Дәстүрлі дидактикалық жүйе. Ол неміс ғалымы И.Ф.Гербарттың (1776-1841) есімімен байланысты. Оқыту мақсаты -оқушының ақыл-ой іскерлігін, түсініктерді, ұғымдарды, теориялық білімін қалыптастыру. Сонымен қатар Гербарт тәрбиелеп оқыту принципін ұсынды. Оқытуды ұйымдастыру, оқу орнындағы тәртіп, моральдық жағынан жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударды.Гербарт оқыту процесін формалдық сатыларға бөлді. Олар: баяндау, түсіну, жинақтау, қолдану. Бұл теория оқыту процесін ретке келтіріп, ұйымдастырады.Мұғалімнің тиімді қызметін, түсіндіруден меңгеруге және қолдануға дейінгі кезеңді жазып берді. Мүнан қазіргі уақыттағы барлық сабақтардың логикасын көруге болады.XX ғасырда ғалымдар бұл жүйені сөздік әдісінің көптігі, оқушыларды ақыл-ой жұмысымен көп айналыстырмағаны, баланың қажеті мен қызығушылығын ескермегені, өктемдігі, үшін сынады. Сондықтан XX ғасырдық басында жаңа оқыту тәсілдері пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |