Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


˂а-ә˃ гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б. сөздерінде туады. Ғалымдар арасында дауыстылардың а-ә



бет24/78
Дата30.09.2023
өлшемі310,56 Kb.
#183114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

˂а-ә˃ гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б. сөздерінде туады.
Ғалымдар арасында дауыстылардың а-ә оппозициясынан гөрі а-е оппозициясы жиі әңгіме болады, яғни ˂ә˃ фонемасының статусына күмән келтіретін көзқарастар бар. Мысалы, Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі а дауыстының жіңішке варианты е фанемасы болады дейді (Жұбанов Қ. 1999: 29). В.В.Радлов ә дыбысын қазақ тіліне тән емес деген (Хусаинов К.Ш., В.В.Радлов. 1984: 74). Алайда қазіргі қазақ тілінде ˂ә˃ дыбысы 516 сөзде инициал позицияда фонемалық мәнде жұмсалады. Ал төмендегі дауыссыздардан басталатын бірінші буында сөз мағынасын ажыратады: б(87) сөзде г(74), ж(56), з(39), и(1), к(78), л(17), м(116), н(64), п(53), р(8), с(118), т(191), у(19), ф(1), ш(48).
Біздің оймызша, жіңішке буыннан кейін келген ˂а˃ фонемасы позициалық түрленімге түсіп, [ә] вариантына айналады. Сонда ІІ буындағы ˂а-ә˃ гиперфонемасы фонология теориясы бойынша ˂а˃ фонемасына сәйкес келеді. Яғни қазіргі қазақ жазуындағы ІІ буындағы ә әрпі ˂а˃ фонемасының позициалық түрленімі (өздік реңк) болып табылады.
Қазақ фонологиясында ˂й˃, ˂у˃ үнді дауыссыздарының гиперфонема құрап жүргені әріпті дыбыс деп қабылдайтын қате түсініктен туады. Қазіргі әліпбиде ˂j˃ фонемасының екі әріпі бар (й,и). мұндағы и әріпі қосар дыбысты таңбалайды. Е.Омаров и әріпінің құрамында ˂ы˃ фонемасы бар екенін былай түсіндірген. Мысалға «біп-бійт деген сөзді бип-бип деп айтамыз ғой» (Омаров Е. 2012:3). Ғалымдарды ˂и˃-дың дауыс үндесіміне бейтарап болғаны таң қалдырған (Исаева Ж. 2003). ˂j˃ фонеманың екі түрлі таңбаға ие болуы орыс графикасының ықпалынан. Өйткені ˂j˃фонемасының орыс жазуында да нақты әрпі жоқ, бір позицияда я,ю,е бір позицияда и әріпімен беріледі.
Қазақ жазуында ˂w˃ фонемасының таңбалануында қайшылық бар: бірінші тау, сау деген сөздерде ˂w˃ дауыссызын береді, екінші су, ту дегенде [ұу],[үу] дыбыс тіркесін береді. сонда ашық езуліктерден кейін келгенде бір дыбысты, қысаң еріндіктерден кейін келгенде қосар дыбысты таңбалайды. Ол ˂ұ˃,˂ү˃,˂у˃ фонемаларының еріндік сипатынан шығады. Және алдыңғы дауыстының жуан-жіңішкелігіне сәйкес [у],[уʾ ретінде оқылады. Кезінде Григорьев Ильминскийге жазған хатында: «й,у әріптерінсіз қосар әріппен жазу мүлде дұрыс емес, орыс ьа қырғыз да Сіздің ай, ей, ій, оу,уу тіркестеріңізді бір дыбыс етіп емес, екі дыбыс қылып оқиды, содан кейін өқазақ тілінің айтылымы бұзылады (Григорьев А.А. 1993: 169) деп, бір әріппен қосар дыбысты таңбалаған жөн деп санаған.
Біздіңше соңғы функциядағы у әрпінен қазақ жазуы қиындық көрген жоқ. Тек жазуды тілдің өзі деп оқытқан үрдіс қазақ тілі фонемаларының санын, дауысты, дауыссыз фонемаларының арасын айыру проблемасын тудырды.
Қазақ жазуынды ˂п-б˃ гиперфонемасының пайда болуы араб жазуынан басталды. Араб жазуында ˂п˃ фонемасы үшін әріп болмады да, оны ˂п˃ жіңішке фонеманы беретін парсы әліпбиін алды. Сөйтіп, п әрпі жазуды ˂п˃ фонемасының функциясында толық жұмсала алмады. Сондықтан бүгінде п/б дыбыстық вариант қатарларында мағыналық айырмашылық жоқ (бәле/пәле, пейіл/бейіл, парапар/барабар, палуын/балуан, пайымдау/байымдау, шүберек/шүперек). Қазақ тілінде сөз аяғындағы ˂б˃ фонемасы болмайды делінеді. Алайда сөз аяғындағы ˂п˃ дыбысы дауыстыдан басталатын жалғау жалғанғанда ˂б˃ дыбысына айналғанымен, сөз мағынасы өзгермейді.
Біздіңше, осы позицияда- сөз аяғында ˂б-п˃ гиперфонемасы бар. Мұнда позициялық түрленім табылған сияқты. Көне түркі тілінде сөз басында айтылмаған ˂б˃ фонемасы бүгінгі қазақ тілінде сөз басында қолданылу жиілігі жағынан үшінші орында (Мырзабеков С. 2003: 59). Ендеше аяққы позицияда да қолданылу мүмкіндігі бар. Кеінде Х.Досмұхамбетұлы сөз аяғындағы б әпрін п әрпімен жазуға наразы болған (Досмұхамбетұлы Х. 1998:16). Студенттердің фонетикалық транскрипция жасаған мәтіндерінде сөз аяғында [б] дыбысы естілетіні көрсетіледі.
Келесі гиперфонема қатарында ˂н-ң˃ жатады. Дыбыстардың дүдәмалдығы әсіресе түбір ішінде кездеседі. Оған 1929ж. емле принциптерінің «Сөздер жеке күйінде естілгенше жазылады. Көне жұрнақ ықпалы мен түбірдегі дыбыстың өзгергені сол күйінде жазылады (күңгей, жоңқа)» (Стенографиялық есеп, 1930) дегені де себеп болды. Қазіргі қазақ емлесінде ң әрпімен шеңгел, қысылтаяң, моңғол, бастаңғы, дүңген, жәрмеңке, әмеңгер, аңқау, ақсау, аңар, қаңғу, қаңқ, маңдай, қаңтар, қаңырау, тең, теңбіл, теңге, теңдеу, теңкею, міңгір, маңыз, маңай, маңғаз, маңқа, лаң, өң, өңгеру, қаңбақ, қаңғалақтау, мұңаю, мұң,саңғу, саңдақ, саңқ, саңылауғ саңырау, оң, оңай, оңаша, оңаза, оңалу, оңбаған, оңғақ, оңғару, оңдалу, оңдау, оңдыру, оңқа, оңқай, оңтай, оңу, шәңгілреу, шәңгіш, шеңбер, шеігел, іңгә, іңкәр, іңір т.б. сөздері жазылады. Мұнда ˂қ˃, ˂ғ˃, ˂г˃ ˂к˃ фонемаларынмен іргелесм айтылған ң/н дыбысының дүдәмалдығы басым. Мұнда позиция түрленімі таңбаланып кеткен деген күмән бар. Ң әрпін қазір оңай, теңеу, лаң, шеңбер, жаңбыр сияқты позициядан табамыз.
Сондай-ақ, қазақ тілінде ы,і қысаң езуліктерлің нөлмен оппозиция құратын тұсы бар. Кез-келген тілде белгілі бір дауыстьы тірек сипат алады, оның дыбыстық реңкі де күшті болады, әрі түсірілу мүмкіндігі де басым. Мысалы, орыс тілінде а,о,е ашық фонемалары редукцияға жиі ұшыраса, қазақ тілінде ы,і,ұ,ү дыбыстары жиі ұшырайды. Орыс тілінде а,о фонемаларының құлаққа шалынымды 7 реңкі, е фонемасының 6 реңкі болса, қазақ тілінде ы,і фонемаларының 4 реңкі бар.
Фонема ұғымының пайда болуы жазу теориясының қалыптасуына әсер етті. Біз қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негідеріг ашу үшін, алдымен жазуды дербес құрылымдық жүйе деп танимыз. Ол құрылымның негізгі деңгейі- графикалық деңгейді түсіндіру үшін графика, орфография, әліпби категорияларын анықтауда ауызша тілді жазба тілге көшіретін фонологиялық сүзекі (тетік) – фонеманы – жазба тілдің шығу нүктесі ретінде пайдаландық. Графема- жазба тілдің ең кіші абстракті бірлігі- ауызша тілдің ең кіші абстракті бірлігі- фонемаға сәйкестендіріліп кодталуына байланысты ауызша тіл жазба тілге, жазба тіл ауызша тілге айнала алады.
5 дәріс тақырыбы: Жазудың негiзгi категориялары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет