1. Ауызекі сөйлеу тілі қалған үш формадан мынадай ерекшеліктерге ие:
1. Тілдің жүзеге асу формасы бойынша – ауызша.2. Тілдің қарым-қатынас актісінің жағдайы бойынша – жеке. 3. Тілдік қарым-қатынасқа субъектінің қатыстылық актісі бойынша –дайындықсыз.4. Тілдік қарым-қатынасқа түсушілерді қаншалықты қамтығандығы бойынша-шектеусіз.5. Тілдік құрылымның (форманың) таралу мүмкіндігі бойынша - шектеусіз. 6. Сөйлеу нормасының сипаты бойынша - вариантты. 7. Сөйлеудің қалыпты нормасы бойынша - жүйеленбеген.
2. Ауызша əдеби тіл өзге формалардан төмендегіше ажыратылады:1. Тілдің жүзеге асу формасы бойынша - ауызша.2. Тілдің қарым-қатынас актісінің жағдайы бойынша - жеке кейде көпшілік болуы да мүмкін. 3. Тілдің қарым-қатынасқа субъектінің қатыстылық актісі бойынша –дайындықсызкейде алдын ала дайындықты да болуы мүмкін. 4. Тілдік қарым-қатынасқа түсушілерді қаншалықты қамтығандығы бойынша -шектеусіз.5. Тілдік құрылымның (форманың) таралу мүмкіндігі бойынша - шектеулі. 6. Сөлеу нормасының сипаты бойынша - вариантты болуы мүмкін. 7. Сөйлеудің қалыпты нормасы бойынша – жүйеленбеген болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |