1. Белгілеу тілі туралы түсінік Гипермәтін және гипермедиа. Компьютер немесе басқа да электронды құрылғыларда оқылатын мəтіндер гипермәтін деп аталады. Гипермәтінді оқу барысында оқырман тінтуір (mouse) немесе батырма (клавиш) басу арқылы жедел түрде мәтіндерді ауыстыра алады. Оның қарапайым мәтіннен айырмашылығы – гипермәтінде кесте, сурет және басқа да элементтер болады. Гипермәтіндер интернет құрылымының негізін құраушы болып есептеледі. Себебі бұндай форматты интернетте пайдалану оңай əрі ыңғайлы.
Гипермəтін сөзіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде», «жоғарыда» деп аударылып, ағылшын тіліндегі “super” cөзінің мағынасына сәйкес келеді.