Курс саясаты. Академиялық кезеңде«Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы» пәні аралас форматта оқытылады: қашықтықтан(асинхрондық) оқыту – 1 -15 апталарда. Пән бойынша 67,5 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 15 лекция, 30практикалық және 22,5оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімдіжәне ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттіңішкіережелерінесәйкескелуікерек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып,әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100%шамасыменбағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін)болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде дәптерде орындалатын жеке логикалық, кейс стади тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 2 студенттіңөзіндікжұмыстары(бұданәрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-7 апталарында қосымша лекциялық және практикалық сабақтар GoogleClassroomвеб-сервисінде өткізіледі.Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_»тарауында орналасқан.Теориялық немесе практикалық сабақтарды игерубойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп,ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады.ОБӨЖсабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет Zoom платформасындаөткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде«№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілгенуақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа (GoogleClassroom-ға қайталап) жүктеуі қажет.
Пән бойынша барлық практикалық сабактар 8-15 апталар ішінде университеттің оқу корпусында дәстүрлітүрде өткізіледі. Университеттің аумағында сабаққа қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда студент оқытушыға хабар беріп,оқуын Google Classroomбойынша жалғастыруына болады.
1
Пәннің мақсаты мен міндеттері
2
Сағат саны
Лекция - 15сағат
Практикалық сабақтар- 30сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – БӨЖ52,5 сағат) (соның ішінде ОБӨЖ (22,5)
Барлығы – 120сағат
3
Оқыту нәтижесі
Бұл пәнді игергенде сіздің қолыңыздан келетін мүмкіншілік:
-анықтау: Психолог іс-әрекетіндегі ғылыми әдістемесін, мақсатын зерттеу және практикалық әдістерін білу, заңдылықтарын, теориялық принцптерін және психологиялық әдістерін, диагностикалық-психологиялық аспектілерін, отбасылық кеңес беру, психотүзету, психопрофилактиканы өз іс-әркетінде қолдануды анықтау.
-таңдау: Өз іс-әркетін болжам жасай білу,отбасылық қарым қатынас психологиялық зерттеу процедурасы мен ғылыми психологиялық зерттеулерде психологиялық интерпритацияны сауатты қолдана білу, эксперименттік зерттеу схемаларын жасау және іске асыра білу, тәжірибеде түрлі қосымша психикалық әдістерді қолдана білу,
-белгілеу: Психологияны оқытудың әдістеріне жалпы сипаттамаcын білуге, психологияны оқыту пәнінің мақсаты мен міндеттерін белгілеу