Білім алушылардың таңдауы бойынша пән: «Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі нұсқаушысы
Күні: 03.06.20 тапсырма
Құрметті білім алушылар !
Үй тапсырмасын орындаған кезде міндетті түрде аты-жөніңізді, тобыңызды, күні, пәннің атауы жазылуы тиіс, ол жазылмаған жағдайда тапсырмалар қабылданбайды!
Орындалған тапсырманы Канвас, ватсап немесе 4-fs-2@mail.ru почтаға жібереміз
Білім алушыны аты-жөні:
Күні:03.06.20
Тобы: 3-фз-1
Тест тапсырмалары:
1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы идеологиялық және методологиялық негізі
А. Дене тәрбиесі заңдылықтарын нағыз ғылыми түрде танып-білу
В. Адамдардың денсаулықтарын нығайту
С. Отанын қорғауға дайындық
D. Дүниетанымды арттыру
E. Қоршаған ортамен тығыз байланыс
2. Дене тәрбиесінің негізгі ұғымын атаңыз:
А. Дене бағыты
В. Дене қалыптасуы
С. Дене жетілуі
D. Дене созылуы
Е. Дене дамуы
3. Заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы процесінде бейнелейтін ой формасы:
А. Анықтама
В. Ұғым
С. Болжам
D. Түсініктеме
Е. Ұйғырым
4. Денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған тәрбиенің құрамды бөлігі:
А. Дене тәрбиесі
В. Дене машықтығы
С. Дене мәдениеті
D. Спорт
Е. Туризм
5. Адам организмі формалары мен қызметінің индивидуалды өмір барысындағы өзгеру процесі:
А. Дене дамуы
В. Дене жетілу
С. Дене көлемі
D. Дене қалпы
Е. Дене созылуы
6. Антропометриялық көрсеткіштер:
А. Шаштың өсуі
В. Бала тазалығы
С Шынықтыу процедуралары
D. Өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы
Е.Күн ваннасы
7. Дене тәрбиесі туралы теориялық білімнің тасқынды түрде жиналуы дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің қай кезеніне сай келеді?
А. Yшінші кезең
В. Екінші кезең
С. Бірінші кезең
D. Бесінші кезең
Е. Төртінші кезең
8. Денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ өмірін қамтамасыз ету міндеті:
А. Сауықтыру
В. Салауыттылық
С. Білімделік
D. Қозғалыстық
Е. Тәрбиелік
9. Қозғалыс дағдылары мен іскерлікті, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру міндеті:
А. Тәрбиелік міндеттер
В. Білім беру міндеттері
С. Жаттықтыру міндеттері
D. Сауықтыру міндеттері
Е. Сауаттылық міндетері
10. Дене тәрбиесі саласы бойынша ғалымдар арасындағы ең жарқын өкілдердің бірі:
А. П.Ф.Лесгафт
В. К.Д.Ушинский
С. Т.И.Осокина
D. Е.А.Аркин
Е. Ж.Ж.Руссо
11. Дене дамуының тарихи шартты деңгейі және денсаулықтың өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары дәрежелігі
А. Дене дамуы
В. Дене тәрбиесі
С. Дене жаттығуы
D. Дене жетілуі
Е. Дене шынығуы
12. Ғылыми-зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды не анықтайды
А. Ғылымның методологиясы
В. Ғылымның дамуы
С. Ғылымның қалыптасуы
D. Ғылымның әдістері
Е. Ғылымның жетілуі
13. Оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу қалай аталады?
А. Эксперимент
В. Бақылау
С. Әңгімелесу
D. Талдау
Е. Зерттеу
14. Дене жаттығуларын, белгілі бір әрекеттерді орындауға кететін уақыт, сондай-ақ сабақтың жекелеген бөліктері мен толық сабақ ұзақтығын анықтайтын әдіс:
А. Социометрия
В. Математикалық
С. Хронометрлеу
D. Талдау
Е. Бақылау
15. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдынала айтылған ой:
А. Гипотеза
В. Мақсат
С. Міндет
D. Әдіс
Е. Әдістеме
Достарыңызбен бөлісу: |