың танымдық белсенділігін байкатып, іс-әрекет субъектісі болу арқылы окыту тиімділігінің артуын көрсетеді. Оқушылар оқыту мақсаттарын сезінеді, өз жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, өзін тексереді, білімге қызығады, мәселе көтеріп, оны шеше алады.Егер:— оқушылардың қызығушылығына сүйене отырып, оку мотивтерін қалыптастырса;— оқушыларды проблемалық ситуацияларды шешуге, проблемалық оқытуға, ғылыми және практикалық проблемаларды іздеуге және шешуге қатыстырса;— дидактикалық ойындар, пікірталас сияқты оқыту эдістері колданылса;— ұжымдық жұмыс формаларын, оқудағы оқушылардың өзара әсерлесуін ынталандырса, онда оқытуда саналылық пен белсенділікке кол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |