Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтарды сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси–әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.)Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.)Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.)Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс–әрекетеріне тәуелді.)Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.)Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.)Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |