Бірге, бөлек жазу проблемасына бірнеше мақалалар арналған.Оның ішінде мынадай ұсыныстарды атауға болады:жаңа сөзді бірден біріктіріп жазу (Ғ.Мұсабаев), біріктіру амалын сөзайналым процесі ретінде қарау,сондықтан, аққұман,ақсаусақ,желөкпе сияқты сөздерді бірге жазу, бір ұғым емес, бір заттың атауы болатын сөздерді бірге жазу, күрделі сапалық сын есімдерді бірге жазу:қараторы,аққұба,біріккен сөзді айтылуы бойыншы жазу ,соңғы сыңары тәуелдік тұлғада тұрған барлық сөздерді бірге жазу(А.Әбдірахманов), айтылуы бірдей мағынасы басқа сөздерді екі түрлі жазу: ұр да жық- ұрдажық т.б. (Ж.Жолаев), "жеке мағынасын сақтап тұрған сөздерді біріктіруне әуес болмау", біріккен сөзді кіріктіріп жазу( С.Жиенбаев.).
Міне, 40-60 жж. аралығында емлеге қатысты жарық көрген мақалалардағы пкірлер сипаты осындай болды.
Бақылау сұрақтары:
1.Кирил-қазақ әліпбиінің алғашқы нұсқасы мен соңғы нұсқасының арасында қандай айырмашылық болды?
2. Алғашқы емле сөздігінде қазір сақталмаған орфограммалар қандай?
3.Әліпби мен емлеге қатысты қандай ұсыныстар болды?
1-тапсырма. 1941 жылғы емле сөздігінен алынған төмендегі орфограммалардың себебін түсіндіріңіз. Алааяқ, алакөлеңке, ахрет, аяқкиім, боссөз, бытраңқы, жалахор, біркүні, жапрақ, жандік, жыйлыс, жыйырма, махлұқ, мұқыят , мағна, тәбиғат, хажет, хата, уйқтау, өкмет, қаблет, хұрмет, хауіп.
2-тапсырма. «Кирил әліпбиінің қазақ тілі фонологиясына әсері» атты эссе жазыңыз.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Өткізу формасы: сұрақ-жауап
Бағалау критерийлері:
Жазудың типтері мен түрлерін ажырата алу;
Адамзат өркениетіне түрткі болған жеті жазу түрін білу.
Достарыңызбен бөлісу: |