Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Магистранттардың білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Магистранттардың білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Дәріс сабақтарына әдістемелік нұсқау: Дәріс беруші дәрісті бағдарламаға сәйкес тақырыпта оқиды. Содан соң осы дәріс барысында пайдаланған әдебиеттер тізімін студенттерге міндетті түрде беру керек. Сабақтың аяқталуына 5 минут уақыт қалғанда, студенттер сол дәріс бойынша өз сұрақтарын қойып, тиісті жауап алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |