Эукариот жасуша құрамбөліктерінің негізгі қызметі: - Рибосомалар – нәруыздарды синтездейді;
- Жасуша орталығы – микротүтікшелерден тұратын және хромосомаларды жас жасушаларға бөлетін бөліну ұршығын түзеді;
- Эндоплазмалық тор – жасуша ішінде заттарды тасымалдайды, нәруыздарды, майлар мен көмірсуларды синтездейді;
- Гольджи кешені – липидтер мен көмірсуларды синтездейді;
- Лизосомалар – асқорыту вакуольдері;
- Митохондриялар– энергия көзі;
- Пластидтер – хлоропласттар, хромопласттар, лейкопласттар;
- Ядро – көптеген жасушалардың міндетті бөлігі.
Эукариоттар– ядросы толық қалыптасқан ағзалар. Прокариоттар – ядросы қалыптаспаған немесе ядросы жоқ ағзалар.
Эукариот жасушаның негізгі үш құрамбөлігі: - Жасуша қабықшасы;
- Цитоплазма;
- Ядро.
Эукариоттық клеткалар — 1 клеткалы өсiмдiктерден және қарапайымнан бастап (инфузориялар, талшықтылар және т.б.) көпклеткалы саңырауқұлақтар, жануарларға және өсiмдiктерге дейiнгi организмдер-күрделiлiгi мен құрылымының әртүрлiлiгiмен ерекшеленедi. Арнайы ерекшелiктерi бар мыңдаған клеткалар түрiнен құрылымның ортақ белгiлерiн айтуға болады. Әрбiр клетка 2 негiзгi, айрылмайтын бөлiктер – цитоплазма мен ядродан тұрады.
Организмдер – Клетканың тұрақты, тiршiлiкке қажеттi құрамдас бөлiгi. Цитоплазмада органоидтардан өзгеше клеткалық тiршiлiк процесiне орай пайда болып, жойылатын тұрақсыз құрылымдары да бар. Олар тығыз құрылым – гранула немесе сұйықтары – вакуоль деп аталады.
Жасушаұйымдастығыныңқұрылымдықпринципі. Жасушалық циклдің басты стадиялары: интерфаза, кариокинез, цитокенез.
Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының ұқсастығы және айырмашылықтары. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылысы
Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылысының ерекшеліктері
Барлық тірі организмдер тек микроскоппен ғана көруге болатын ұсақ бөлшектерден тұрады. Бұл бөлшектерді кейіннен жасуша деп атаған. Алғаш «жасуша» атауын 1665 жылы Роберт Гук қолданған және сол уақыттан бері бұл атау ғылымда бекітілді.
Барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады. Олардың мөлшері, пішіні әртүрлі, қызметтері де түрліше болады. Дегенмен түрлі организмдер жасушаларының құрылысы мен химиялық құрамында ұқсастықтардың да бар екені анықталған. Кез келген жасуша — тұтас тірі жүйе, ол өзара байланысқан үш бөліктен: қабықшадан, цитоплазмадан және ядродан тұрады.