Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі


Критериалды бағалау құралдары



бет3/3
Дата09.12.2023
өлшемі29,02 Kb.
#196024
1   2   3
Байланысты:
критериалды багалау баяндама - копия

Критериалды бағалау құралдары
1. Мұғалімнің ауызша бағалауы: ол белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуді көтермелеумен байланысты болуы керек. Сөздік бағалауда баланың бүгінгі жетістіктерін, оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет. Келеңсіз бағалау оқушының ықылас-ыждаһатына,  жауапкершілігіне, табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге сөздік бағалау қорын толықтыру қажет, классикалық «жарайсың!», «жақсы», «ақылды-сың» деген пайымдаумен тоқтап қалмау керек.
Бұл ретте білім алушының оқу жетістігіне қарап, эмоционалдық қатынасты, оқушының табыстары бойынша қобалжуы-алаңдауын көрсетуі қажет.
«Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты», «сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын», «Сенің пікірің қызықты» (болжам, жорамал), "Қандай керемет идея, оқулық авторы бұл туралы ойлаған да емес», «Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі жолы барлығын өзің жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер».
Барлығының көзінше мадақтау маңызды: («Балалар, қараңыздаршы, бүгін Арман қалай жұмыс істеді! Онда бәрі де жақсы шықты!». Бұл ретте, басқалардың мұны әлдеқашан істей алатыны маңызды емес).
Мұғалім білім алушылардың іс-әрекеттерін мақұлдау кезінде, келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:
- тіпті болмашы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін, білім алушыны бірден мақтаңыз;
- білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін мақтаңыз;
- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді, сізге оның жетістігі жағымды екенін айтыңыз.
Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды, содан кейін жаңа міндет қоюға болады.
Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта пайымдауды үйренуі керек.
Білім алушы коррекциялық міндетті өзі құрастырғаны жақсы.
Мұғалім сыныптағы барлық білім алушыға  өзара әрекеттестік-тің, конструктивті/сындарлы қарым-қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.
Жазбаша түсініктеме - кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді. Мұғалім оған 2-3 сөйлем қоса алады. 

  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет