Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


-дәріс. Тірі табиғаттағы үрдістер тақырыбын оқыту ерекшеліктері



бет42/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

9-дәріс. Тірі табиғаттағы үрдістер тақырыбын оқыту ерекшеліктері
9.1 Жасушаның құрылысы және оны зерттеу әдістері
Тірі табиғаттағы үрдістер» бөлімін өту барысында бұрын меңгерген білімдерінің негізінде талдау, жинақтау бағалау деңгейіндегі тапсырмалар беріліп тір табиғатта жүретін көбею, қоректену бөліп шығару үрдістерін һз беттерімен жұптасып, шағын топта талдайды. Көрнекі құралдарды пайдаланып жасушаның негіщзгі құрамдас бөліктерінің қызметтерін сипаттайды.
Білімалушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруда микраскоррен жұмыс істеп пиаздың мқлдір қабатынан жасушаның құрылысын көрудсетудің маңызы зор.
Жасушаның негізгі құрамдас бөліктерінің атқаратын қызметтерін түсіндіреді, тамақтану рациондарын құрастырады. Жануарлар мен өсімдіктерде қоректік заттардың ағзада таралуын қортылуын зерттеп үлгілейді. Оқу мақсаттарына сәйкес қалыптастырушы және жинақтап бағалау тапсырмаларын қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерінде құрастырылып, оқыту мақсаттарына сәйкес келетін бағалау өлшемдері мен дескрипторларын жасау керек.
Жасуша құрылымының компоненттері. Жасушаны ары қарай жетілдірілген микроскоп арқылы зерттеу барысында көптеген тірі жасушаның үш бөліктен тұратындығы анықталды: ядро, цитоплазма және жасуша қабықшасы.
Ядро. Жасушаның ең маңызды құрылымы, генетикалық ақпаратты сақтаушы. Көптеген жасушаларда бір ядро болады, алайда арасында екі немесе бірнеше ядролары бары да кездеседі.
Цитоплазма. Негізгі қызметі жасуша ішілік органоидтар- ды біріктіру және әрекеттесуін қамтамасыз ету. Органоидтар – жасушаның тіршілік етуінде маңызды рөл атқаратын тұрақты компоненттер
9.2 Ағзалардың көбеюі және өсуі
Ағзалардың көбеюі. Табиғатқа бақылау жасай жүріп, өсімдіктер тұқымнан өсетінін, балапан жұмыртқаны жарып шығатынын, біз анамыздан туатынымызды білеміз. Бірақ бәрі бір жасушадан басталатындығын, барлығымыз бірдей біле бермейміз. Біз туғанша не болды? Неге біз өсеміз және біртіндеп салмақ қосамыз? Бұл сұрақтардың жауабын тірі ағзалардың көбею және өсу үдерісін оқып-үйренген кезде білетін боламыз.
Тірі ағзалардың өзіне ұқсас тіршілік иелерін пайда етуін көбею дейміз. Барлық тірі ағзалар бактериядан бастап сүтқоректілерге дейін көбеюге қабілетті. Ағзалар екі түрлі жолмен көбейеді: жыныс ты және жыныссыз жолмен көбейеді. Бірінші жағдайда көбею үшін аталық пен аналық иесі қажет, екінші жағдайда осылардың біреуі жеткілікті.
Жыныссыз көбею. Табиғатта жыныс жасушаларының қатысуынсызда, көбеюдің бірнеше жолы бар. Оған вегетативті көбею жатады: бүршіктену, фрагментация, бөліну, клондау Жыныссыз көбею кезінде аталық немесе аналық ағзаның біреуінің жасушасы екіге бөлініп, жаңа ағза пайда болады. Сол себепті бұл ағзалар бір-біріне ұқсас және айырмашылығы мүлдем болмайды.
Жыныссыз көбеюдің ең қарапайым түрі – бөліну (84-сурет). Бұл – амеба, кебізше, жасыл эвглена сияқты қарапайымдыларға тән құбылыс .
Жынысты көбею. Жынысты жолмен көбеюге аталығы да, аналығы да қатынасады. Жаңа ағзаның пайда болуына көбінесе ерекше жасуша (гамета – жынысжасушасы) әсер етеді. Олар аталық және аналық жасуша болады. Осылардың әрекеттесу нәтижесінде ұрықтанып зигота (ұрықтанған жасуша) пайда болады. Зигота бірнеше рет бөлінеді. Нәтижесінде көпжасушалы өсімдіктің, жануардың, адамның ұрығы пайда бола- ды. Ұрық біртіндеп үлкейіп, өзінің иесіне ұқсай бастайды. Жануар- лар ұрықтарының дамуының ұзақтығы әртүрлі (85-сурет). Мыса- лы, біздің дүниеге келуіміз үшін 9 ай уақыт кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет