(БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН) Аудиториялық жұмысты бағалау критерийлері
90-100
Оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша жүйелі, толық, жоғары білім деңгейін көрсету;
Оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата білу, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыру;
Семантика мен синтагма саласындағы әр түрлі көзқарастар мен тұжырымдамаларға қатысты өзіндік пікірін айта білу;
Ғылыми термин сөздерді нақты қолдану, стилистикалық сауатты, логикалық дұрыс, дәл жауап беру;
Анықтама, ұғымдарды түсініп, теориялық мәселелерді мысалдармен дәлелдей білу;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді толық әрі терең меңгеру;
Оқытушы мен басқа магистранттардың сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
70-89
Оқу бағдарламасы шеңберінде қойылған барлық мәселелер бойынша жақсы білім деңгейін көрсету;
Ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алу;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді меңгеру;
Пән бойынша берілген қосымша жұмыс түрлерін дер кезінде орындап, тапсыру;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға жүйелі қатысу, тапсырманы жақсы деңгейде орындау;
Сабақ барысында магистрант дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, магистранттың жалпылама ғылыми еңбектерге шолу пікірі нақты айтылмайды.
50-69
Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташа білім деңгейін көрсету;