Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы


Лекция 29. Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау



бет47/73
Дата17.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191761
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Лекция 29. Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау.

1.1.«Тұтас педагогикалық үдеріс диагностикасы», «педагогикалық диагностика» ұғымдарының мәні. Диагностиканың негізі – тұтас педагогикалық үдеріс, оның әр түрлі кезеңдердегі қолданылуы жайлы ақпараттар.

1.2.Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы: үлгерім сапасы, функционалды сауаттылық, интеллектуалдық даму деңгейі, оқушылардың тәрбиелік деңгейі, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі, оқушылардың әлеуметтену белсенділігінің деңгейі.

1.3. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының (білім беру стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық) ролі және олардың сипаттамасы.
Білім беру жүйесі оқу бағдарламасы мен мемлекеттік стандарт негізінде айқындалып, оны оқу орындары жүзеге асырып, тиісті мекемелер арқылы басқарылады. Білім берудің сипатын мемлекеттің әлеуметтік экономикасы, саяси құрылысы, тарихи-мәдени жағдайы мен ұлттық ерекшеліктері айқындайды.
Білім беру саласындағы қоғамның талабы мемлекеттің білім беру саясатындағы принциптер негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ата заңы - конституциясы бойынша Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын орнатты:
  1. Қазақстан Республикасы азаматтары білім алуға тең құқылы.


  2. Әбір азамат үшін интеллектуалдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің саласының қол жетерлік болуы.


  3. Білімнің зайырлығы.


  4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.


  5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.


  6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әр түрлі болуы.


  7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.


  8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.


  9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.


  10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.


  11. Білім беру саласының информатикаландырылуы.


Бұл принциптер білім беру саясатын айқындайтын басты да негізгі бағдар болып табылады, демек, елімздегі оқу орындарының мән-мазмұндық бағдарын сипаттайтын қағидалық таным.


Қазақстан Республикасында білім беруді ұйымдастыру жүйесі Білім жөніндегі заңын басшылыққа алып, онын меншігіне, типіне, түріне карамастан оқу бағдарламалары мемлекеттік білім беру стандарты, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың негізінде құрылады. Ұйымдастыруда басшылыққа алынатын міндет жеке тұлғаныңбілім алуы, дамуы, кәсіби қалыптасуы, ұлттық және азаматт құндылықтарды қабылдап, ғылыми-техникалық жетістіктерінің негіздерін игеруді қалыптастырып, қажет жағдайда оларды жасай алуы көзделеді.
Білім беру мекемелерінің типтік жүйесінін жалпы сипаты:
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі;
Жалпы білім беретін орта оқу орындары:
бастауыш мектеп;
орта оқу орындары: лицей, гимназия, жалпы орта мектеп, кәсіптік орта мектеп; колледж т.б.
• Жоғары мектептер: университет, академия, институт, консерватория.
Қазіргі кезеңдегі білімнің мазмұнын айқындауға қойылатын басты бағдарлардың бірі - мемлекеттік стандарт, былайша айтқанда, мемлекеттік жұйедегі бірыңғай норма мен талапты жүзеге асыру міндетін шешу. Кеңестік кезеңдегі орта мектептер біртекті, бірыңғай жүйеде болды да, жоғарыдан жасалған оқу жоспары мен пән бағдарламалары негізінде оқылатын. Онда аймақтық жергілікті ерекшеліктер мен оқушыньщ тұлғалық өзгешеліктеріне мән берілмей эмпирикалық жүйе жүзеге асырылатын. ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достастығы) құрамында болған елдер 1996 жылдан бастап «Білім беру туралы» заң жобаларын қабылдап, онда мемлекеттік стандарт мәселесін жүзеге асыру міндеттері белгіленді. Осы орайдан Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекет стандартында басшылыққа алынатын үш денгей көрсетілген:
  1. Тұлғаға берілетін білімнің әлемдік мәдениеттің қол жеткен табыстарына үйлесімділік (интеграциялық) мәнде болуы;


  2. Білім мазмұнының аймақтық, ұлттық танымға сәйкестігі және білімдендіруде елдің тілі мен әдебиеті, тарихы, жағрафиясы, өнері, дәстүрлік салты ескерілетіндігі т.б.


Берілетін білімді жүзеге асыратын оқу орнының ерекшеліктеріне сай тұлғаның мемлекет алдында, ал мемлекеттің тұлға алдында жауапкершілігі қатаң сақталып, білімнін терең де тиянақты болуы және оқу жүктемесінің нормалық талап деңгейіне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету көрсетілген.


Білім бағдарламасы. Білім бағдарламасы дегеніміз берілетін білімнің деңгейі мен мазмұндық бағдарын айқындайтын білімдік жүйе. Мұнда ұстанатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімнің құрылымына кіретін мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, жалпы орта білім мен кәсіби орта білім.
Бастауыш мектепте білімдендірудің міндеті - оқушыны кітап оқи білуге, жаза білуге, есептей алуға және білім ала білу жолдарына үйрету, ал орталау мектеп болса ғылымның негізгі салалары бойынша білімдік түсінік қалыптастыру болып табылады. Ал толық орта дәрежелі мектепте болса, ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруі мен олардың бойына жеке бастың және этникалық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен кәсіби бағдарға бейімдеу болып табылады. Бұл салада әрбір пәннің мазмұндық жүйесі базалық негізгі білім беру деңгейімен қиысады да тиісті ұғым-танымдық шеңберде аяқталып отырады. Оқу пәндерін таңдауы бойынша зерделеу үшін оқу жоспарынын вариативтік бөлігі кеңейтіледі. Бейімдеу алдындағы даярлық жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің үшінші сатысы жаңа көзқарасқа құрылған. Мұнда оқытудың мазмұнын саралау, ынталандыру, кәсібилендіру және тұлғаның өз бетінше білімін кеңейтіп, тереңдету көзделген. Сндай-ақ оқушының әлем, қоғам және адам туралы жүйелі түсінікті меңгеруіне зейін қойылған.
Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламасы жеке тұлғаның және жеке әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қоғам мен еңбек рыногы талабына қызмет ете алатындай жоғары білікті жұмысшы кадрлары мен мамандыққа деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады.
Ал орта білімнен кейін, жоғары білім болып саналмайтын кәсіби білім ЮНЕСКО-ның ұсынысына сәйкес білікті маман даярлау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Жалпы орта білімнің мазмұны. Білімнің мазмұнын айқындауда оқулық, оқу құралы және әдістемелік әдебиеттермен қатар түрлі құжаттардың ішінде оқу жоспарының атқаратын қызметі ерекше. Орта оқу орындарына арналған оқу жоспарында - оқылута тиісті жеке пәндердің және оның қай жылы, қандай көлемде, неше сағат оқылатындығына орай апталық сағат көлемі белгіленеді. Мемлекеттік ресми мекемелер оқу орындарының аймақтық ерекшеліктеріне және оқытудың бағдарына байланысты оқу жоспарының түрлі варианттарын жасайды. Кеңестік жүйе ыдырап Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі «Білім туралы» заңына сәйкес оқу жоспарының негізгі және типтік түрлері жасалды.
Оқулық. Оқушы меңгеруге тиісті ғылым негізін білгізетін құрал - оқулық. Онда тиісті ғылымның мазмұны туралы жүйелі де жан-жақты ақпараттық мағлұмат беріледі. Оқулық тек ақпараттық мағлұмат берумен ғана тынбайды, оқу құралы болғандықтан мұнда тиісті деңгейде мәтін, сурет те, кестелік сызбалар да, фотографиялық көріністер де келтіріледі.
Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама.
Қазақстандағы жаңа типті мектеп түрлері: 1) жалпы білім беретін мектеп; 2)гимназия; 3)лицей; 4)шағын жинақталған мектеп.
- жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге асырады; жалпы білім беретін мектеп, шағын мектеп болуы мүмкін, яғни оқушылар санының аздығына сәйкес, қосылған сыныптар жұмыс істейді;
- гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;
- лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырады, бастауыш және орта кәсіптік оқыту.
- шағын жинақталған мектеп сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп. Шағын жинақталған мектептің ерекшелігі мұғалімнің қызметіндегі көп пәнділік, мектеп басшыларының әкімшілік міндттерді қоса атқаруы болып табылады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті –бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар.
Мұндай жаңа типті мектептердегі, мектеп кеңесінің шешімімен жаңа перспективалық бағыттар жөнінде мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметі енгізілуде. Мысалы, сондай жаңа қызметтің бірі-мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушыларымен, ғылыми орталықтармен байланыс орнатып, оларды мектептегі педагогикалық жұмысқа тартады, мұғалімдердің тәжірибе-эксперименттік жұмыстарына көмектеседі.
Жаңа типті мектептердегі оқу-тәрбие беру жүйесінің қызметін ұйымдастыруда әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Оқыту процесіндегі субьектілердің (білім беру жүйесінің қызметкерлері, оқушылар мен тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары) әлеуметтік кепілдері мен олардың құқықтары, міндеттері ескерілген.
Білім беру мекемелерінде педагогикалық қызметпен айналысуға, тек соған сәйкес білімі бар азаматтар ғана құқылы. Олар кәсіби қызметін жүргізуге жағдай жасауды талап етуге, білім берудің мемлекеттік стандарттарын сақтай отырып, педагогикалық қызметтерінің әдістері мен түрлерін еркін таңдауға, ғылыми зерттеулердің бағыты мен олардың нәтижесін педагогикалық тәрбиеде қолдауға құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет