2. HTML тілі HTML ортасымен танысу Гипермәтінді белгілеу тілі (HyperText Markup Language - HTML) – веб браузерде веб-беттерді жəне басқа да ақпараттарды шығару үшін қолданылатын ең басты белгілеу тілі болып есептеледі.
Алғашқы HTML (Hyper Text Maker Language) нұсқасын 1989 жылы Тим Бенерс-Ли Mosaic браузері үшін жасады. Бірақ ол уақытта браузер де, тіл де кең қолданысқа ие бола алмады. 1993 жылда HTML+ нұсқасы пайда болды. Бірақ ол да практикада жүзінде қолданысқа ие бола алмады. Гипермәтіннің кең қолданысқа енуіне 2.0 нұсқасы тиімді болды, ол 1994 жылы ұсынылған. Бұл жыл WWW дүниеге кең тараған жыл еді. 2.0нұсқасындағы элементтер әлі күнге дейін өз сенімділігін жойған жоқ. Бір жылдан кейін пайда болған HTML 3.0 нұсқасында тілдің элементтері көмегімен математикалық символдардың (интервал, шексіздік, бөлшек, жақша және т.б. белгілер) жазылуы енгізілді. Осы нұсқаға лайықтап Arena браузері ойлап табылды, бірақ бұл жоба одан әрі дамымады. 1996 жылда HTML 3.2 нұсқасын құрастыру барысында тілге фреймдерді енгізгеннен кейін ол Web-беттерін жасаушыларды кеңінен таралды. Қазіргі кезде браузерлердің көбісі 3.2 нұсқасымен жұмыс істейді. Ресми түрде HTML 4.0 1997 жылы пайда болды деп жарияланды. Сол кезде жетістікке ие болған браузерлерде (Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator) қолданып дами бастады. HTML-дың маңызды ерекшелігі - құжатты Web-браузердің әр түрлі типтерінде және әр түрлі платформаларда көрсетілуі мүмкін [9].