Өрттен және заңсыз кесілгеннен кейін, СолтүстікҚазақстан жәнеЕртісөзеніаңғарыныңқарағайлыорманықалайқалпына келуде? Өрттен немесе ағаш жаппай кесілгеннен кейін, орманның өз-өзін қалпына келтіруі ұзақ уақытты қажет етеді. Алғашында күнсүйгіш шөптесін өсімдіктер пайда болады. Оның артынша күнсүйгіш ағаштар өсе бастайды. Осыдан кейін барып қарағайлар шыға бастайды. Бұрынғы қалпына келуі үшін шамамен 150–200 жыл уақыт керек.
Экожүйеніңсолтүстіктеноңтүстіккеауысымы. Температура, жауын-шашын, ылғалдану, топырақ және басқа факторлардың өз- геруінен өсімдіктер бірлестігі пайда болып, нақты табиғат зонасын қалыптастырады.
Еуразия материгінде солтүстіктен оңтүстікке қарай тундра және орманды тундра, қылқан жапырақты тайга, аралас орман және жалпақ жапырақты орман; ылғалдың жетіспеуінен оңтүс- тікке қарай дала, шөлейт және шөл зонасының өсімдік бірлестігі қалыптасады. Қолайлы климат зоналарында суб- тропикалық және тропиктік өсімдік бірлестігі пайда болады.
12.3 Жануарларсистематикасы Биогеография – ағзалар мен бірлестіктердің Планетамыздың жас кезіндегі ежелгі теңіздерінде алғашқы балдырлар пайда болды. Алайда шексіз жатқан құрлықта тіршілік болмады. Миллиондаған жыл өткен соң өсімдіктер біртіндеп құрлыққа бейімделе бастады. Құрлыққа алғашқы болып қоныстанғандар мүктер мен саңырауқұлақтар. Уақыт өте папоротниктер пайда болды. Палеозой эрасында папоротниктерден жалаңаш тұқымды саговниктер (қазіргі ағаш өсімдіктерінің арғы тегі) кеңінен та- рай бастады. Арада миллиондаған жыл өткеннен кейін қылқан жапырақты ормандар, шырша және қарағайлар өсе бастады. Олардың артынан гүлді өсімдіктер пайда болды. Осы күнге дейінгі аралықта, өсімдіктер дүниесі әртүрлі күрделі түрленуден өтіп, қазіргі алуан түрлі флораны қалыптастырды.
Өсімдіктердің түрін анықтағанда, оның ботаникалық ерек- шелігін қалай сипаттайды.Барлық өсімдіктердің өзіне тән ерек- шелігі болады (биіктігі, жапырағының құрылымы, тамырының түрі, пішіні және гүлденуі, жемісінің құрылысы және т.б.). Осы ерекшеліктеріне қарай отырып өсімдіктің түрін, оның қандай топқа жататындығын анықтайды.
Мысал ретінде жантаққа сипаттама береміз. Жантақ – тікенекті жартылай бұта, арасында сирек де болса шөптесін түрлері кездесіп қалады. Тамыры өте тереңге жетеді. Биіктігі 1 метрге жуық. Сабақтары қатты бұтақтанып, төменгі жағы ағаштанып кетеді. Жапырағы сопақша немесе жұмырлау. Бұтақтарынан түрі өзгерген өскіндері – тікенектер шығып тұрады. Кейбір жантақтардың тіке- нектерінде 3–8 қызғылт немесе қызыл гүлдері болады
Бұршақтың жемісі – біртұтас ұзындау және ағаш сияқты қатты, біршама қисықтау. Дәні бүйрекке ұқсайды. Мамырдан бас- тап күздің аяғына дейін гүлдеп тұрады. Жемісі шілдеден бастап пісе бастайды.
Қазіргі кезде өсімдіктердің 350 мыңнан астам түрі ғылымға белгілі. Әлі де ғалымдар ғылымға белгісіз жаңа түрлерін табуда. Қазақстанда жоғары сатылы өсімдіктердің 6000-нан астам түрі бар. Осыншама өсімдіктерді оқып, зерттеу үшін оларды әртүрлі топтарға бөледі. Топтастырумен систематика ғылымы айналы- сады. Систематик-ғалымдар оларды зерттейді, сипаттайды және айырмашылығы мен ұқсастығын анықтап, өсімдіктерге жеке атау береді.